Жарыстар күнделігі (04.07.2017)

Егемен Қазақстан
04.07.2017 3939
2

Су спорты
Қазақстандық суда жүзуші, Рио Олимпиа­дасының чемпионы Дмитрий Баландин Болгария ашық чемпионатында брасс әдісімен жүзуден 2 алтын, 1 қола медаль иеленді. 100 және 200 метрге жүзуде Дмитрий алдына жан салмады. Екі қашықтықта да бірінші келді. Ал 50 метрге брасс әдісімен жүзуде қола медальды қанағат тұтты. 
Дмитрий Баландин Болгария ашық чемпионатынан кейін 14-30 шілде аралығында Венгрия астанасы Будапештте өтетін әлем чемпионатына қатысады. Айта кетейік, бұл отандасымыздың Рио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы халықаралық жарысы.

Альпиниада
Алматыда Астана күніне арналған дәстүрлі «Нұрсұлтан шыңы-2017» альпиниадасы өтті. Аталмыш шараға 5 мың адам қатысқан. Оның ішінде Еуропа мен Азия елдерінен келген қонақ­тар да бар. 4 376 метрді бағындыруға тілек білдіру­шілер арасында кәсіпқой спортшылар, балалар мен ересектер де болды. Нәтижесінде, ерлер арасындағы бәсе­кеде Малик Абду-Асет шыңды 1 сағат 55 минут­та бірінші болып бағындырса, әйелдер арасында Айжан Жомбатыр шыңға 2 сағат 27 минутта шықты. 

Теннис 
Халықаралық теннис ассоциациясы теннис­шілердің рейтингін жаңартты. Шілде айының басындағы ерлер арасындағы рейтинг бойынша қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин 118-орнын сақтап қалса, Александр Бублик бір саты төмендеп, 135-орынға сырғыды.
Ал, қыздар арасындағы рейтингте Қазақстанның бірінші нөмірлі ракеткасы Юлия Путинцева 43-орыннан көрінді. Ярослава Шведова екі саты төмендеп, үздік 50 спортшыны қорытындылап тұрса, Зарина Диястың рейтингтегі орны өзгерген жоқ. Ол – 130-сатыға жайғасқан.

Кәсіпқой бокс
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мирас Жақыпов Қытайда өзінің екінші кездесуін өткізіп, 1 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыз жергілікті Тик Туэрхунжиангпен шаршы алаңға шыққан болатын. 
Еске сала кетейік, Мирас Жақыпов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін осы жылдың қаңтар айында өткізіп, қытайлық боксшы Гуанджи Женді ұпай санымен ұтқан еді. 

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу