Жастық жігер аламаны

«Алматы Арена» мұз сарайында XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада салтанатпен ашылды.

30.01.2017 40

Қазақ елінде тұңғыш рет табан тіреген студенттердің қысқы спорт ойындарына Елбасы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев, шетелдік меймандар қатысты. Өткен жылы ғана пайдалануға берілген әсем де сәнді спорт кешенінің 12 мың адамдық үлкен аренасында ине шаншар орын қалмады.  Қазақстан Универсиадасы тарихында тұңғыш рет әлемдік рекорд жасап, дүние жүзінің 57 елінен спортшы қабылдады. Тікелей таратылған телехабарға әлемнің 80 елі  көз тікті, көрермен аудиториясы 1 миллиардтан асты.

Еліміз Тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде алғаш рет өткізген Азиада ойындарынан соң араға алты жыл салып Алматы 2200-дей спортшыны жылы шыраймен қарсы алды. Барлығы 11 күнге созылатын қысқы спорттың 12 түрінен өтетін бәсекеде 85 медаль жиын­тығы сарапқа салынады.

…Қалың көрерменді селт еткізген дауылпаздың үнімен орталық сахна төрінде «Ұлы дала қойылымы» көрсетілді. Ұлттық дәстүрге сай әсерлі көріністе жүйрік мінген жігіт­тер, көш керуен, тербелген күй­ме, балпаңдай басқан дала ба­тырлары көрерменін сүйсінткені де, сүйсіндіргені де даусыз. Мұндай халықаралық айрықша сайыста алғаш рет көрерменге арнап қазақша «Шашу» шашылғаны да көпші­ліктің ұмытылмастай есінде қалды.

Көп кешікпей әр ел спорт­шыларының алғашқы легі мем­лекеттік туын көтеріп ше­руге шықты. Ауғанстан Рес­пуб­ликасының 3 спортшы­сы жол бастады. Алайда, көңіл қо­ңылтақсып тұрған осы тұста ортаға шыққан Қытай Х­а­лық Республикасының – 119 спортшысы, Ресейдің – 219, Жапонияның – 110, Нор­ве­гия­ның – 80, Универсиада отаны аталатын АҚШ пен Ұлы­британиядан келген барлығы 142 спортшы Алматы­дағы спорттық бәсекенің қызу да қызықты болатынын мең­зеп өтті. Әйгілі әнші Ербо­лат Құдайбергеновтің орын­дауын­дағы «Жігіттер» әнімен шеру тартқан Қазақстан спортшыларына жерлестері  аяусыз құрмет көрсетті, қол соқты, орындарында тұрған бойда би биледі. Бұл жолғы Дүниежүзілік қысқы Универсиадада еліміздің намысын 12 спорт түрінен 175 спортшы қорғайды. Еліміздің Көк байрағын шаңғышы Дәулет Рахымбаев көтеріп алып жүрді.

29-01-02

29-01-03

Театрландырылған шоу көр­сетіліп, күні кеше Қытай елін таң қалдырып ән айтқан Ди­маш Құдайбергенов жұппен ән салды. «Алматы Аренаға» жи­налған көрермен халық шын мәнінде шат көңілге бө­ленді.

Мемлекет басшысы сал­та­натты іс-шараға қатысу­шы­лар­ды Алматыдағы ғаламат спорт мерекесінің басталуымен құт­тықтады.

– Бұл стадионда жер шарын­дағы жетекші жоғары оқу орын­дарының жүздеген өкілдері жиналып отыр. Сіздердің ара­ларыңызда болашақ олимпиа­дашылар мен әлемдік сайыс­тардың жеңімпаздары бар. Сондай-ақ, өзінің мансабын келешекте экономикамен, саясатпен, бизнеспен байланыстыратындар да жоқ емес, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуел­сіз­діктің алғашқы күндері­нен бастап еліміздің ұстанымы бір­лік пен ынтымақтастық орнату, қауіпсіз болашаққа ұмтылыс болғанын атап өтті.

– Спорт, ғылым және мә­де­ниет арқылы біз барлық құр­лыққа тыныштық пен толерант­ты дамудың қазақстандық формуласын жеткізгіміз келеді. Сол үшін ұйымдастыру жұмыс­тары күн сайын қарқын алып, осы мұз сарайы мен бұл ойын­дардың басқа да нысандары зор ықыласпен салынды, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Пре­зиденті Универсиада қала­ның спорт инфрақұ­ры­лы­мын дамы­тудың өзіндік ло­ко­­мо­тивіне айналғанын атап өтті.

– Алматы қазірдің өзінде дау­сыз рекордтар көрсетіп отыр. Қысқы Универсиадалар та­ри­хында алғаш рет мұнда Атлеттер қалашығы салынды. Бұл жобаға жұмсалған инвес­тиция қазақстандықтардың игілігіне қызмет ететін болады. Ареналар көпшілікті бұқаралық спортқа тартатын орталыққа айналады. Атлеттер қалашығы 1700-ден астам отбасына ар­нал­ған қолжетімді әлеуметтік тұрғын үйі бар жаңа шағын
ауданды құрайды. Универсиада әлемнің 80 мемлекетінде 43 телеарна арқылы көрсетіледі. Оның аудиториясы бір мил­лиард­тан астам адамды
қам­­­тиды. Универсиаданың қа­на­­тын кеңге жайғанын, өзінің бас­талуының тарихи сәтіне дайын екенін көріп отырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Универсиада өтіп жатқан орынның бірегейлігіне назар аударды.

– Алматы 1000 жылдық тарихы бар қала, Қазақстанның жаңа дәуірі бастау алған алтын бесік. Бұл – қарқынды дамып келе жатқан, заман­ауи қала, іскерлік орталығы және ел экономикасының қоз­ғау­шы күші. Жастар қаласы. Студенттер қаласы. Қазақ­стан­ның жоғары оқу орын­дары­­ның үштен бірі осында орналасқан, оларда 137 мың сту­дент білім алуда. Аты аңыз­ға айналған және бәріміз жақсы көретін «Медеу» мұз айдыны бұрынғы даңқын қайта жаңғыртып, қайтадан ауқымды жарыстардың атмосферасын сезіндіретін болады. Іле Алатауы бөктерінде «Шымбұлақ» алмастай жарқырап тұрады. Универсиада саламатты өмір салтының рәмізіне айналады. Оның нәтижесін ұлтымыздың денсаулығын нығайту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалармен салыстыруға болады, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жа­­рыс­ты ұйымдастыруға қол­дау көрсеткені үшін осы жаһан­дық мерекені әзірлеуге атса­лыс­қандардың бәріне, соның ішінде үш мың волонтерге, Халықаралық студенттік спорт федерациясына және оның президенті О.Матыцинге алғыс білдірді.

Қазақстан Президентінен кейін сөз алған Халықаралық студенттер спорты федера­ция­сының (FISU) президенті Олег Матыцин Алматы Универ­сиадасының тағы бір өзгешілігі тарихта алғаш рет үнемді спорт жарысы болғанына тоқ­тап, айрықша атап өтті. Дүние­жүзілік студенттер жары­сы­ның өз дәрежесінде өтуіне қамқорлық танытқаны үшін Елбасына рахмет айтты, спорт­шыларға табыс тілеп, сөзін «Алға, Қазақстан!» ұранымен бітірді.

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах онлайн-режімде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен FISU президенті Олег Ма­тыцинді, барша спорт­­шылар мен жанкүйер қауым­­ды Алматыда өтетін XXVIII Дүние­жүзілік қысқы Универ­сиа­да­ның ашылу  күнімен шын жүректен құттықтады.

Алматы Универсиадасына жасөспірімдер Олим­пиа­дасының 3 чемпионы мен бір қола жүлдегері, жастар чем­пио­наттарының 11 жеңімпазы, қыс­қы Универ­сиаданың 6 чемпио­ны, FIS старты мен Әлем кубогының 20 чемпионы мен жүл­дегерлері қатысатыны да спорт­тық бұл жарыстың мәрте­бесін биіктете түсері анық.

Дәл осы арада Қазақстан Универсиада құрамасының үміт артар сайыпқыран спортшылары туралы жеке-дара тоқталып айта кеткен де жөн сияқты.

Ең алдымен, айтарымыз, бүгінде есімі әлемге танылып үлгерген мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің байрақты бұл бәсекеде алар орны ерекше боларына ешкім күмән тудыр­масы анық. Денис – Қазақстанның бес дүркін чемпионы, 2014 жылғы қысқы Олимпиялық ойындардың қола жүлдегері, 2013 жылы әлем чемпионатында күміс  медаль иеленді. Сол секілді, қазақстандық фристайл шеберлері Юлия Галышева, Павел Колмаков, Жанбота Алдабергенова, конькимен жүгіру спортынан Роман Керч пен Станислав Палкин, шорт-тректен Айдар Бекжанов пен Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев пен Денис Никиша және басқалары бәсеке кезінде  Қазақстанның атынан сайысқа түсер шыныққан спортшылар екенін шын мәнінде дәлелдейтін сәттері туды.

Өз кезегінде Қазақстан спортшылары үшін жарыс жолының оңай болмасы және белгілі. Алматыға Ким Аланга келді. Шорт-тректен  Ким бұған дейін екі мәрте әлем чемпионы атағын алып үлгерген және 2015 жылғы Универсиаданың екі дүркін чемпионы болған Михаил Максимочкин (Ресей), қысқы жастар ойындарының чемпионы (2012) биатлоншы Ким Чеолюнг (Оңтүстік Корея), 2015 жылғы Универсиада чемпионы фристайлшы Николь Кучерава (Чехия) Универсиада чемпионы (2013) конькимен жүгіруші оңтүстіккореялық Хванг Хиун-Сан, әлем кубогын екі рет иеленген француз биатлоншысы Батист Жути, жас­тар арасындағы шорт-тректен өткен жарыстың жеңімпазы (2014) Доминик Бялобыжски, сондай-ақ, шорт-тректен  Уни­версиада чемпионы (2015) қы­тай­лық Чен Гуангтің Алматы спорт алаң­дарындағы ойындары на­ғыз бәсекені қыздырары анық.

Сол секілді,  Алматы Уни­вер­­сиадасына Ресей спортшы­лары жаңа құраммен жасақталып келгені де әріп­тестерін қызын­дырып, ши­рық­тыра түспек. Орыс спортшылары арасында бірқа­тар әлем және Еуропа чемпиондары сап түзеп тұр.

…Ортаға еліміздің түкпір-түкпірінен эстафеталық жолмен әкелінген алау көтерген айтулы спортшыларымыз шығып, уық шаншылғандай әдемі әсер қалдырған әсем ыдысқа  Уни­версиада Алауын жақты.

Елбасы Алматыда XXVIII Дүниежүзілік қысқы Уни­вер­сиада ашылды деп жариялады.

«Алматы Арена» мұз са­райының жанынан көкке атыл­ған отшашу түнгі Алматыға ерекше әр берді.

Алматы Универсиадасына, ақ жол!

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

Сункар

фото 3

Баландин Дмитрий -Алтынбекова Сабина

2352_800x500_a82

Суреттерді түсірген Айтжан МҰРЗАНОВ


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2017

Қызылордада дзюдодан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды

24.03.2017

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану азайып келеді

24.03.2017

Мәжіліс жалпы отырыста қаралатын мәселелерді нақтылады

24.03.2017

«Баласағұн кітапханасы» сериясы бойынша 18 кітап жарық көрді

24.03.2017

Көктемгі мұзға шықпаңыздар!

24.03.2017

​Батыс Қазақстанда денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

24.03.2017

​«Қытайлық қауіп» туралы әңгіме негізсіз – ҚХР елшісі

24.03.2017

Қазақ футболын дамытқым келеді – Хидир Акбаш

24.03.2017

Қытайда тұрғын үй ішінен пойыз өтеді

24.03.2017

​ЭКСПО көрмесіндегі Қытай павильонының ауқымы үлкен – ҚХР елшісі

24.03.2017

ОҚО-да жыл соңына дейін 150 дәрінің бағасы көтерілмейді

24.03.2017

Қытайда электр қуатынсыз отырған отбасы жоқ - Қытай елшісі

24.03.2017

​Қытайда 1 жылда 13 млн 140 мың жұмыс орны ашылған

24.03.2017

Еуро-2018. ​Футзалдан Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

24.03.2017

​Қытайлық туристер ЭКСПО-ға үлкен топ болып келеді

КОЛУМНИСТЕР

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Самарқанның көк тасы жібіген күн

Дана халқымыз әспеттеп, әзиз-әулиеге теңеп «Әз-Наурыз» деп атайтын Ұлыстың Ұлы күні биыл еліміз үшін айрықша сипатта тойланды.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Корея: себеп пен салдар

Оңтүстік Кореяның Мемлекет­тік кеңесі биылғы жылдың 9 мамырын­да мерзімінен бұрын президент­тік сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Осының алдында, яғни 10 наурызда елдің Конституциялық соты парламенттің президент Пак Кын Хеге импичмент жөніндегі шешімін бекіткен еді. Осылайша, сот бес-алты айға созылған саяси дағдарысқа нүкте қойғандай болды.

Жанкелді ШЫМШЫҚОВ, экономика ғылымдарының кандидаты

​Шикізат өндірісінде шикілік болмауы тиіс

Президент Жолдауының үшінші мін­дет­те­­ме­сін­де «Эко­но­микалық өсімнің тұ­рақ­ты­лы­ғы үшін елдің кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стра­те­гиялық маңызын сақтауға тиіс», − де­лінген.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Үйлесімін тапқан ұтылмайды

Қазіргі жаһандық өркениет өзінің құндылықтарын қайта қарау үстінде. Бұл үдеріс біршама күрделі сипатта өтуде. Заманауи тарихи кезеңде кез келген тұрақты дамуды өзіне саяси бағдар еткен ел үшін мәселенің барлық қырларын ескеру маңызды. Жалпы, құндылықтар дағдарысы дәуірінде сыртқы және ішкі саясатты үйлесімді жағдайда ұстауға ұмтылған ұтылмайды.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Наурыз нұры

Қазақтың Наурызы. Ықылым за­ман­дардан бергі кіндігімізбен бай­лан­ған, болмысымызға айналған, жан дү­­­ниемізде байырқалап жайланған Жыл басы. Осы асылымыздан алпыс екі жыл бойы көз жазып қалып, одан Тәуелсіздігіміздің алдында Тә­ңі­­рі жарылқап қайта қауышып, ар­қа-жарқа қуанышпен дүбірлеп, күм­бір­леп көзайым болған керемет күн­дер де дәл бүгінгідей есімізде.

Пікірлер(0)

Пікір қосу