Жапондар бағдарламасын қазақ тілінде әзірлеген

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аумағында Жапония мемлекетінің ұлттық күні өтті. Мерекеде қонақтар Күншығыс елінің дәстүрлі мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды.
Егемен Қазақстан
24.07.2017 446

Мәдени қойылымдармен басталған шарада – жапонның дәстүрлi музыка шеберi Хидэки Тоги, ұлттық үрмелi және iшектi аспаптар орындаушылары өнерлерiн ортаға салды. Содан кейiн «Оsaka Parad» шеруi өттi. Сахна төрінде жапондық музыка шеберлері ұлттық аспаптарда ойнап, жұртшылықты тамсандырды.

Мерекенің ресми бөлігінде Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Жапо­ния­ның энергетикалық тиім­ділік жағынан озық он елдің қатарына кіретінін ерекше атады. «Күншығыс елі Қазақстанның ірі инвесторы болып саналады. Соңғы 12 жылдың ішінде бұл мемлекет еліміздің экономикасына 5,5 млрд АҚШ долларын құйған. Қазіргі кезде машина жасау, тау-кен, агроөнеркәсіп, көлік-логистика және тағы басқа салаларда жалпы сомасы 1 млрд доллардан асатын 10 ірі жоба қолға алынды. Бұл әріптестік әлі де күшейе түседі деп сенемін. Қазақстанның бай шикізат қоры мен Жапонияның теxнологиялары – екіжақты тығыз ынтымақтастықтың негізі», деді Жеңіс Маxмұдұлы.

Жапонияның Өндіріс, сауда және экономика министрі Хиросигэ Секо павильондарын «Болашақ энергиясы» тақырыбына сай жасақтауға тырысқандарын айтты. «Ол жерде баламалы энергия және энергия үнемдеу саласындағы теxнологиялармен, тәжірибемен танысуға болады. Негізі, Жапония ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға бірден келіскен. Себебі, ондай шаралар «жасыл» экономикаға көшу тәжірибесімен алмасуға таптырмайтын алаң бола алады», деді Жапония өкілі. 

Мерекелік шаралар ұлттық павильонда жалғасты. Ондағы интерактивті шоу-бағдарлама толығымен қазақ тілінде әзір­лен­ген. Келушілерге барынша түсінікті болу үшін экспозицияларды үш залға бөліп қойған. Бірінші залда көрермен арнайы мобильді қосымшаны жүктеп, павильонмен танысса, екінші зал кинотеатр үлгісінде жасақталған. Ол жерде жапон жігіті баламалы энергияның маңыздылығын қазақ тілінде түсіндіреді. Үшінші залда осы саладағы теxнологиялармен танысуға мүмкіндік бар. Пави­ль­онда қонақтарды қарсы алып жүрген жапон қыздары да қазақ тілін үйреніп алған. Осында ұйымдастырылған мерекелік шарада жапондықтар өздерiнiң ұлттық биiмен қатар, қазақтың «Қара жорғасын» биледі. 

Жапонияның Осака қаласы 2025 жылы ЭКСПО көрмесiн өткізуге үмiткер. Павильонда осы қаланы таныстыруға арналған алаң да бар. Онда Күншығыс елi мен Осака қаласы туралы ақпарат пен суреттер назарға ұсынылған. Стендтiң жанында суретке түсiп, әлеуметтiк желiге салғандарға сыйлықтар таратылуда. 
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2018

Инновацияны игеру игіліктері

19.02.2018

Олимпиада корейлерді татуластыра ма?

19.02.2018

Білім мен ғылымдағы биылғы жаңашылдықтар қандай?

19.02.2018

Ақордада «Рухани жаңғыруды» жүзеге асыру барысы талқыланды

19.02.2018

Әлеуметтік әділеттілік жолы

19.02.2018

Жаһандық қауіп арта бастады

19.02.2018

Көшбасшылық феномені

19.02.2018

Экономикалық өсім – ел несібесі

18.02.2018

Иранда 60 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

18.02.2018

Эфиопияда төтенше жағдай жарияланды

18.02.2018

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

18.02.2018

Өскеменнің әкімі грейдермен қар тазалады

17.02.2018

Асқар Жұмағалиев Шымкентте цифрландыру жобаларымен танысты

17.02.2018

Білім министрлігі балалардың әлеуметтік желілердегі белсендігін бақылауға шақырды

17.02.2018

Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегіне арналған трейлер шықты

17.02.2018

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы карьерасын аяқтады

17.02.2018

Болгарияда Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетіледі

17.02.2018

Астанада тұңғыш рет инклюзивті спорт фестивалі өтеді

17.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайдың CCTV арнасына берген сұхбаты жарияланды (видео)

17.02.2018

Павлодарда Достық фестивалі өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әлеуметтік әділеттілік жолы

Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баян­дамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толық­қанды дайындық жұмыстары қам­тамасыз етілетін болады» деп атап көр­сетті. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық қауіп арта бастады

Жақында АҚШ өзінің жаңа ядро­лық стратегиясын жариялады. Он­да қандай қауіп болған жағдайда Пента­гонның аждаһа қаруға жүгіне­тіні нақты айтылған. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Айтушың қандай, ағайын?

«Айтушы ақылды болса, тыңдау­шы дана болады» дейді халық ма­қа­лы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үл­кен ұлағат жатқанына шек кел­ті­ру­дің өзі күнә. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Блокчейн: сый мен сын

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын са­лық жинау жүйесінде қолдануды құп­таған болатын. Бұл – бүкіл әлем­ге сыйы мен сынын қоса әкеле жат­қан төртінші өнеркәсіптік рево­лю­цияның бір жаңалығы.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу