Жарна төлеуші жұрт нені білгісі келеді?

Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жыл басында қазақстандық медицина қауымдастығы үшін өте өзекті 100 мәселені анықтау мақсатында «100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» атты әлеуметтік науқан ұйымдастырылған болатын. Медициналық қызметті оңтайландыруға және сапасын арттыруға негізделген ұсыныстар мен сауалдар қатарында елімізде енгізілетін медициналық сақтандыру жүйесі туралы да бірқатар сұрақтар кездесті. Бұл қоғам үшін маңызды мәселелер болып отырғандықтан, өңірлер мен орталық қалалардың тұрғындарын мазалаған негізгі мәселелерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Егемен Қазақстан
19.04.2017 533

Міндетті әлеуметтік ме­­­ди­циналық сақтандырудың тиім­ділігі неде?

Біріншіден, Сіз міндетті әлеу­меттік медициналық сақ­тан­ды­ру арқылы Қазақстан ау­ма­ғын­да өзіңіз таңдаған кез келген емханадағы медициналық кө­мек­ті ала аласыз. Бұл жағдайда ем­­­хананың шығыстарын Әлеу­ме­­т­тік медициналық сақтандыру қо­р­ы толығымен өтейді.

Екіншіден, тегін медициналық ке­пілдендірілген көмек және әлеу­меттік медициналық сақ­тан­дыру пакеттері шеңберінде қа­рас­тырылған медициналық кө­мекке жұмсалатын қосымша тө­л­емдердің барлық түрінен боса­тыласыз.

Үшіншіден, елдің кез келген дәріханасында (Қорда фар­мацевтикалық қызметтердің жет­кізушілері ретінде тіркелген) ұсынылатын дәрілік заттардың құрамы бойынша кеңейтілген және жақсартылған тізбесіне толық қолжетімділік болады.

Төртіншіден, қордың сіздің пайдаңызға аударылған жарналары туралы және медициналық ұй­ым­дарда көрсетілетін қыз­мет­тер туралы ай сайын ақпарат алу­ға мүмкіндігіңіз бар.

Бесіншіден, сапасыз қызмет көр­сетілсе немесе әлеуметтік ме­­дициналық сақтандыруға қа­ты­­сушы ретінде құқықтарыңыз бұ­зылған жағдайда Қор сіз­дің сақтандырылған азамат ре­тін­де құқықтарыңызды және мүд­делеріңізді қорғайды.

1996-1998 жылдарда құ­рыл­ған Міндетті сақтандыру қо­ры­ның тәжірибесі бізге мә­лім. Ос­ын­дай жағдай қазір де қай­та­ланбасына кім кепіл?

Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің дұрыс жақ­тары да, сонымен қатар теріс жақтары да бар. 1996-1998 жыл­дардағы сақтандыру ме­ди­цинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға бол­майды, оның оң тұстары да болды. Бұл реформаның бас­ты нәтижесі – экономикадан қосымша қа­ра­жат­ты тарту есебінен ден­сау­лық сақ­тау жү­йесі нысандары желісін жә­не медициналық көмектің ха­­лыққа қолжетімділігін сақ­тау еді.  Мысалы, осындай ма­ман­дандырылған бағ­да­р­ла­ма­ның болмауы мектеп­ке дей­ін­гі ме­кемелерді жеке­ше­лен­ді­ру­ге әкеліп соқты, оның салда­ры осы күнге дейін сезіледі. Одан басқа, 90-жылдардағы эко­но­микалық дағдарысты қа­зір­гі жағ­даймен салыстыруға бол­майды. 20 жыл бұрын көп­те­ген кәсіпорындар күрделі қар­жы­лық қиыншылықтарға тап бол­ғаны бәріміздің есімізде, сол ке­зеңдерде кәсіпорындардың ба­сым көпшілігі банкротқа ұшы­рады, еңбекақы бойынша үлкен қарыздары болды. Эко­номикалық дағдарыс жаппай төлем жүргізбеуге, оның ішін­де медициналық сақтандыру қорына төлем жасамауға негізгі се­беп болды. Қордың жағдайы эк­о­номикалық белсенді емес ха­лық үшін тұрақты аударым­дар­ды қамтамасыз етуге тар­тыл­ған жергілікті атқарушы ор­ган­дар­дың да қиын жағдайға тап бо­лу­ына байланысты қиындады.

Бүгінгі таңда біз эко­но­ми­ка­да­ғы жұмыспен қамтудың елеулі өсі­мін байқап отырмыз. Отандық кә­сіпорындарда 6,5 миллионнан астам жалданған жұмыскерлер ең­бек етуде, ай сайын жұмыс бе­ру­шілер Бірыңғай жинақтаушы зей­нетақы қорына 53 млрд теңге жә­не өз жұмыскерлерінің пайда-

с­ына Әлеуметтік сақтандыру қо­рына 23 млрд теңге аударады. Экономикалық тұрғыдан бел­сен­ді емес халық үшін ӘМС қорына жар­наларды төлеу бойынша мін­деттемелерді мемлекет өз мойны­на алатынын атап өткен жөн. Осы­ның барлығы медициналық сақ­тандыру жүйесінің тұрақты қыз­мет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.

МӘМС енгізу медицина қыз­меткерлерін «ынталандыру» мәселесіне қалай септігін ти­гізеді?

Медицина қызметкерлерін «ын­таландыру» немесе қосымша бей­ресми төлемдердің себебі, бірінші кезекте, еңбекке ақы тө­леуді теңестіру болып табылады. Қазір біліктілігі, тәжірибесі, дағ­­дылары мен білімдеріне қа­рамастан, бір мамандық дә­рігерлерінің жалақысы да бір­келкі. Міндетті әлеуметтік ме­­ди­циналық сақтандыру жағ­дай­ын­да пациенттердің өздері таң­да­ған дә­рігер көрсетілетін қыз­мет­тер­дің көлемі мен сапасына сәй­кес жалақы алады.

Азаматтар жарналарды ауда­ра отырып, өздерінің емдеуге жа­туын немесе емханаға жү­гі­нуінің ақысын төлеп отыр. Осы­ған байланысты жүйенің қа­тысушылары МӘМС жүйесі бел­гілеген жарналардан басқа қо­сымша төлемдерді төлемеуі ке­рек. Осылайша, сақтандыру ме­дицинасының біртіндеп дамуы ме­дициналық көмекке бейресми тө­лемдердің проблемасының  өзек­т­ілігін жояды.

Ел аумағы бойынша кез кел­ген өңірде сақтандырылған аза­маттарға, мысалы, іссапарға кел­гендер, демалыстағы адам­дар­ға медициналық қыз­мет­тер көрсетіле ме? Әлде тек тіркелген тұрғылықты же­­рі бойынша ғана қызмет көр­сетіле ме?

Міндетті әлеуметтік ме­ди­ци­налық сақтандыру пакеті шең­­берінде көрсетілетін м­е­дициналық қызметтер, сақ­тан­дырылған азаматтың тұр­ғ­ылықты жері бойынша ғана емес, республиканың кез келген аумағында көрсетіледі.

МӘМС кезінде төлеуші қай­тыс болған жағдайда жиналған қа­ражатты туыстарына беру қарастырылған ба?

Жоқ, қарастырылмаған. Әлеу­меттік медициналық сақ­тан­­дыру жүйесі жинақтаушы жү­йе болып табылмайды. Әрбір тө­леуші жарналарының сомасы­на қарамастан, халықтың бар­лық санатына медициналық қыз­меттерге бірдей жұмсалады.

Балалар неше жасқа дейін ӘМС жүйесіне төленетін жар­на­лардан босатылады?

18 жасқа дейінгі балалар, жоғары оқу орнының студенттері және оқу аяқталғанға дейін техникалық және кәсіптік білімнің күндізгі оқудағы оқу­шы­лары Міндетті әлеуметтік сақ­тан­дыру қорының жарналарынан босатылған.

Сақтандырылған адам ӘМС жүйесінде республикадан тысқары жерде тегін емде­ле ала ма?

Жоқ. Медициналық сақ­тан­ды­ру қоры Қазақстан Ре­с­пуб­ли­касында көрсетілген ме­ди­ци­налық қызметтерге ғана  ақы тө­лейді.  

Адам сақтандырылғаны ту­ралы қалай білуге болады?

Егер сіз жұмыскер болсаңыз, онда заңнамаға сәйкес жұмыс бе­руші келесі есепті айдан кей­інгі айдың 15-ші күнінен кеш­ік­тірмей, ай сайын сізге  ұсталған жә­не аударылған жарналар туралы мәліметті ұсынуға міндетті. Сон­дай-ақ, бұл ақпаратты портал арқылы, Қорда немесе оның бөлімшелерінде және сіз бе­кі­тіл­ген емханаларда тексеруге бо­лады.

Қай уақыттан бастап адам МӘМС жүйесінде сақ­тан­ды­рыл­ған болып есептеледі – ең­бек шартын жасаған кезден бас­тап па, әлде жұмыс беруші бі­рінші салымды аударған кезден бастап па?

Медициналық сақтандыру қорына жарнаны аударған кезден бастап.

Ерікті медициналық сақ­тан­дыру сақтала ма? МӘМС не­месе ҚМС қызметтері қай­та­лана ма?

Ерікті медициналық сақ­тан­дыру жойылмайды. Міндетті сақ­тан­дыру пакетіне кірмейтін жеке медициналық қызмет түрлері ерікті сақтандыру қоры арқылы төленеді. Мысалы, ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін міндетті ке­зеңдік қарап-тексерілу, сана­торийлік-курорттық ем жә­не та­ғы басқа ем-шаралар. Бар­лы­ғы жеке адамның немесе кә­сіпорынның қалауы мен қар­жы­­лық мүмкіндіктеріне бай­ла­­нысты. Жеке адам немесе кәсіпорын (ұжымдық шарт негізінде) әлеу­мет­тік сақтандыру пакетінде ерік­ті медициналық сақтандыру  қыз­меттерінде қайталанбайтын пакетті таңдай алады.


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.05.2018

Павлодарда «Жасыл ел» еңбек жасағының ХIV маусымы басталды

28.05.2018

Қарағандыда қоғамдық кеңес құрылды

28.05.2018

Маңғыстауда цифрландыру жұмыстары қалай жүруде?

28.05.2018

Кәсіпкерлерге қысастық жасалып отыр

28.05.2018

Құтқарушыларды қолдау қажет

28.05.2018

Балалар туризмін дамыту өзекті

28.05.2018

Темір жол тасымалына жолаушылардың көңілі толмайды

28.05.2018

Заң жобаларының сапасын арттыру жолы ұсынылды

28.05.2018

Қостанай облысында мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асып жатыр

28.05.2018

Павлодар мен Уфа арасы жақындай түсті

28.05.2018

Қарағанды облысында төртем дүниеге келді

28.05.2018

Этноойындар олимпиадасы елімізде өтуі мүмкін

28.05.2018

Қазақ философиясының бес томдығы жарыққа шықты

28.05.2018

Бэйлдің бенефисіне айналған финал

28.05.2018

«Арландар» WSB финалына шықты

28.05.2018

УЕФА Суперкубогы Алматыда өтпейтін болды

28.05.2018

Батыр Жүкембаев WBC Continental Americas чемпиондық атағын жеңіп алды

28.05.2018

Денис Тен спорттық киімін экспозицияға тапсырды

28.05.2018

«Өрлеудегі» елеулі өзгерістер

28.05.2018

Қазақ баспасөзі: өткені, бүгіні және болашағы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Қатер қайдан демеңіз...

Алыс болашағымыз түгілі, бүгінгіміздің өзі бұлыңғырланған мына заманда қатер қайдан дейтін емес. Дуалы ауыз сарап­шылардың айтуынша, таяу болашақтағы екі-үш жыл жаһандық экономика үшін ғана емес, сонымен бірге әлемдік саясат пен халықаралық жағдай үшін д­е аса­ қауіпті сын-қатерлерге толы болға­лы тұр. 

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу