Жаңа энергетика инвестициямен игеріледі

Әлем экономикасы әлі де болса тұрақтылыққа табан тірей алмай тұр. Соның салдарынан бірқатар елдерде тікелей шетел инвестициялары ағымының бәсеңдеу үрдісі байқалады. Тіпті, инвестициялар үшін үлкен бәсекелестік жүруде. Ал бұл ретте инвесторлар алдымен инвестицияға ең икемді елді таңдайтыны белгілі. Қазақстан Президенті бұл мәселеге аса мән беріп, үнемі бақылауда ұстайды. Сондықтан да болар, еліміз инвестициялық ахуалды жақсарту үшін белсенді жұмыс жүргізіп, инвестициялардың қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етуде. Соның нәтижесінде бүгінде Қазақстан инвестицияға икемді ел атанып жүр. Ал еліміздің инвестиция саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі тетігі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін шетел инвесторлары кеңесі болып отыр.
Егемен Қазақстан
23.06.2017 2194
2

Шетел инвесторлары кеңесі 1998 жылы Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторлардың Қазақстандағы инвестициялық қызметіне қатысты туындаған өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін Қазақстан Үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында тікелей диалогты қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын. Шетел инвесторлары кеңесі құрамына 35 ірі трансұлттық шетелдік компания мен халықаралық ұйым басшылары кіреді. 
Кеңес жұмысының негізінде еліміздің инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау, инвестициялық ахуалды жақсарту, инвестициялар туралы нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, сондай-ақ, экономиканы әлемдік экономикалық процестерге интеграциялау, шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері шешімін табуда. 
Инвестициялық климатты жақсарту бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингінде 35-орынға ие болды. Соңғы 12 жылда Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция 243 млрд АҚШ долларын құраған. 2016 жылы 20,6 млрд АҚШ доллары тартылыпты, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 40 пай­ыз­ға көп.
Инвесторлар кеңесінің отырысы биыл отызыншы мәрте өтті. Шетел инвесторлары кеңесі құрылғалы пленарлық отырыс­тарда шетел инвесторлары үшін елдегі құқықтық режімді жақсарту, Қазақстанның сот жүйесін жетілдіру, шетел жұмыс күшін тарту және салық жүйесін оңтайландыру, Қазақстанның инвестициялық имиджін жақсарту сияқты тағы бірқатар мәселелер талқыланды.
Биылғы жиынға 300-ден астам қазақстандық және шетелдік қатысушы, оның ішінде шетел тарапынан Кеңестің 30 мүшесі мен 2 бақылаушысы, яғни, халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компания басшылары, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Кеңес жаңа құраммен толықты
Отызыншы отырыс елімізде өтіп жат­қан «Астана ЭКСПО-2017» халық­ара­лық көрмесімен дөп келіп отыр. Сон­дықтан оның тақырыбы да ЭКСПО-мен үн­дес­тіріліп «Жаңа энергетика» деп атал­ды.
Кеңес отырысын Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі ашып, жүргізіп отырды. 
«Биыл кеңестің құрылғанына 19 жыл толып отыр. Осы уақытқа дейін біздің кездесуіміз жақсы дәстүрге айналды. Біз біраз жұмысты бірге атқардық. Сіздер Қазақстан экономикасының қалыптасуына және біз жүргізіп жатқан реформаларды жүзеге асыруға үлкен көмек көрсеттіңіздер. 
Біздің кездесулеріміз өте өзекті та­қырыптар: экономиканы дамытудың мә­се­лелері талқыланатын алаңға айналды. Кеңеске елімізде жұмыс істейтін ірі шет­елдік компаниялардың мүшелері кіре­ді. Жыл өткен сайын олардың қатары жаңа­рып отыр», деді Елбасы. Мемлекет басшысы одан әрі шетел инвесторлар кеңесінің жаңа мүшелерімен таныстырды. Елбасының айтуынша, Қазақстан тарапынан да кеңеске жаңа мүшелер кірген.
«Негізгі тақырыптарды талқыламас бұрын мен сіздерге кеңестің жаңа мүше­лерін таныстырғым келеді. Ол Азиялық даму банкінің вице-призиденті Дивакара Гуп­та, «Моребэни корпарейшин» компа­ниясының Еуропа, Африка және ТМД мемлекеттері бойынша аға жергілікті атқарушы офицер Наоя Ивашита. Олар зейнетке шыққан әріптестерін алмастырды. Сондай-ақ, кадрлық өзгерістерге байланысты Қазақстан тарапынан да кеңеске жаңа мүшелер кірді», деді Н.Назарбаев. Сон­дай-ақ, жиынға қатысып жатқан аза­маттарға алғыс айтып, кеңес отырысы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ау­мағында өтіп жатқанын еске салып өтті. Бұл ретте көрменің Қазақстан үшін маңыз­дылығын тағы да тілге тиек етті.
«Алғашқы кірпішін 2014 жылы қалаған едім және 3,5 жыл ішінде қомақты қаражат игеріліп, өздеріңіз көріп отырған бірегей кешен салынды. Оның ашылуына 17 президент және бірнеше үкімет басшысы қатысты. Көрме уақытында басқа да мемлекет басшылары келетін болады. ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуі бүгінгі отырыстың «Жаңа энергетика» атты тақырыбын айқындап отыр. Біздің еліміз үшін энергетикалық сектордың маңызы зор. Орасан зор ресурстардың болуына қарамастан, Қазақстан Жаңартылған энергетика көздерін белсенді дамытуға ниетті. Осыған орай, «жасыл» экономикаға көшу» тұжырымдамасы іске асырылуда. Біз халықаралық «жасыл» технология­лар орталығын құру бойынша бастама жа­са­дық, ол көрме жұмысы аяқталғаннан кейін де жұмыс істейтін болады. Біз барлық мүм­кіндіктерімізді, жаңа энергетика резерв­терін пайдалануымыз керек», деді Н.Назарбаев.

Инвестицияға икемді ел
Кеңес отырысында инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша Қазақстан қол­ға алынған жұмыстар жөнінде Инвес­ти­циялар және даму министрі Жеңіс Қасым­бек жан-жақты баяндады.
«ЭЫДҰ сарапшыларымен бірлесіп инвестициялық климатты жақсарту жұ­мыстары жүргізілуде. Соңғы 5 жылда заң­на­мамызды ЭЫДҰ стандарттарына сәй­кес айтарлықтай өзгертіп, көші-қон жүйесін, шетелдік жұмыс күшін тарту тәр­тібін, құрылыс жүргізу мен жер телім­дерін ресімдеуге рұқсат қағаздарын алуды жеңілдеттік, сонымен қатар, 61 мемлекет үшін визасыз жүйе ашық», деді Ж.Қасымбек.
«Бүгінде Қазақстан үшін басты серік­тестер ретінде Қытай, Ресей, Еуродақ, АҚШ, Түркия мен Араб елдерінің инвесторы болып табылады. Және де осы мемлекеттердің әрқайсысында ірі мақсатты инвесторлар анықталған. Әр мемлекет бойынша инвестормен жұмыс істейтін жос­пар бар», деді министр. Дерекке сүйенсек, бүгінде жалпы сомасы шамамен 50 млрд доллар болатын жүзеге асырылып жатқан және қарастырылу барысындағы 147 жобаның тізімі жасақталған. 
«Бұл − Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың 25 шет мемлекетке сапары­ның аясында қол жеткізілген уағдалас­тық­тың нәтижесі. Бүгінде 39 жоба бойынша құрылыс жүргізіліп жатса, 12 жоба бойынша барлау жұмыстары, тағы 17 жоба бо­йынша құжатнама жасақталуда. Ал қалған жобалар қарастырылу барысында», деді Ж.Қасымбек.
Инвестициялар және даму министрі елімізде құрылып жатқан «Астана» халық­аралық қаржы орталығының жұмысына да тоқ­талды. АХҚО биржасын құру бойынша жұмыс аяқталып жатқанын, жаһандық бир­­жалық көшбасшылар санынан стра­те­гиялық әріптестер айқындалғанын атап өтті. 
Жиында сондай-ақ, Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сэр Сума Чакрабарти, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, «Қазақстандық шетел инвесторлары кеңесі» қауымдастығының Басқарма төрағасы Ульф Вокурка, «GE Oil & Gas» компаниясының президенті Ло­ренцо Симонелли, «ЭНИ С.п.А.» компа­ниясының Бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци, Бірлесіп қаржы­лан­дыру және жеке сектор операция­лары жөніндегі Азия даму банкінің вице-прези­денті Дивакара Гупта, «ERG S.a.r.l.» компа­ниясы директорлар кеңесінің төр­ағасы Александр Машкевич және басқалар сөз сөйледі.

Жаңа энергетикаға жол
Отырысты Қазақстан Президенті Н.Назарбаев қорытындылады. Қатысу­шылар алдында сөйлеген сөзінде Елбасы әлемдік қоғамдастық энергияның жаңа көздерін белсенді түрде іздестіріп жатқанын әрі технологиялық ілгерілеу қарсаңында тұрғанын атап өтті. Шындығында, биыл Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің идеологиясы мемлекеттердің таза энергия­ны дамытуға бағытталған күш-жігерін тоғыстыруға негізделген.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, энергия өндірудің аралас жүйесі еліміз үшін ең қолайлы екенін айтты. Бізде айтарлықтай көлемде мұнай, көмір, газ және уран қорлары бар. Оның көлемі 32 млрд тонна немесе әлемдік қордың 4 пайызын құрап отыр. Сондықтан да шетелдік инвес­ти­ция­ның алғашқы легін алдымен осы салаға тарту қажет.
Елбасы сонымен қатар Қазақстан индустрияландыру, инновация мен қуатты инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жат­қанын атап өтті. «Еліміз ТМД елдерінде бірінші болып, «жасыл» экономикаға көшудің институционалды жағдайын жасады. 2017 жылы Экологиялық кодекс, 2009 жылы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң, ал 2013 жылы «Жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасы қабылданды. Қазақстан үшін энергия өндірудің аралас жүйесі тән. Ол қуатты дәстүрлі энергия көздерімен қатар мүмкіндігінше жаңартылған энергия көздерін дамытуды көздейді. Бұл тұрғыда еліміздің әлеуеті зор», деді Президент. Мәселен, Қазақстандағы жел энергетикасы жылына 920 миллиард киловатт/сағат өндіреді деп бағаланады. Ал еліміздің су энергия әлеуеті 62 миллиард киловатт/сағатты құрайды. Күн энергиясының әлеуеті жылына 2,5 миллиард киловатт/сағатқа дейін жетеді. Ал бұл бағыттағы мақсаттарға жету үшін мемлекет тарапынан тиісті шаралар қолға алынған.
«Біз мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларын жасадық. Алға мақсат қойдық. Бекітілген бағдарлама бойынша белсенді түрде алға жылжып келеміз. 2020 жылдың аяғына дейін толық қуаты 2 мың мегаватт болатын жаңартылған энергия көздерінің 50-ден астам нысанын пайдалануға беру жоспарлануда. Ал 2050 жылы баламалы энергияның мемлекеттің энергия теңгеріміндегі үлесі 50 пайызға дейін көтерілуі қажет», деді Президент.
Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің базасында «Болашақтың энер­гия­сы» деген атаумен «Жасыл» технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық құрылатыны айтылды. Ал осының ал­дын­дағы 29-отырыста «жасыл» қаржы­лан­дыруды дамыту мақсаты қойылған болатын.
«Жасыл» қаржы жүйесін дамыту тұ­жырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл жерде ірі консал­тингтік институттардың өкілдері бар. Бізде «жасыл» қаржыландыруды енгізу тә­жірибесі бар. Тұжырымдаманың әзір­ленуіне қатысып, «жасыл» қаржы өнім­дерін бізде қолданысқа енгізуге шақы­рамын. Ол үшін ЭКСПО аясында құрылып жатқан «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңын қолдану керек. Конс­титуцияға енгізілген өзгертулер бойынша заң қабылданды. Бұл орайда ағылшын құқығы мен ағылшын тілі жұмыс ретінде қолданылады», деді Елбасы.
Президент айтып өткендей, әлемде сирек кездесетін металдарды қолдану технологиялары қарқынды дамуда. Сарап­шылардың бағалауынша, 2025 жылға қарай литий сұранысы жылына 550 мың тоннаны құрауы мүмкін. Сондықтан да литий «ақ мұнай» деп аталады. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстан сирек кездесетін металдарға ие екендігін алға тартты. Инвесторларға аталмыш саланы біздің Үкіметпен бірігіп инвестициялау үшін қарастыруды ұсынып, бұл энергетика саласындағы әлеуетті бағыт екендігіне назар аударды.
Мемлекет басшысы өзіндік ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту қажеттігіне де тоқталды. Бұл мәселемен салалық мин­истр­ліктер, университеттер және халық­аралық «жасыл» технологиялар орта­лығы айналысу керектігін жеткізді. 
Нұрсұлтан Назарбаев сөз соңында Ке­­ңестің көп жылғы жұмысын жоғары бағалап, жиынға қатысушылардың бар­лығына табыс тіледі. 
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан»
Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2019

Қарасай ауданында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады

19.03.2019

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына арнаулы атақ берді

19.03.2019

Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталықтың кезекті отырысын өткізді

19.03.2019

Қостанай облыcында суға батып кеткен джип шығарылды

19.03.2019

Шымкент қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті

19.03.2019

Білім министрі «Наурыз каникулын» енгізуге қатысты пікір білдірді

19.03.2019

Ақтөбе облысының әкімі Ойыл және Қобда аудандарының дамуымен танысты

19.03.2019

Екі жылда 22,5 мың отбасы жеңілдікпен несие алады

19.03.2019

Роман Скляр: 25 жылда 56 мың көпбалалы отбасыға займ беріледі

19.03.2019

Роман Скляр: Салымшылар саны 1,3 миллионға жетті

19.03.2019

Астана, Алматы және Шымкенттегі жастар үшін пәтер құрылысына 7,2 млрд теңге бөлінді

19.03.2019

Ақпараттың жабықтығы – жемқорлықтың көзі

19.03.2019

Кредиттік тұрғын үйге әкімдіктер 108,8 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр - Р.Скляр

19.03.2019

Роман Скляр: Жыл басынан бері 15 мың баспана пайдалануға берілді

19.03.2019

Пленарлық сессияға қатысты

19.03.2019

Қор қуатты қолдау көрсетеді

19.03.2019

Көпбалалы отбасылар үшін жалдамалы тұрғын үйдің құрылысына өңірлерге 50 млрд теңге бөлінеді

19.03.2019

СҚО әкiмi Айдарбек Сапаровқа алғыс бiлдiрдi

19.03.2019

«Халыққа көмек» бірқатар мәселені шешеді

19.03.2019

Мамырда көпбалалы отбасыларға 2 мың пәтер беріледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу