Жарқын болашағымыздың тұғыры – рухани жаңғыру

Егемен еліміздің кемел болашағы туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" деп аталатын мақаласы өз қоғамымызда да, алыс-жақын шет елдерде де қазір қызу талқыланып жатыр. Терең зерделей келе, бұл мақаланың еліміздің рухани дамуына бағыт беретін тарихи еңбек екенін көреміз.
Егемен Қазақстан
21.04.2017 1617

Олай дейтінім, мұнда ай­тылған ой-пікірлер мен бо­ла­шақ туралы толғамдар бү­кіл қо­ғамымыздың келеше­к­те қай ба­ғытта дамуы қа­жеттігін анық та нақты көр­сете алатын және со­ны негіздей алатын тұ­жырымдарға толы. Ал ел болашағына нем­құрайлы қарай алмай­тын әрбір адамды бұл тұжырымдар мен тол­ғамдар небір те­рең ойларға жетелейді, қо­ғамда орын алып жүрген келеңсіз мән-жай­лардың түп тамыры тереңдей берсе, егер оларды жою­ға тиянақты шаралар қолданылмаса, ел­ді айықпас ауруға шал­дық­тыруы мүмкін екен­дігіне көз жеткізеді.

Солардың біразына тоқтала кету жөн шығар.

Алдыңғы буын аға-апаларымыз жақсы біледі, нарық дәуіріне аяқ баса бастаған алғашқы жылдары теледидардан бір жарнама жиі-жиі көрсетілетін. Онда, тілі енді ғана шыққан бүлдіршін бесігін ұстап тұрып, «өскенде мен миллионер боламын!» деп жар сал­атын. Міне, сол жас сәбилер қазір отыздан асқан соқталдай жігіт болды. Барлығы бір­дей миллионер бола алмаса да, көпшілігі тұр­мыс-жағдайын жөндеп алып, енді қоғам іс­теріне де белсене араласа бастады. Ал енді осы азаматтардың барлығының рухани ой-деңгейі өздерінің жасына сәйкес өсті ме? Өскен жоқ! Оны біз күнделікті өмірден көріп жүрміз.

Мүмкін күнде көріп жүрген соң, көзіміз де үйреніп кеткен шығар, дегенмен, мың өліп, мың тірілсе де адамгершілік пен бау­ырмалдық қасиетін жоғалтпаған, үл­кен­ге ізет, кішіге құрмет көрсете білген, жан дү­ниесі мейірім мен ізгілікке толы қа­зақ ұл­тының ұлттық коды (мен осы сөзді «ұлт­тық тектілігі» деп те айтар едім) неге теріс өз­геріп келе жатыр?

Аштық пен жалаңаштықты да, сұрапыл соғыс қасіретін де бастан кешірген, ішер ас пен киер киімге жарымай, небір өмір қи­ындықтарын көрген алдыңғы буын үл­кен­деріміз, жоғарыда мен айтқан ізгі қа­сиеттерді бойында бекем ұстап, тектілігіне шү­бә келтірмей, өмірден өтіп жатыр.

Ал енді мұндай қиындықтардан бейхабар, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған мына бейбіт заманда дүниеге келген, тамағы тоқ, көйлегі көк, жақсы мен жаманның айырмашылығын оқып та, тоқып та шартараптан бі­ліп отырған қазіргі буынның бой­ын­­да ізгі тектілік қасиеттер неге азай­ып барады?

Осындай рухани азудан ары­лу­дың жолы қандай?

Бұл сұрақтарға жауапты мен Елбасының осы еңбегінен тауып отыр­мын. Соңғы кездері қоғамда кө­те­рілетін мә­се­лел­ердің басым көпшілігі ел­дің әлеуметтік жай-күйі, тұрмыс-тіршілігі бо­лып келді. Оның да өз себептері жоқ емес. Ал енді, рухани жағдайымыз туралы, оны жаңғыртудың бағыт-бағдарлары ту­ралы айтқан Елбасының өз толғамдары бү­кіл қоғамды дүр сілкіндірді. Жаңа тари­хи кезеңде, күллі жер жүзінде орын ал­ып жатқан өзгерістерді терең саралай ке­ле, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына бұл сұрақтардағы өз ұс­та­нымдарын айқындады.

Елбасы толғамдары мен тұжырымдары менің көзқарастарыма да үлкен әсер етті. Со­лардың ішінде, бұрын біз жиі айта бер-

м­ей­тін ұлттық болмыс, ұлттық сана-се­зім жә­не өзім алғаш рет естіген «ұлттық код» де­ген қасиетті түсініктер қоғам дамуы­на қалай әсер ете алатындығына жаңа қы­­рынан көз тастадым. Осыны ұғын­ған­дық­тан, ұлттық кодты сақтай білуді рухани жаң­ғырудың ең басты шарты деген Елбасы тұ­жырымын қоғамның әрбір мүшесінің сана­сына сіңіруді енді мен біздің ең басты мін­деттеріміздің бірі дер едім.

Өткен жылғы демалысымда жол түсіп, бір-екі күн Грозный қаласында болдым. Сон­да кездескен әрбір чешен азаматының Қазақ елін, қазақ ұлты мен қазақ халқын қан­дай жоғары бағалайтынын көріп, керемет әсер алдым. Өз ұлтым үшін сонда бо-

йымды керемет мақтаныш кернеді. Со­нау бір зұлмат жылдары чешен ұлтының тағ­ды­рында қазақ халқы қандай маңызды рөл ат­қарғаны тарихтан белгілі.

Не көрмеді өр мінезді бұл халық? Ел аман, жұрт тыныш деп келген кеңес дәуірінің соңғы кезеңіндегі әділетсіз соғыстың өзі чешендерге қаншама қайғы-қасірет әкелді. Қаншама отбасының тағдыры талқан болып, нешеме шаңырақтың төбесі ортасына түсті. Осыған қарамастан, бүкіл Чешенстан бойынша бірде-бір жетім балалар үйі, бірде-бір тастанды қарттар үйі жоқ екендігін сіздер білесіздер ме? Себебі, оларда мұндай түсінік те жоқ, туған сәбиін ақшаға сату, тіпті одан сорақысы көшеге, әжетханаға тас­тау, немесе ата-анасын далаға қуып жі­бе­ру деген нәрсе олардың ойына да кіріп шық­­пайды. Егер мұндай әрекет байқалса, он­да ол өлімнен де жаман масқара екендігі әр­бір чешеннің жадында.

Бізде де солай емес пе еді, енді қайда ба­ра жатырмыз?

Егер рухани жаңғыру елдің ұлттық тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайтынын Елбасы дөп басып есімізге салып отырған жоқ па?

Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын некеде тұрған отбасының бұзылуы 10-15 пайыздай ғана болатын, қазір елімізде бұл келеңсіз көрсеткіш 40 пайызға жақындады, яғ­ни әрбір екі отбасының біреуінде ерлі-зай­ыптылар ажырасуға келе жатқан үрдіс бай­қа­луда. Бұл жағдай бала тәрбиесіне қандай теріс әсер ететінін айтудың өзі артық шығар.

Елбасы еңбегінде болашаққа деген сенім туралы баса айтылады. Ал мемлекеттің өзі кішігірім отбасылардан тұратынын ескерсек, болашағы бұлыңғыр шаңырақтардан негізі мықты мемлекет қалыптаса ала ма, осы жай бізді мықты ойландыруы керек.

Рухани жаңғыруды бағдар етіп ұстан­ған­да біздің қоғамға ең бірінші қа­жет құндылық – ол тәрбие мәселесі дер едім. Өйткені, қо­ға­мымызды тәрбиесіздік мәселесі де аяқ­тан ша­ла бастады. Оқу-сызуды білетін, озық ақ­параттық технологияны меңгерген, сөйте тұ­ра, тәрбиеден жұрдай, қай жағдайда болса да тек жеке басының пайдасын ең бірінші орын­ға қоятын жастар көбейді. Осыдан қорқу керек.

Осыны ойлағанда, халқымыздың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлының мына сөз-

д­ері еске түседі: «Жаудан да, даудан да қо­рықпаған қазақ едім, енді қорқынышым кө­бейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бе­сігі жоқ елден қорқамын. Екінші – неме­ре­сіне ертегі айтып беретін ата-әженің азаю­ы-

нан қорқамын. Үшінші – дәмді-дәстүрді сый­ламайтын балалар өсіп келеді. Оның қо­л­ына қылыш берсе, кімді болса да шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды.Үй­реніп жатқан бала жоқ. Үйретіп жатқан әке, ана жоқ!».

Елбасы бағдарында бұл мәселе де қам­тылған. Кіндік қаны тамған туған же­ріне, өскен ауылы мен қаласына деген сүйіс­пен­шіліктен жұрдай, ақша үшін өзге елге ке­тіп, қолына қару алып, кісі өлтіріп, қанша қа­зақтың баласы жүр. Өз елінде жүріп-ақ, пай­да табу үшін қолдарын қанға былғап жатқандары қаншама.

Бесігін тербеткен анасынан бастап, тәй-тәйінен жақсы өсиеттерін санасына сіңірген әкесінен жалғастырып, өскен ортасынан ұлтының текті қасиеттерін бойына жинап, дұрыс тәрбие алған бала, әрине, мұндай жат қылықтарға жоламай өседі. Сондықтан, тәрбие мәселесі қоғамымызда қайта көтерілуі керек. Тек сонда ғана біз бүгінгі заманның болмысына сай келмейтін батыстық жаңғыру үлгісін айналып өте аламыз және сол жат үлгідегілерден өреміз де, санамыз да биік болады. Нағыз тәрбиенің жарқын үлгілерін төл тарихымыздан, бабаларымыздың өмір салтынан көре алатынымызды Елбасы есімізге салып отыр. Бар мәселе енді өзімізде, нұсқаған бағдарды ұстана алатын өз санамызда.

Ғаламторды тереңірек зерделесеңіз, Елбасының бұл сөздерін ұлтшылдықпен теңестіріп жатқан сәуегей саясатшыларды да көресіз. Осындай теріс пікірлердің туындайтынын сезген де болар, аталған еңбегінде Елбасы: «Рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды», деп көрсеткен. Расында да, ұлтшылдық деген ұғымға біз тек сонау кеңес дәуірі психологиясымен ғана емес, оның түрлі қырын көрсете алатын жаңаша көзқараспен де қарай алуымыз қажет деп ойлаймын. Кезінде ғұлама жазушы Ғабит Мүсірепов бұл туралы: «Бүгін ұлтшылдықпен күрес болып жатыр. Ертең ұлтсыздықпен күресеміз!» деген екен. Сол айтылған ұлтсыздықтың неге әкелетінін қазіргі заман өзі көрсетіп отыр.

Елбасының бұл еңбегінен туындайтын тағы бір мәселе – ол тәрбиені біліммен ұштастыру мәселесі. Біз соңғы кезде білімге неғұрлым көп көңіл бөле отырып, салт-дәстүрлеріміз арқылы бойға сіңірілетін ұлттық тәрбиемен қабыспайтын, жалаң білімнің қоғамға пайдасы шамалы екендігіне тиісті көңіл бөліп те жүрген жоқпыз. Өз елімізде болсын, шетелде болсын, терең білім алып, сол білімін туған елінің жаңғыруына емес, сол өзі уақытша қарны тойған жат елдің мүддесіне жұмсағысы келетін білімдар жастар да аз емес. Сондықтан да болар, Елбасы өз еңбегінде «Туған жерге туыңды тік» деген халық нақылына да тоқталып, отансүйгіштік қасиеттің қыр-сырын жіктейді.

Бір қуантатыны, қазақ халқы үшін «тектілік» деген жай сөз емес, оның негізінде бабаларымыздан бізге мирас болып жеткен адамгершілік қасиеттердің жиынтығы бар, бізде осы қасиеттерді бойына сіңіруге талпынатын жастар да көп. Елбасының аталған тарихи еңбегі замандастарымыз үшін де, еліміздің ертеңгі болашағы – жастар үшін де ізгілікке толы рухани жаңғыруға жетелейтін бағдар болатындығына сенімдімін.

Бектас БЕКНАЗАРОВ,

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2018

Жаңаөзенде балаларға арналған тегін ІТ сыныбы ашылды

21.06.2018

Ақтөбе облысында қаржы ұйымының озық технологиямен жабдықталған бөлімшесі қызмет көрсете бастады

21.06.2018

Солтүстік Қазақстанда журналистер спартакиадасы өтті

21.06.2018

Таразда тұңғыш рет трансплантациялық ота жасалды

21.06.2018

Б. Сағынтаев пен Ә. Жақсыбеков Түркістан қаласының облыс орталығы ретіндегі даму келешегімен танысты

21.06.2018

Түркістан - бүкіл түркі жұртының рухани астанасы - Сенат Төрағасы

21.06.2018

Алматының әкімі стартап-компанияларының өкілдерімен кездесті

21.06.2018

Еуропа лигасындағы қарсыластар анықталды

21.06.2018

«Жетісу» газетінің жарық көргеніне бір ғасыр толды

21.06.2018

Джокович үлкен тенниске қайта оралды

21.06.2018

Тайсон келесі кездесуін тамызда өткізеді

21.06.2018

Уилшер «Арсеналмен» қоштасады

21.06.2018

«Егемен академиясының» бірінші маусымынан видеорепортаж

21.06.2018

ӘЧ: «Неміс машинасы» атағын қорғай ала ма?

21.06.2018

ӘЧ: Тоналған фанаттар мен жаңарған рекордтар

21.06.2018

Алтынбек Абайұлы: Мақсатым – ақылды адамдарға арналған ұйым құру

21.06.2018

Түркістан облысы: Зиялы қауым не дейді?

21.06.2018

Шетел басылымдары. Түркістанды бауырлас халықтар да қолдайды

21.06.2018

Түгел түркінің тілегі орындалған күн - Құлбек ЕРГӨБЕК

21.06.2018

Астанада көптілділікті дамытуға арналған жиын өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу