Жаңа мазмұн жаңа міндет жүктейді

Егемен Қазақстан
07.12.2016 42
era_5742Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуын... Дени Дидро, француз философы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев­тың 5 институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жос­пары республикамызды ұзақ мерзімді тұрақты дамуға жетелейтін сара жол екені анық. Қазақстан Республикасын дамыған отыз елдің қатарына апаратын, жаһандық және ішкі сын-қатерлерге қарсы тұра алатын осы ұлт жобасы ұлтымыздың мәңгілік ел болып қалуының кепілі, сонымен қатар, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыратын, еліміздің мемлекеттілігін одан әрі нығайтуға күш беретін жоба. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бағытында жүргізіліп жат­қан ауқымды істердің бірі – орындалу мерзімдеріне дейін қамтылған Қазақ­стан Республикасының «Білім туралы» заңына өзгерістер енгізілуі және оны жүзеге асыру жолдары. Осы өзгерістерді қолдап, алдын ала шаралар ұйымдастыруда Қарағанды облысының мектептері де белсенділік танытуда. Жаңа оқу жылынан бастап жұмыс­­шы мамандықтарына тегін оқыту, қосалқы оқыту жүйелерін енгізу, мек­тептегі білім берудің жаңа мазмұнына өту, ҰБТ-ның жаңа форматына көшу, оқушыларды бірыңғай мектеп формасына көшіру шаралары іске аспақшы. Бұл өзгерістер не үшін қабылданып жатыр? Бұл бізге не береді? Еліміздің даңқын аспанға көтеріп, әлемге танытып жүрген ғалымдарымыз, батырларымыз, қайраткерлеріміз қандай білім алып еді? Біздегі қалыптасқан білім беру жүйесі кімдікінен кем еді? Жаһандану жағдайында білім беру үдерісіндегі өзгерістерге психологиялық тұрғыдан тез икемделу оңай шаруа емес. Сон­дықтан, біз жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы мен интеграциялануы, бәсе­ке­ге қабі­леттілігі оның білім, ғылым қуаты­мен анықталатынын білуі­міз керек. Түпкі мақсатымыз – білім­ге қызы­­ғу­шылығы жоғары оқушы­лар­мен жұмыс істеу барысында олар­дың бо­йы­н­да қоғамның саяси-эконо­мика­лық, әлеуметтік саласына деген таным негізін қалыптастырып, өзінің отба­сынан бастап, айналасының, жал­пы қоғамның әл-ауқатын сараптай ала­тын, ұлтжанды тұлғаны дайындау. Қазіргі таңда әлем мемлекеттері, олардың білім беру жүйелері жаhан­дану үдерісіне үн қосып, бұдан әрі дам­у­дың жалпы әлемдік бәсекелес­тігі­не негіз­­де­л­ген жаңа стратегия­лары мен бағдар­ла­ма­ларын ұсынып жатыр. Біздің елі­міз де білім саласындағы жаңа ой­лар мен жаңалықтар толқынын қабыл­­дай отырып, әлемнің бейбіт дамуы­­ның үдесімен үндесуге бағыт алды. Облыс ұстаздары бұл туралы «Білімді ел – Мәңгілік Ел» атты тамыз педагогикалық кеңесінде жан-жақты ойларымен, пікірлерімен бөліскен еді. Әрине, әлемдік үдерістен қалуға болмайтын мұндай ізгі шараны жап­пай қолдауымыз қажет. Біріншіден, он екіжыл­дыққа көшу 2019 жылы толық аяқ­талады, 2020 жылы бар­лық мектептер онекіжылдық оқу бағ­дар­ламасына көшеді. Екіншіден, білім еркіндік пен таң­даудың көзі әрі дем берушісі ғана емес, рухани дүниесі бай, сұранысы үнемі көп мамандарды қалыптастыратын фак­торға айналатыны сөзсіз. Меніңше, біздің еліміз, қоғамымыз таң қаларлық жылдамдықпен алға басып келеді. Бұдан жиырма бес жыл бұрын бізді кім таныды? Ал бүгін әлемнің түкпір-түкпірі бізді же­тек­ші озық идеяларды туғызушы және іске асырушы мемлекет ретінде мойын­дап жатыр. Еліміз тоғыз жолдың тора­­бында болғандықтан, әлемнің таң­­ға­­жайыптары Ұлы Дала төсінде екін­ші рет өмірге келіп жатқандай. Тәуел­сіздігіміздің 25 жылы ішінде әр бағыт бойынша өткізілген халықаралық олимпиадалардың көрсеткіштері бо­йынша әлем мемлекеттерінің арасында еліміз 1998 жылы 50-ші орыннан, 2005 жылы 35-ші орыннан, 2015 жылы 12-ші орыннан көрінген екен. Мемлекетіміз­де дарынды ұрпақ баршылық, олар­дың білім көрсеткіштеріне көз сала оты­рып, өсіп келе жатқанын анық байқай­мыз. Біздің мектептерде жүргізілген сауал­намалардың нәтижесіне сүйенсек, математика+физика, биология+хи­мия, математика+география, био­ло­гия+география, шет тілі+тарих, тіл-әде­биет+тарих пәндері кіретін мамандықтарға сұраныстар көп болатын сияқты. Яғни, білім беру құрылымын сақтай отырып, оқушы­ларды сұранысқа орай іріктей оқытса деген ой туады. Сонда, мектеп бітіру­шілердің таңдаған мамандығына оқуға түсуіне де және оны бітіріп, алған маман­­дығына сай орналасуына да ың­ғай­лы болар еді. Біздің облысымыз білім сапасының көрсеткіштері бойынша республикада алдыңғы лекте келе жатқаны белгілі және білім беруді дамытуда жеткен жетістіктері жоғары деңгейде. Десек те, қабылдануы тиіс «Білім туралы» заң жобасына енгізілген өзгерістерді іске асыруда біраз қиындықтар кездесеті­нін ұстаздардың пікірлерінен байқауға болады. Айталық, біріншіден, шағын ауылдардың мектептеріндегі балалар ағылшын тілі былай тұрсын, орыс тілін де білмейді. Бастауыш сыныптарда баланы ана тілінде оқытқан жөн. Осы сыныптарда баланың ақыл-ойы мен дүниетанымының негізі қаланады. Үш тілділік енген жағдайда ата-ана шет тіліне көбірек назар аударады. Ал бала­ларын қазақ мектебіне беру арқылы өздері де қазақ тілін үйрене бастаған орыс тілді қазақтар баласына ағылшын тілін үйретуді басты назарда ұстайтын болады. Үштілділік енгізілетін бол­са, мамандар мәселесі туындайды. Екіншіден, оқу сауаттылығы бойынша тап­сырмалар қайдан алынады, жас ерекшеліктері ескеріле ме, қандай мәтіндерге рұқсат етіледі? Үшіншіден, «Алтын белгі» иелеріне және халықаралық ғылыми жоба­лар бай­қауының жеңімпаздарына ҰБТ-да жеңілдік берілгені немесе мүлде босатылғаны абзал. Төртіншіден, функ­ционалдық сауаттылыққа тапсырмалар толық енгізілсе дейміз. Бесіншіден, ҰБТ-ға қарастырылған уақытты тым құры­ғанда жарты сағатқа ұзарту қажет. Соны­мен бірге, тест тапсырмалары кітап­­­ша­сын қазірден бастап таратқан жөн. Өйт­­кені, бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақ­­тарға жауабын алдын ала да­йын­­­дап, оқушы біраз жаттығуы керек. Биз­неске немесе кәсіпкерлікке бағыт­­тал­ған жоғары сыныптарда курс­тық пәндер енгізілсе, оқушылар еңбек­ке ұм­тылар, тілді меңгерер, оған қоса эко­­но­­мика мен қарым-қатынас этика­сын да қалыптастырар деген ұсыныстар бар. Мектептерімізде жаңа өзгерістерге байланысты, оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп отырады. Елбасы алға қойған міндеттер заман талабына сай орындалып келеді және орындала беретініне сеніміміз мол. Ошақбай СУХАНБЕРЛИН, Білім беру ісінің құрметті қызметкері ҚАРАҒАНДЫ
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.05.2018

Солтүстік Қазақстан облысы мен «CLAAS» компаниясы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Торғайдағы Ахмет Байтұрсынов туған үй жөнделетін болды

20.05.2018

Қостанай облысында 18-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

20.05.2018

Қостанай қаласы «мерейлі отбасын» таңдады

20.05.2018

Батыс Қазақстан мен Астана әріптестік туралы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Каспий жағалауында суға шомылу маусымына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

20.05.2018

Ақтөбе және Орынбор облыстары ресми делегацияларының кездесуі өтті

20.05.2018

Павлодарда партиялық жоба аясында IT-орталық ашылады

20.05.2018

Екібастұздағы «Шығыс» кенішіне «Liebherr R-976 Litronic» экскаваторы әкелінді

20.05.2018

Павлодарда Медиаторлардың республикалық форумы өтті

20.05.2018

Павлодарда ауыл шаруашылық жерлері электронды картаға түсіріледі

20.05.2018

Павлодарда жүргізушілердің төленбеген көлік салығы 670 миллион теңгеге жеткен

20.05.2018

Хорватия Астанада дипломатиялық өкілдік ашпақ

20.05.2018

Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

20.05.2018

20 мамырға арналған ауа райы

20.05.2018

ҚарМУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады

19.05.2018

АЭФ-2018 аясында жаһандық трансформация жағдайындағы азаматтық қоғам институттарының рөлі талқыланды

19.05.2018

Қазақстандық сарапшылар ғаламдық дамудың басты бес мегатренді туралы пікір білдірді

19.05.2018

Н. Назарбаев атап өткен бес мегатренд АЭФ-2018 алаңдарында кеңінен талқылануда

19.05.2018

QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының» кезектен тыс съезі өз жұмысын бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақ қызы осындай

Ұлттық дүниетаным ілімінде халық­тың гүлі қазақ қызының болмысына, әдеп-ілтипатына, сұлулық, ізеттілік қасиеттеріне қатысты «Қызда оттай ыстық мейір бар», «Қызда 40 періште бар», «Қызда 40 көліктік бақыт бар», «Қыздың қабағында құт бар», «Қыз назы 40 кісіні мас қылады», «Қыз 40 істің қисынын біледі», «Бұрынғының қыздары бармағының шұңқырындағы асқа тояды» дейтін сұлулықтың тұңғиық сырларын мәлімдейтін інжу-маржан ойлар, толғамдар, лала лебіздер бар.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу