Жас журналистер бас басылымның батасын алды

Бүгін бас басылым өзінің жас журналистерге арналған бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттады. «Егемен Қазақстан» газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы биыл «Елорда – елдіктің айнасы» деген тақырып аясындағы 3 номинация бойынша – «үздік танымдық материал», «үздік журналистік зерттеу» және «үздік фоторепортаж» үшін жарияланған болатын.

Егемен Қазақстан
04.07.2018 473
2 Суретті түсірген Ерлан ОМАР

Үміткерлердің мақалалары 20 жылдығы атап өтіп жатқан Астана қаласы туралы, оның өткені мен бүгіні, келешегі һәм тұтас ел дамуында алатын орны жайында тарихи-танымдық тұрғыдан жазылып, өзекті мәселелерді қозғаған. Сонымен бірге бас қаланың елімізді әлемге әйгілеудегі рөлі жөнінде де дәйекті ой толғаулар болды. Жалпы конкурсқа отызға жуық материал келіп түскен. Редакция құрамынан жасақталған қазылар алқасы материалдарды қарастыра келе, фото жұмыстар түспеуіне байланысты оның орнына Астана туралы тағы бір үздік материалды «үздік эссе» аталымында марапаттауды жөн көрді. Сонымен, конкурстық комиссияның шеші­міне сәйкес, «үздік танымдық материал» номинациясы бойынша «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі Жәнібек Әлиман, «үздік журналистік зерттеу» номинациясында «Ақ желкен» журналының бас редакторының орынбасары Аслан Тілеген, ал «үздік эссе» номинациясында «Ұлан» газетінің тілшісі Таңшолпан Төлеген жеңімпаз деп танылып, олар­дың әрқайсысына арнайы кәдесый және 200 000 (екі жүз мың) теңге ақшалай сыйлық тапсырылды.

Еске сала кетейік, «Егемен Қазақстан» газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы үшін конкурсы осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2018

Астанада вирусты менингитке күдікті сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

18.10.2018

Еуроодақ саммиті: «Брексит» мәселесі қиындай түсті

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Рольф Драакпен және Мехран Эфтехармен кездесті

18.10.2018

Қарағандыда әнші-композитор Қорабай Есеновтің мерейтойлық кеші өтті

18.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездесті

18.10.2018

Маңғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

18.10.2018

«Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы басталды

18.10.2018

Көлік кептелісінде көмекші - Road Zipper

18.10.2018

«Хабар 24»: «Egemen Qazaqstan»-ға шолу

18.10.2018

Венгрияға баратын балуандар белгілі

18.10.2018

Қыздар университеті туған жерге тағзым етіп қайтты

18.10.2018

Керчьтегі оқиғада қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ

18.10.2018

Илья Теренченко «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды

18.10.2018

Д. Кәлетаев Қостанайдағы үкіметтік емес ұйымдар республикаға үлгі екенін айтты

18.10.2018

Таиланд қазақстандықтарға визаны тегін бермек

18.10.2018

Қызылордада Жолдаудағы тапсырмалардың мәні түсіндірілді

18.10.2018

79 жасында алғаш рет подиумға шыққан Ван Дешунь

18.10.2018

Жалпы азаматтық құқықтар ар-ұждан бостандығымен шиеленіспейді

18.10.2018

Қызылордада апатты үйлер мәселесі шешілді

18.10.2018

Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Ахмет (29.07.2018 15:46:18)

Жас журналисттерді қолдау әдісі өте жақсы. Оларға алдағы уақытта жұмыс жасауға одан әрі мотивация беру

Пікір қосу