Жарыстар күнделігі

Егемен Қазақстан
27.07.2010 411
Бокс. Таяуда Атырауда Қазақстан бокс федерациясы кубогы үшін жарыстың “Батыс” дивизионын­дағы Атырау-Орал командалары арасында матч­тық жекпе-жек өтіп, ол 15:15 есе­бі­мен тең аяқталды. Бі­рақ аса ауыр сал­­мақта атыраулық­тар жеңіске жет­­кен­діктен келесі ке­зеңге солар жол­­дама алды. Ал ку­бок жолындағы алғашқы кездесу 17 шілдеде Ақтау қаласында осы дивизиондағы Ақтау-Ақтөбе ко­ман­­далары арасында өтіп, алдың­ғылары 7:3 есебімен басым түскен еді. Енді 18 қыркүйекте Ақтау және Атырау құрамалары өзара 14 финалдық ойын өткізеді. Кездесу­дің қай қалада өтетінін 6 тамыз күні болатын жеребе анықтайды. Соған дейін “Шығыс” дивизио­нын­дағы Астана-Павлодар (31 шіл­де) және Өскемен-Талды­қор­ған (7 тамыз) командалары кездеседі. Күрес. Венгрияның астанасы Будапешт қаласында өткен грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем біріншілігінде 50 килоға дей­інгі сал­мақта күрескен қазақ­стан­дық Ай­сұл­тан Байзақов күміс ме­дальдің иегері атанды. Ол шешуші белдесуде әзір­бай­жандық құрдасы Ел­даниз Әзиз­ли­ге 0:3, 0:1 есебімен есе жіберіп алды. Әзірбайжан астанасы Баку қа­ласында күрестің үш түрі бойын­ша халықаралық Күрес федера­циясы қамқорлығындағы жарыс өтті. Ресми түрде “Golden Grand Prіx FІLA” деп аталатын бұл бе­делді турнирде грек-рим күресінің шеберлері аренаға ең соңынан шық­ты. Осы текетіресте қазақ­стан­дықтар сапынан Асхат Құ­дай­­бер­генов (55 кг, Ақтөбе облысы) пен Дархан Баяхметов (66 кг, Алматы облысы) қола медальдың иегерлері атанды. Бұл көрсеткіш қазақстан­дықтар арасында бұған дейін күресіп, бірде-бір марапат ала ал­ма­ған еркін күрес шеберлері дең­гейі­нен жоғары болғанымен, сол күні қоржындарына екі ал­тын, екі күміс медаль салған әйелдер күресі өкілдерінен әлде­қай­да төмен. Футбол. Өткен сенбі-жексенбі күндері еліміз Премьер-лигасы 20 турының ойындары ойналды. Олар мынадай нәтижелер әкелді: 24 шілде. “Ертіс” (Павлодар) – “Ақ­төбе” 2:1. 25 шілде. “Тараз” – “Шах­тер” (Қа­­­рағанды) 1:1, “Оқ­жет­пес” (Көкшетау) – “Тобыл” (Қостанай) 1:3, “Қайрат” (Алматы) – “Ақжайық” (Орал) 0:0, “Жетісу” (Талдықорған) – “Атырау” 1:2. Бүгін “Локомотив” (Астана) – “Ор­дабасы” (Шымкент) команда­ла­ры арасындағы кездесумен тур ойындары аяқталады. Турнир кес­тесінде әзірге 20 ойыннан 40 ұпайы бар “Ертіс” бірінші тұр. Екінші ор­ында – 19 ойыннан 38 ұпай жи­наған “Тобыл” командасы. Ал мер­гендер көшін 10 доп соққан то­был­дық Нұрбол Жұмасқалиев бастап келеді. “Егемен-ақпарат”.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.07.2018

Астана перзентханасында тағы бір әйел қайтыс болды

16.07.2018

Үкіметте Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару мәселелері жөнінде кеңес өтті

16.07.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат: Алтайдан Жібек жолына дейін

16.07.2018

Атырауда жылжымайтын мүлік нарығында баға төмендеуі мүмкін

16.07.2018

Нұрсұлтан Назарбаев қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті қабылдады

16.07.2018

Жолдағы жемқорлықты болдырмау жолындағы шара

16.07.2018

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

16.07.2018

Оқушылар Курчатов қаласындағы қасиетті жерлерді аралады

16.07.2018

ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы тағайындалды

16.07.2018

Хантәңірі шыңына медиа экспедиция аттанды

16.07.2018

Оралда «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауының өңірлік іріктеу көрмесі өтті

16.07.2018

Қостанай диқандары «Алқап күнін» өткізді

16.07.2018

Өскеменде «Ізгі жүрек» сыйлығы тапсырылды

16.07.2018

Павлодарда әнші Майраға ескерткіш орнатылды

16.07.2018

Актердің алып ескерткіші бой көтерді

16.07.2018

Асықтан өрілген арғымақ

16.07.2018

GGG белбеулері экспозицияға қойылды

16.07.2018

Айрықша аквасаябақ

16.07.2018

Жаһан жаңалықтары. Роналдудың жейдесі минут сайын сатылып жатыр

16.07.2018

Елдің атын шығарған Ержан балуан

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...

Осы айдың басында Иран Ислам Рес­публикасының президенті Хасан Рухани Швейцария еліне жасаған сапары кезінде мұнай импорттаушы мемлекеттер Иранның мұнайын сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтындарын мәлімдеді. Президенттің бұл мәлімдемесі АҚШ билігінің Иран мұнайын сатып алмауға өз одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымына байланысты болса керек.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Жалғыздық жыры

Жақында жастық шағында жарқылдап дәурен сүрген, марқұм ағамызбен бақытты ғұмыр кешкен, қазір сексеннің сеңгірін саялаған бір жақсы апамыздың көңілін сұрап, халін білгенбіз. 

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

«Қарты бар ел – қазыналы ел»

Осыдан 4 жыл бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде 2030 жылға қарай егде жастағы адамдардың үлесі (2014 жылы – 6,9 пайыз) 11,2 пайызға жетеді деп болжам жасаған болатын. Алайда, бүгінгі жағдай жоғарыдағы көрсетілген жорамалды теріске шығарғандай. Өйткені Қазақстанда қазірдің өзінде жасы 60-тан асқан тұрғындар саны 12 пайызға көбейіп, өмір сүрудің орташа ұзақтығы 72 жасты көрсетіп отыр.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу