Жаңа қор діни ағартушылықпен айналысады

Қызметін жаңадан бастаған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының жұмысы жөнінде өткен брифингте елдегі діни ахуал мен қордың негізгі бағыттары талқыланды. Баспасөз жиынына Дін істері және аза­мат­тық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, «Уақып» корпоративтік қайы­рым­дылық қорының президенті Қайрат Айтбай және Қазақстан мұсылман­дары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.
Егемен Қазақстан
04.08.2017 1307

Өзінің кіріспе сөзінде «Уақып» қайырымдылық қорының бағыттарын айтқан Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев сауапты іс жасауға талпынғандар көбіне мешіт салып берумен шектелетінін жеткізді. Оның пікірінше, мектеп, аурухана, жол, көпір салу секілді халық игілігі үшін жасалатын жұмыстарды сауапты іске жатқызуға болады.

«Сауап үшін адамдар өз еркі­мен ақшалай немесе мүліктей қайы­рым­дылық жасай алады. Бірақ мұның бәрі өркениетті үлгіде және қоғамға тиімді болуы тиіс. Осы орайда, қолы ашық, көкірегі ояу Атымтай жомарттарға бүкіл мүмкіншілік жасап беру қажеттігі туындайды. Қорды құрудағы басты мақсат та осы», – деді Нұрлан Ермекбаев. 

Министрдің айтуынша, «Уақып» қайырымдылық қоры өздігінен табыс табумен де айналысады. Ол үшін «Уақып» қаржы активтерімен, жылжитын және жылжымайтын мүлік сау­дасымен айналысады. ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының сөзіне сүйенсек, қор жұмысы кезінде «пайыз» мәселесінің араласып кетуін бақылайтын арнайы топ бар. Олар қор төралқасына кеңес беріп, ұсыныстарын білдіріп отырады. 

Сонымен қатар, «Уақып» қайы­рым­дылық қоры елдегі татулық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағы­тында да жұмыс атқарып, маңызды әлеу­меттік салаларды іске асыра отырып, дін саласындағы өзекті проблемаларды шешуге атсалысады. 
«Қор әлеуметтік жағынан аз қам­тыл­ған және мүмкіндігі шектеулі азамат­тарға көмек көрсетеді. Сондай-ақ, діни қыз­меткерлердің жалақысы мемлекеттен бөлінбейтіні мәлім. Олардың еңбек­ақысы қайырымдылықтан түсетін қаржыға тікелей байланысты», – деген Наурызбай қажы шалғай ауылдарға білімді имам апарудың қиындығын да тілге тиек етті.

Наиб мүфти қор жұмысы аталған олқылықтың орнын толтырып, оң шешім қабылдауға үлес қосатынына сенім білдірді. Наурызбай қажы Таған­ұлының ақпаратына сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстандағы 2500-ге жуық мешіттің 500-дейі ғана ҚМДБ тарапынан қаржылай қолдау көріп отыр. Қалған ғибадат үйлері жеке кәсіпкерлердің демеушілігіне мұқтаж. 

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев та бұл де­ректерді растап отыр. Оның мәліметінше ауылдық жерлерде имамдардың жала­қысы 20-30 мың теңге аралығында. Ал аудандық жерде дін жолында қызмет ететіндер 40-50 мың теңге еңбекақы ала­тын көрінеді. Нұрлан Ермекбаев шал­ғай жерлерде имамдарға жалақы төлеу бірізділікке түспегенін, жүйесіз жүргі­зілетінін мәлімдеді.

Брифингте діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу мәселесі де сөз болды. Нұрлан Ермекбаевтың пікірінше, бұл олқылықты жою үшін имамдардың біліктілігі жоғары болуы тиіс. «Уақып» қорының құрылып, шалғай аймақтағы діни қызметкерлерге қаржылай қолдау көрсетуі имамдардың деңгейін арттырып, экстремизммен күресуге жағдай жасайды.

Сондай-ақ, наиб мүфти садақа жә­шік­теріне түсетін қаражатқа да тоқ­талды. Оның айтуынша, садақаны есеп­тейтін 10 адамнан тұратын арнайы топ бар. Олар түскен қаржыны санап, бір тиынын қалдырмай мүфтияттың банктегі шотына аударады. Содан кейін ғана имамдардың жалақысы, мешіттерге қажетті шығындарға ақша бөлінеді. «Жыл сайын Діни басқарма қаржылық есеп беріп отырады. Бүкіл жұмыс ашық түрде жүргізіледі. Қалаған адам мүфтияттан садақаға қатысты мәліметті алуына мүмкіндік бар», – деді Наурызбай Тағанұлы.

«Уақып» корпоративтік қайырым­дылық қоры 2017 жылдың мамырында құрылған болатын. Оның қызметіне әлеуметтік жобаларды қаржыландыру, білім және ағартушылық шараларын жүргізу, діни бірлестік қызметкерлері мен діни мекемелер қызметін қолдау кіреді. «Уақыптың» президенті Қайрат Айтбай қордың бір дінге басым­дық бермейтінін, Қазақстанда ресми тіркеуден өткен кез келген діни бірлес­тіктің жұмысына қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу