Жаңашыл ректор

Ректорлық қызмет қоғамның қайнап жатқан тікелей ортасында іске асады. Ректор ретінде сан мыңдаған студенттерді оң жолға салып, мыңдаған оқытушы-профессорлармен тіл табыса жұмыс істеудің өз ерекшелігі бар. Ол – жауапкершілігі мен талабы қатар жүретін, жан дүниесі бай, ұйымдастырушылық қабілеті зор адам болуы керек. өз саласында сүбелі үлес қосып жүрген азаматтардың бірі – көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов.
Егемен Қазақстан
27.03.2017 721

Ауыл мұғалімдерінің от­ба­сын­­да тәрбиеленген оның бі­лім мен ғылым саласына ке­луі кездейсоқ емес. Сол ата-ана­ның бі­лімге құштарлыққа баулуы – Ғалымқайырдың өмірлік те­мір­қа­зығына айналды.

Қазақ политехникалық инс­ти­ту­тының «Автоматика және есе­птегіш техника» факультетін бі­тірген Ғалымқайыр Мұтанов ғылыми-оқы­тушылық ізденіс жолын Руд­ный индустриялық институтын­да ассистенттік қыз­мет­тен бас­­тады. Аз уақыттың ішінде ғы­лы­ми біліктілігін же­тіл­діру үшін Мәскеуге жолдама ал­ды. Мәскеудегі болат және қо­рыт­палар институтында танымал маман ғалымдардың алды­нан қатаң іріктеуден табыс­ты өт­кен ол 2 жылдық ғылыми-зерт­теу тәжірибесін «Түсті жә­не си­рек металдардың тех­но­ло­гия­лық процестерін автомат­тандыру» кафедрасында өтті. Оның кандидаттық және док­тор­лық диссер­тациясы – қа­зіргі уақытта көп айтылып жүр­ген жасанды интеллект эле­менттерін қолдану арқылы тех­но­логиялық процестерді ав­то­матты басқарудың теория­сы мен тәжірибесіне арналды. Әлемдік деңгейде танымал болған академик-ғалымдар В.В.Ржевский, Л.А.Пучков, В.А.Горбатов, Л.А.Бахвалов, А.Г.Мель­кумовтың шеберлік мек­те­бінен өтті. Әлем таныған бел­гілі ғылыми мектептен өту оның ғалым ретінде қалыптасуына жол ашты. 3 жылдық докторантураны 1,5 жылда тәмамдаған оның докторлық диссертациясын өте жо­ғары бағалаған әлемдік «Фон-Нейман» сыйлығының иегері, атақты академик В.А.Горбатов диссертантқа «Самородок из Казахстана» деп баға беруі тегін емес еді. Өйткені, 36 жастағы Мұ­та­нов сол кезде осы саладағы ең жас техника ғылымдарының док­то­ры болатын.

Тәуелсіздігін енді алған Қазақ­стан өзінің білікті маманда­рына зәру кезде елге оралған ол Сол­түстік Қазақстан мемлекет­тік уни­­верситетіне ең жас ректор болып тағайындалды. Осы қызметке ке­­луіне сол кездегі министр ре­­тінде өз қатысым болғанын мақ­­танышпен айта аламын. Ай­на­ласы жеті жылдың ішінде қо­ғамға қажетті мамандықтар ашып, маман даярлаудағы заман та­л­абына сай университетті жаңа дең­гейге көтерді. Қазіргі күн тәр­тібінде тұрған инновациялық жоғары оқу орнының негізгі белгілерін жаңашыл ректор сол кезде-ақ батыл енгізе білді. «Парасат» студенттік телестудия­сы облыстық арнамен ынты­мақ­тасып, университеттік ко­р­по­ративтік жүйе арқылы Сол­түс­тік Қазақстан облысы мек­тептеріне қашықтықтан оқыту жүр­гізілді; Қазақстанда орта­лық­тандырылған оқуға тү­су­де тестілеу технологиясы ба­с­-

­­талмаған кезде, 1995 жылы Ғ.Мұ­танов қабылдаудың тестілеу тех­нологиясын енгізді. Ғ. Мұ­танов «Информатика және бас­қару» мамандығы бойынша, сол заманда халықаралық дең­гей­дегі магистр дипломын алу жо­басын іске қосты, университет бітірушілері Финляндияда ақ­­параттық технологиялар ма­гис­тра­турасында оқуын жал­ғас­ты­руға мүмкіндік алды.

Сонау 1998 жылдың қазан айында өзінің Петропавловскіге барған сапарында Президент Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның Солтүстік аймағында жоғары бі­­лімді сапалы мамандар даяр­­лай­тын университет бар екен­ді­гіне шын қуаныштымын, қа­зір­гі заманға лайық мамандар осы жерде өркендейді», деп өзі­­нің жылы лебізін білдіруі жас рек­тор­дың алғашқы қадамдарына бе­р­ілген баға да болатын.

2002 жылы ол Білім және ғылым бірінші вице-ми­нистрі бо­лып тағайындалды. Мұтановтың басшылығымен білім мен ғы­лым­ды дамытудың Тұжы­рым­­да­масы жасалып, ол Үкі­мет тарапынан қолдау тапты. Сон­дай-ақ бі­л­ім берудің ұлттық докт­ри­на­­сының алғышарттары жасалып, оны іске асырудың жолы айқындалып, жүзеге аса бастады. Білім сапасын қадағалаудың жаңа ұлттық жүйесін қалыптастырды. Ақпараттық технологияларды оқу орындарында қолдану жолға қо­й­ылды. Жоғары оқу орындарында кре­диттік технология енгізілді. Қа­шықтықтан оқыту іске аса бас­та­ды. Барлық университеттерде бі­лім беру порталы құрылды. Еліміз дамуына кері әсер ететін же­ке­меншік, аты бар да заты жоқ оқу орындары есебінен көбейіп кет­кен ЖОО-ның саны 300-ден 171-ге дейін қысқартылуы да біліктілікпен, әділдікпен, айқай-шусыз жүзеге асты. Осылардың нә­тижесінде білім беру жүйесін жаң­ғыртудың концептуалдық не­гіздері қалыптасты.

2003 жылдың шілдесінен бас­­тап Ғалымқайыр Мұта­нов Д.Серікбаев атын­да­ғы Шы­ғыс Қазақстан мем­­ле­кет­тік тех­ни­ка­лық уни­вер­си­те­ті­нің ректоры қыз­метіне та­ғай­ын­­дал­­ды. Жеті жыл­дың ішін­де ун­и­вер­ситеттегі 2-3 мың сту­дент­тің са­ны 13000-ға жетті. Мұн­да да рек­тор өзі жи­наған тәжірибені ұл­­ғайта отырып, «Университет-тех­нопарк» инно­вациялық жоба­сын іске асы­р­ды. ШҚМТУ өңірде ірі-ірі рес­публикалық, халықаралық іс-шаралар өтетін алаңға айналып, жеті жылда Елбасы төрт рет уни­верситетке ат басын бұрыпты. Рес­­пуб­ликада тұңғыш рет облыстық әкім­шілікпен бірлескен «Алтай» ғы­лыми-технологиялық жоба­сы іске асырылып, өңір­дегі ірі кәсіпорындарда 65 инвес­ти­циялық жоба жүзеге асқан. 2010 жылы қыркүйекте өткен Қазақстан мен Ресей аймақаралық ын­тымақтастығының VII Фору­мын­­да Ресей Фе­де­ра­ция­сы­ның сол кездегі Пре­зи­денті Д.Мед­ведев Қазақстан тех­но­пар­к­ін көріп: «Біз Сколко­во­да бұл істерді енді бастап жаты­р­мыз, ал сіздер іс жүзінде кірі­сіп кеткен екенсіздер!» деп таң­да­ны­сын жасыра алмады. Мі­не, осы техникалық жоғары оқу ор­нын инновациялық универ­си­тет­ке айналдырғаны үшін Ха­лық­аралық қордың (Женева) Алтын медалін алу құрметіне ие болды.

Ғалымқайыр Мұтановты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне ректор етіп алып келуі де Елбасының үлкен сенімі болатын. Енді мұндағы іс барысы да, оқу жүйесі де, ғылыми инновациялық жаңғырулар да тез өзгеріп сала берді. Елбасы тапсырмасымен ҚазҰУ классикалық университеттен қазіргі заманғы әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу университетіне айналу бағытындағы жаңа кең ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруға бірден кірісті. Университеттің кешенді құрылымдық модернизациясы жасалып, кластерлік әдіс негізінде факультеттер дамып, кафедралар ірілендірілді. Оқу орнында үдерістік менеджмент, Кайдзен тұрақты жетілдіру жүйесі және еңбек жетістігін рейтингтік бағалауға бағытталған басқару жүйесі ен­гізілді. Халықаралық аккредитациядан өткен эксперименттік білім беру бағдарламалары әзір­ле­ніп, қолданысқа енгізілді.

ҚазҰУ-да идеядан өндіріске дейінгі дәлізді қамтитын біре­гей ғылыми-технологиялық ин­фра­құрылым іске қосылды. Мық­ты ғылыми-технологиялық парк құ­рылды. Онда көптеген ғы­лы­ми-зерттеу жұмыстарының жобасын жасайтын 30 шақты ғылыми-зерттеу институты мен ор­та­лық бар. Әлемге танымал «Hewlett-Packard», «Cisco», «Konica minolta», «Microsoft» ха­­лықаралық компанияларының оқу-ғылыми орталықтары мен зерт­­ханаларының ашылуы уни­вер­ситеттің ғылыми тех­но­ло­гиялық әлеуетінің ха­лық­ара­лық деңгейде мойындалуын көр­сетеді.

Ректордың «Айналаңды нұр­ландыр», «Саламатты өмір сал­ты» «100 кітап», «ҚазҰУ- Грин­кампус» атты авторлық жобалары да өз жемісін беруде. Тұңғыш Президент күніне орай «Мен жастарға сенемін!» республикалық фестивалін өткізу дәстүрге айналды. Жастарға тәлім беретін «Өнегелі өмір» сериясы бойынша еліміздің танымал тұлғаларына арналған кітаптар басылуда. Ғасырлық тарихы бар тұңғыш қазақ журналы «Айқап» ресми түрде жаңғырып, университетте шығарыла бастады. Мұның барлығы жас ұрпақты өткеніміз бен бүгініміздің үйле­сім­ділігі негізінде рухани бай­лық­қа жан-жақты тәрбиелеуге жол ашты.

ҚазҰУ инновациялық қа­­-

л­а­шы­ғы әлемдік дәре­же­дегі стан­дарттарға сәй­кес дамуда. Мемлекет-жеке­мен­­шік серіктестігі арқа­сын­да университеттің бір­қа­тар инфрақұрылымдық ны­сан­дарының құрылысы аяқ­тал­ды. Механика-математика, фи­­зика-техника және химия фа­к­ультеттерінің жаңа оқу ғи­ма­рат­тары, әл-Фараби ғылыми кі­тап­ханасы, Жас ғалымдар үйі, «Ке­ре­мет» студенттерге қызмет көр­сету орталығы, медициналық- диагностикалық орталығы салынды. Бұдан бөлек, биылғы оқу жылында жүзу бассейні және Студенттер мен түлектердің сал­танатты қақпасы ашылды. Ғ.Мұтановтың ректорлық қызмет ат­қарған жылдарында ҚазҰУ қалашығы ғимараттары көлемінің өзі 36 пайызға өсті.

Осындай көлемді істердің нә­тижесі әлемдік деңгейде өз бағасын алды. Халықаралық QS рейтинг агенттігінің (Ұлыб­ри­­тания) бағалауы бойынша әлемдегі 800 үздік жоғары оқу орнының ішінде ҚазҰУ-ның 2010 жылғы 650-шы орыннан бүгінгі таңдағы 236-шы орынға дейін көтерілуі іскер басшы Ғалым Мұтановтың тынымсыз еңбегінің көрінісі деп білеміз. «Creat Value Colleges» (АҚШ) халықаралық ұйымының зерттеуі бойынша әлемнің 50 технологиялық дамыған университеттері арасында 31-ші орын алды. «Түркі елдері арасындағы үздік ЖОО» атануы, әлемдегі ТОП-200 эколо­гиялық университет санына енуі – үлкен қажырлы еңбектің, бола­шақты болжай білудің қоры­тын­дысы. Қазақстан жоғары оқу орын­дарының ішінде флагман ретінде осындай динамикалық дамуды көрсету – халықаралық сарапшылар тарапынан «ҚазҰУ да­му феномені» деген атқа ие болды.

Тарихта тұңғыш рет, қазақ­стан­дық жоғары оқу орны – әлем­дік қауымдастықтың субъек­тісі ре­тінде таны­лып,Университет БҰҰ RIO-20 тұрақты даму бо­йынша Декларациясына қосылды. Пре­зидент Н.Назарбаевтың «Жа­сыл көпір» идеясын жүзе­ге асы­ру мақсатында әлем уни­вер­си­тет­терінің арасында Бразилияда RIO+20 конференциясын өткізді.

Университеттің ЮНЕСКО-ның Орталық Азия елдеріндегі Хабы ретінде танылуы, әлемдік білім және ғылымның жаңа үлгіде дамуына бастамашылық танытудың бірден бір орта­лы­ғына айналуы да жаңашыл рек­тор идеяларының көрінісі деу­ге толық негіз бар. Осындай ірі халықаралық жобаларға мұрындық болғаны үшін ҚазҰУ әлемдік биік деңгейден көрініп, ректор Ғ. Мұтановтың өзі БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунның, қазіргі БҰҰ-ның Бас хат­шысы Антонио Гуттерьештің Алғыс хаттарына ие болды.

Ғ.Мұтановтың бай ғылыми әлеуеті әлемдік деңгейде мо­йындалды. Экономикалық про­цес­терді математикалық модель­деу және басқару бағытында зерт­теген еңбегін әлемдегі ең үз­дік баспа «Шпрингер» жеке кі­тап етіп басып шығарды. Бұл кітап шетелдік танымал ғылыми баспадан ең көп таралыммен шыққан тұңғыш қазақ авторының еңбегі ретінде белгілі болып, әлемдік деңгейде өз бағасын алды. Ол ғылым саласындағы жет­кен жетістіктері үшін «Ғы­лым мен технологияның матема­ти­ка саласындағы ИСЕСКО сый­­лығы» Алтын медалін алған тұң­­ғыш қазақ ғалымы. Басқа да ха­лықаралық марапаттары же­тер­лік.

Ғалымқайырдың көп жылғы ұстаздық еңбегі бағаланып, ТМД елдерінде тұңғыш рет «IGIP Senior Member» деген халықаралық құрметті атаққа ие болды. «Еуропа техникалық ЖОО оқытушысы» құрметті атағы да берілген. Оның жоғары кә­сіби біліктілігі Халықаралық эк­о­нометрикалық қауымдастық, Корольдік Экономикалық қа­-

у­ымдастық, IGIP инженерлік пе­дагогиканың Халықаралық қо­ғамы мониторинг комитетінің мү­шесі, ЮНЕСКО-ның білім беру­дегі ақпараттық технологиялар басқару институтының Кеңес мү­шесі ретінде өз бағасын алған.

Сонымен бірге, Ғалым Мұ­танов ҰҒА академигі, Ұлттық Ғы­лым Академиясының ви­це-президенті, Қазақстан Жо­ға­ры мек­теп Ұлттық ғылым Ака­де­мия­сының президенті ретінде ғылым мен білімнің аса көрнекті ұйымдастырушысы болып табылады. Оның әр жылдардағы еңбегі «ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» атағымен, «Па­расат», ІІІ дәрежелі «Ба­рыс» ордендерімен және бір­неше мем­лекеттік медальдармен аталып өткенін білеміз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов – сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Ғалымның өз бағыты анық­­талған шығыстық үлгідегі фи­лософиялық поэзиясы түрік, орыс, украин, араб, парсы, әзер­байжан тілдеріне аударылды, Халықаралық Мақтымқұлы, Н.Гоголь медальдарымен мара­пат­­талды.

Ғалым жастайынан дзюдо спортымен айналысып, ол сала­ның да шыңына жетіп, КСРО спорт шебері, «Дене шынықтыру жә­не спортты дамытудағы еңбегі үшін» құрметті атағының иегері атанды. Яғни, ол басқаратын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлт­тық университеті кейінгі жыл­да­ры студенттік спорттың көш­бас­шысы болуының өзі тегін емес.

Ғалым Мұтанұлы өнегелі отбасының ұйытқысы. Жары Рау­­­шан – Мәскеу болат және қо­рыт­­палар институтының түлегі, ме­­талл физикасы саласын­да тех­ника ғылымдарының кан­дидаты. Ұлы Айбек – Пекин университетінің түлегі, кәсіпкер. Атасының сүйікті немересі Айша көзқуаныш болып өсіп келеді.

Ғалымдығы, ұстаздығы бойына біткен негізгі қасиеттері болса, шебер ұйымдастырушы, іскер бас­­шы, танымал қайраткерлік қа­­­сиет­тері оның бей­­несін жан-жақ­ты ете түседі. Ол бар өмірін ел бо­ла­ша­ғына, адам­дарға, қоғамға, ғы­лымға адал қыз­­мет етуге арнап келеді. Ал көп­­ке қызмет еткен жанның жұл­ды­зы қашанда жоғары.

Мұрат ЖҰРЫНОВ,

Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2017

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті

23.06.2017

Оңтүстікте 600-ден астам кооператив құрылады

23.06.2017

Медиа форум аясында сингапурлық ғалым кітабының тұсаукесері өтті

23.06.2017

Алматыда отандық суретшілердің көрмесі өтті

23.06.2017

«KAZ Minerals» Ана мен бала орталығына жаңа жабдықтар сыйлады

23.06.2017

Қазақ диаспорасы шоғырланған елдерде арнайы орталықтар ашу керек –Д.Қыдырәлі

23.06.2017

Бектас Бекназаров Франция Сенатының вице-президентімен кездесті

23.06.2017

"Самұрық-Қазына" қызметі Сантьяго принципіне сай

23.06.2017

Таэквондодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі

23.06.2017

Шығыс Қазақстан полицейлеріне 101 автобус пен 140 автокөлік беріледі

23.06.2017

Кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев чемпиондық белдікке таласады

23.06.2017

Қарағандыда Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған шеру өтті

23.06.2017

Павлодарда 300-ге жуық полицей марапатталды

23.06.2017

ОҚО-ның 500 мыңға жуық тұрғыны сапалы электр жарығына қол жеткізеді

23.06.2017

Елбасы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының Төрағасы болып қайта сайланды

23.06.2017

Елбасы: Елге келем деген азаматтарға қауымдастық арқылы бар жағдай жасалуы керек

23.06.2017

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы (фото)

23.06.2017

Елбасы шетелдегі қазақтарды қолдау үшін "Отандастар" қорын құруды тапсырды

23.06.2017

Үкімет танымал қазақтардың электронды базасын жасайды

23.06.2017

Асыл қасиет сеңгірі

КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Клай-фай жанры немесе әдебиеттегі табиғат апаттары

Бірер апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамптың қоршаған ортаны қорғауға қатысты Париж келісімінен шығамын деген еді. 2015 жылдың желтоқсан айында 194 мемлекет қол қойған Париж келісімі – ғаламдық жылыну процесін тежеуге арналған әрекеттер жоспары. Тараптар өздеріне климаттың өзгеруіне икемделу, техникамен қайта жасақтану, ауаға залалды заттардың шығарылуын азайту бойынша шаралар қабылдауға міндеттемелер алған болатын. АҚШ аталған келісімнен бас тартып отыр. Бір қуаныштысы, шығамын деген сәтте шыға салуға болмайды, бұл рәсім төрт жылға созылады екен. Осы жағдай есіме клай-фай жанрындағы әдебиетті түсірді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Үкілі үміт үдесі

«Тойдың болғанынан, боладысы қызық» демекші, Арқа төсіндегі ару Астанада жаһандық шара – ЭКСПО-2017 көрмесінің жалауы желбірегеніне, міне, он күннің өрмегі ауды. Осы уақыт ішінде «Ұлттық жобаға» деген егемен елдің үкілеген үміті ақтала ма, Бүкіләлемдік жетіс­тіктер көрмесінің қос ғасырға тақау шежіресінде өткен көрмелер керуенінде «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің алар орны қандай дәрежеде болар екен деген сұрақтарға жауап іздеуіміз де заңды.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Жік пен жіп

Автобуста өзіңнен жасы үлкен адамға ұшып түрегеліп орын беру үшін кісіге соншалық көп ақылдың керегі жоқ-ау. Отбасында адам қан­дай тәрбие алса, көшеде, қоғамдық орындарда мұнысы тайға таңба басқан­дай көрініп тұрады емес пе? Бірақ қай ата-ана «автобуста көзіңді тас жұмып, құлаққабыңды киіп отыра бер» деп үйдегі баласының сана­сын бөтен оймен лайлайды дейсің. Соған қарағанда, адамның мәде­ниетті болмағы үйдегі алған тәрбиесіне қоса, «Тірлікте көп жаса­ғандықтан көрген бір тамашамыз» деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айт­пақшы, әр адамның өмірден дұрыс сабақ түйіндей білуіне байланысты болса керек-ті. 

Қуат БОРАШ, журналист-публицист

Оралыңның барында оқы да біл

Халқымыздың бітім-болмысын бейнелейтін қазыналы қара өлеңдер топтамасын парақтап көріңізші. Даңғайыр даланың жусан исімен әтірленген жұпар  ауасы дауылпаз көңіліңізді аспандатып, еріксіз шабытыңыздың шоғын үрлейді.  

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қазақтың құты

Қазір қалада тұратын аға буын ұрпақтың басым көпшілігінің санасындағы, жалпы жан дүние­сін­дегі, ұғым-түсінігіндегі алтын бесік ауыл бейнесі бала­лық шақтың бал дәуренінде қа­лып­тасқан ғой. Содан да болар, қашанда көл көңілді қазақы мінездің, астың асыл-дәмдісін көпке сақтайтын дархан пейілдің, айтпай келетін қыдыр қонаққа қуанатын мырза бейілдің нұр шуағына малынып өстік десек те болады. Қарап отырсақ, осындай ақ-адал пейіл, көңілдің кеңдігі қазақтың құты екен-ау.

Пікірлер(0)

Пікір қосу