Жапон балаларының мерекесі

Күншығыс елінде қыз бала жетiге келгенде арнайы тiгiлген кимоно киедi де, белi тұңғыш рет обимен (кимононың жалпақ белдiгi) таңылады. Балаларға арналған дәстүрлi ғұрыптық шаралардың қатарында наурыздың үшi күнiне белгiленген қыз балаларға арналған хинамацури мен мамырдың бесiндегi ер балалар мерекесi бар.
Егемен Қазақстан
01.06.2017 1074

Үшiншi айдың үшiншi жұл­дызында жапондар бал­ды­рған қыз­­дардың әдемi болып өсуiн, бо­ла­шақта бақытты бо­луын тiлейдi. Дiни маңызы бар осы момоно сэк­ку, яки хи­намацури күнiне ар­нап қыз өсiрiп отырған әр отба­сы үйдегi арнайы орынға нау­рыз ту­­ғанға дейiн ежелгi ханза­да­­лар мен ханшайымдар, са­мурай­лар, т.б. үлгiсiндегi ұлт­тық қу­ыр­шақ­тар­ды қою керек. 

Қуыршақтардың орналасу ре­тiнiң де мәнi бар. Жетi саты­дан тұратын «қуыршақтар орда­сы­ның» ең жоғарғы жа­ғында «ата қуыр­шақ» пен «ана қуыршақ» ор­наласады. Ал ең төменгi екi са­ты­ға қыз ба­­ланы қызықтыратын ай­на, шай демдеу рәсiмiнiң құ­рал­да­ры, ине шанышқыш, т.б. қой­­­ылады. Жалпы, хинамацу­ри ғана емес, жапонның бар­лық ұлт­тық мерекелерiнен еуро­палық не­месе басқа шет ­елден шыққан зат­ты көр­мейсiз. Хинамацури қу­ыр­шақ­­тарының кескiн-келбетi мен киiмi, сақал-мұрты мен шаш үлгi­сiне дейiн жапондық екенiн ай­шықтап тұрады. 

Хинамацури күнi өткен соң қуыр­шақтарды жинап тығып қоя­­ды да, келесi жылы наурыз туарда қайта шығар­а­ды. Қу­ыр­шақтар ор­дасы безен­дi­рiл­ген күйi нау­рыз­дың үшiнен кейiн де тұра бе­ретiн болса сол үйдiң қызы өс­кенде отырып қа­ла­ды деген ­ы­­рым бар. Яғни, қу­ыр­шақтар нау­рыз­дың үшiне дей­iн ғана тұ­ру керек. Одан кей­iн неғұрлым ұза­ғы­рақ жиналмай тұрса қыздың бо­ла­шақта теңiн табуы соғұрлым ке­шеуiлдейдi деп ойлайды жапондар. 

Мушянингйоу – батыр қу­ыршақ. Ер балаларға арналған бе­сiншi ай­дың бесiншi жұл­ды­зында атап өтi­летiн ғұ­рып­тық мереке осындай атқа ие. Бұл күні ұл тәр­бие­леп отырған жа­пондар баласы бо­л­ашақта са­мурайдай ер­жү­рек бо­луы үшiн рәсімдік ғұ­рыптарға қа­ты­сады. 

Шарафат Жылқыбаева
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2018

Маңғыстауда мемлекеттік органдардағы кадр қызметінің сапасы қандай?

19.08.2018

Азиада-2018: Дмитрий Алексанин Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

19.08.2018

Өскеменде Құрбан айтта 300 адамға ет таратылады

19.08.2018

Австралияда орман өртенді

19.08.2018

Головкин - «Канело» рематчын британ телевидениесі көрсетеді

19.08.2018

Отгонцэцэг Галбадрах Еуропа кубогында чемпион атанды

19.08.2018

Экс-депутат жас мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды

19.08.2018

«Алтын Тобылғы» әдебиет жүлдесіне өтініштерді қабылдау басталды

19.08.2018

Маңғыстаулық құрылысшылар төл мерекесін атап өтті

19.08.2018

Барлық жағдай жасалатын солтүстік аймаққа көбірек келіңіздер – Мемлекет басшысы

19.08.2018

Теміржолда сыбайлас жемқорлықты болдырмау жайы айтылды

19.08.2018

Астанада жол ақыны SMS арқылы төлеуге болады

19.08.2018

Зерендіде жастардың жазғы білім лагерінің екінші маусымы жұмысын жалғастыруда

19.08.2018

Азиада-2018: Бүгін қазақстандық спортшылар жарыс жолына шығады

19.08.2018

Елордада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін

19.08.2018

Жакартада жанған жұлдыз

19.08.2018

Ауа райы болжамы: Ақмола облысы мен Астана аумағында дауыл тұрады

18.08.2018

Жакартада Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті

18.08.2018

БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан қайтыс болды

18.08.2018

Мемлекеттік хатшының қатысуымен Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу