«Жасыл» энергетика жетістіктері

Француз Республикасы павильонының тұғыры
Егемен Қазақстан
14.06.2017 1035
2

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің  ашылу салтанатына байланысты 10 маусымда Француз Республикасы павильонының ресми ашылуы өткен болатын. Кеше Франция павильонының Бас комиссары Паскаль Лоро халықаралық көрмеге тіркелген БАҚ өкілдерімен пресс-тур өткізді. 

Франция павильоны  ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ең ірі павильондардың бірінен саналады. Оның жалпы аумағы 1084 шаршы метрді алып жатыр.  Осы көрме алаңында француздың әлемге әйгілі 8 компаниясы мен стартаптары жаңғырмалы энергетика саласындағы озық жетістіктері мен инновациялық технологияларын паш етуде.  Бұл реттегі олардың басты мақсаты – әлемдік қауымдастық назарын энергия тұтынудың үнемді үлгілерін пайдалану қажеттігіне аудару және климаттың өзгеру үрдісін тоқтатуға бағытталған шешімдерді ұсыну. Франция павильонының жәді­гер­лері негізінен 3 тақырыпқа топтасты­рылған. Олар: «Экологиялық қала», «Жаң­ғыр­малы энергия» және «Экология­лық көлік». Осыған байланыс­ты пави­льонның бірінші қабатындағы 7 бөлмеде көрме қонақтарына «жасыл» энергетика жетістіктері ұсынылған. 
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Фран­ция павильонының әріптестеріне француз өнеркәсібінің 5 көшбасшысы – Peugeot, Saint-Gobian, Total, Veolia, Vicat компаниялары,  lter халықаралық жобасы, ADEME және  Syctom мемлекеттік агенттіктері кіріп отыр. Франция павильонының аясында олар өздерінің озық жетістіктері мен инновациялық технологиялары арқылы энергетика саласындағы жаһандық сын-тәуекелдерге жауап ұсынады.  Мәселен,  Saint-Gobian компаниясының көрмедегі жәдігерлері арқылы ғимараттарда тұрғындар үшін қандай  қолайлы жағдайлар жасалатындығы  көрініс тапқан. Syctom – қоршаған орта мен экология проблемаларына байланысты тұрмыс қалдықтарын жинау және қайта өңдеумен айналысатын мемлекеттік агенттік болып табылады. Агенттік тұрмыс қалдықтарын қайта өңдеу арқылы жаңғырмалы энергия қуатын алу технологияларын да паш етеді. Бұл компания Париж қаласы мен оның аумағындағы елді мекендерде 6 млн халық тұратын аумақта күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды жинап,  қайта өңдеумен айналысады. Ол жылына 2 млн 300 мың тонна тұрмыстық қалдықтарды өңдеп,  әртүрлі тұрмыстық заттар өндірумен бірге 300 мың тұрғындар қоныстанған үйлерді тұрақты жылумен қамтамасыз етеді.
  Vicat компаниясының павильонға қойған жәдігерлері арқылы бұдан 200 жыл бұрын ойлап табылған құрылыс материалы – цементтің жаңа технологиялар қолдану арқылы қандай пайда беретіндігі көрсетіледі. Компания жәдігерлері қойылған бөлмеге кірген қонақтар жасанды цемент ойлап тапқан француз өнертапқышы Луи Виканың бетоннан жасалған мүсінін көреді. Одан әрі бетонның «Болашақ қаласы» жобасы аясында қалай пайдаланатыны көрсетілген. Мәселен, тұтас үй қабырғасындай бетон плитасынан шыны сияқты келесі жақты көруге болады. Сонымен бірге, бетон қабырғада жасыл жапырақтар мен бұталарды да өсіруге болатындығы нақты тәжірибемен көрсетілген.  
Peugeot – әлемдегі экологиялық  көлік шығаратын көшбасшы компания болып табылады. Peugeot компаниясының жәдігерлері қойылған бөлме өз уақытының озық тұлғасы болған француз кәсіпкері Арман Пежоның өмірі және қызметіне байланысты деректермен ашылады. Француздың әйгілі компаниясы 1955 жылдан бері электр көлігін жетілдіру жұмысымен айналысып келеді. Бүгінде компанияның экологиялық көлік ретінде ұсынатын өнімдерінің қатарында әлемге танымал электр велосипедтері, электроскутерлер, жеңіл және жүк электр автомобильдері бар. Павильондағы экологиялық көлік бөліміне қойылған Peugeot компаниясы шығаратын 270 аттың күші бар, 4 цилиндрлі двигательмен жабдықталған гибридті автомобиль  келушілердің назарын еріксіз өзіне аударады.
Еуразия аймағындағы PSA тобының бас директоры,  Peugeot компаниясының атқарушы вице-президенті Кристоф Бержеранның айтуынша, аталмыш компания әлемдік нарықта экологиялық қауіпсіз көлік және көлік құралдарын шығаратын жетекші компания болып табылады. Алдағы уақытта бұл компания өз жұмысын заман талабына сай жетілдіре беретін болады.

Лоро ПАСКАЛЬ, Франция павильонының Бас комиссары:

Қазақстанның бас қаласы – Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі соңғы кезде өткізілген көрмелер ішіндегі үздік шара болатындығы қазірдің өзінде белгілі болып отыр. Қазақстан бұл халықаралық ауқымды шараға зор жауапкершілікпен және үлкен әзірлікпен келді. Тарихи қысқа мерзімнің ішінде ЭКСПО көрмесі үшін заманауи технологиялармен жабдықталған болашақ қаласы бой көтерген.  Президент Нұрсұлтан  Назарбаевтың дара басшылығының арқасында Қазақстан әлемде зор беделге ие болды. ЭКСПО көрмесі Қазақстанның беделін бұрынғыдан да көтеретін болады. Франция павильоны ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ірі де іргелі павильондарының бірінен саналады. Біз мемлекетіміздің павильонын жабдықтау мақсатында  үлкен жұмыс атқардық. Біздің павильон энергетика саласындағы еліміздің жетекші кәсіпорындарының бүгінгі жетістіктері мен озық технологияларын паш етеді. «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аясында біз өзіміздің инновациялық технологияларымызды таныстыра отырып, жаңғырмалы энергетика саласындағы тәжірибемізді одан әрі дамытуда  мол мүмкіндіктерге қол жеткіземіз деп ойлаймын.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, 
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.10.2018

Ádep pen ádet

19.10.2018

Агросекторда ілкімді қадамдар қажет

19.10.2018

Инвестор тақыр жерге келмейді

19.10.2018

Тұрмыс сапасын арттырудағы іргелі істер

19.10.2018

«Барыс» - «Трактор»: 5:4

19.10.2018

Керчьтегі қарулы шабуыл жиырмадан аса адамның өмірін қиды

19.10.2018

Нұрлан Нығматуллин: Бұл – бүкіл халықтың жағдайын жақсартуға арналған Жолдау

19.10.2018

Жас спортшы джиу-джитсудан күміс медаль иегері болды

19.10.2018

Ресми бөлім (19.10.2018)

19.10.2018

Жаһандық үнқатысу алаңындағы жүздесу

19.10.2018

Серіктестік серпінді дами береді

18.10.2018

Егемен академиясында Қайнар Олжай дәріс оқиды

18.10.2018

Астанада вирусты менингитке күдікті сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

18.10.2018

Еуроодақ саммиті: «Брексит» мәселесі қиындай түсті

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Рольф Драакпен және Мехран Эфтехармен кездесті

18.10.2018

Қарағандыда әнші-композитор Қорабай Есеновтің мерейтойлық кеші өтті

18.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездесті

18.10.2018

Маңғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

18.10.2018

«Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы басталды

18.10.2018

Көлік кептелісінде көмекші - Road Zipper

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу