«Жасыл көпір» арқылы «Жасыл технология» орталығына жетеміз...

ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­сі қалашығы аумағында «Жасыл кө­пір» серіктестік бағдарламасы» ха­лықаралық форумы басталды. Екі күнге жал­ғасатын шарада «жасыл эко­номика» саласында тех­но­ло­­гиялар, халықаралық тәжі­ри­бе­­­мен алмасу, даму мен бизнесті кө­­­гал­­дандыру мәселелері тал­қы­ла­нуда.
Егемен Қазақстан
13.07.2017 1396
2

Сонымен қатар, Париж климаттық келісімін іске асыру және «жасыл» қар­жыны мобилизациялау үшін төмен көміртекті технологиялар мен саясат жө­нінде сөз болмақ. Жиынға Нобель сый­­лығының лауреаты Рае Квон Чунг, Пәкістанның климатты өзгерту жө­ніндегі федералды министрі Захид Ха­мид, Қазақстандағы БҰҰ даму бағ­дар­ла­масының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура және басқа да халықаралық жә­не үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес қоғамдастықтың жоғары лауазымды өкіл­дері қатысуда. 
Басқосу барысындағы баспасөз мәс­лихатында Энергетика министрі Қа­нат Бозымбаев Қазақстан ұлттық дең­гейде экономиканы жаңғыртудың ау­қымды бағдарламасын жүзеге асыруға кіріс­ке­нін жеткізді. «Жасыл» экономикаға кө­шу үшін заңнамалық база құрылды. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші болып мемлекеттік деңгейде «жасыл» экономикаға көшудің стратегиялық құжатын қабылдап, оны төрт жылдан бері сәтті іске асырып келеді. Өңірлік тұрғыда Қазақстан энергиялық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етуде жауапкершілігі жоғары әрі сенімді қатысушы ретінде өзін көрсетуде. Еліміз тұрақты саяси және экономикалық дамуға үндеу жа­сап келеді. Өткен жылы Париждік кли­маттық келісім күшіне енді. Барлық елдердің алдында ғасырдың соңына дейін екі градустық деңгейді ұстап тұру мақсаты тұр. Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылдағы деңгейге қарағанда 2030 жылға қарай 15 пайызға төмендету міндетін өзіне алды. Жаңаратын энергия көздерін дамыту, энергия үнемдеу, энергия тиімділікті арттыру, көлікті экологиялық таза отын түрлеріне көшіру, сондай-ақ, орманды алқаптардың аумағын арттыру секілді шараларды іске асыру алға қойылған мақсат-міндетті орындауға мүмкіндік береді», деді министр. Оның сөзіне қарағанда, «Жасыл көпір» серіктестік бағ­дарламасы «жасыл» технологиялар трансферті жолымен белгіленген мақ­сат­тарға қол жеткізуде маңызды рөл атқ­ара алады. Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін «жа­сыл» климаттық қордың және өзге де ха­лық­аралық қаржы институттарының инвестициясын тарту қарастырылып отыр. 
Энергетика министрі елімізде «Жа­сыл көпір» бастамасын дамытудың ке­лесі қадамы «Жасыл технологиялар» халықаралық орталығын құрумен жал­­ғасатынын жеткізді. Қазақстан 
През­идентінің бұл бастамасына бүгінде халықаралық ұйымдар қолдау білдірген. «Қазақстан дәйекті түрде «жасыл» экономикаға ауысу тұжырымдамасын жүзеге асыруда. Осы тұжырымдаманы іске асырудағы қадамдардың бірі –ЭКСПО павильондары бірінің базасында «Жасыл» технологиялар және инвестициялар орталығын құруға негізделген. Өздеріңіз білесіздер, орталықты БҰҰ-ның түрлі ұйымдарының қолдауымен құру қарастырылып отыр. Сонымен қатар, біз жеке капиталдың қатысуын да ескерудеміз. Жаңа жылға дейін негізгі құжаттарға қол қойып, келіссөздерді аяқтаймыз деген ойдамын. Осы ретте алдағы жылы орталық толыққанды қызмет етуі тиіс», деді Қ.Бозымбаев.
Конференция барысында «жасыл» технологиялар саласында Австриялық технологиялар институтымен, «KaukoInternational Group» фин компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Форумның екінші күнінде, яғни, бүгін, 13 шілдеде конференция қатысушылары «Арнасай» жасыл технологиялар орталығында болады. Онда инноваторлар мен жастардың қатысуымен «жасыл» технологиялар көрмесімен, Қазақстанның бірінші «жасыл» ауылымен, «EXPO-Camp» жасөспірімдер лагерімен таныстыру шаралары өтпек.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2019

Орал қатты қалдықты өңдеуге кірісті

18.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралдан» ұтылды

18.02.2019

Семейде математикадан аймақтық олимпиада өтті

18.02.2019

Шымкентте өртеніп жатқан үйден сәбилерді аман алып қалған жас батыр марапатталды

18.02.2019

Семейде татар халқы  «Самавыр янында» бас қосты

18.02.2019

Жетісу кәсіпкерлері көшелерді  жарықтандыруға кіріседі

18.02.2019

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтеді

18.02.2019

Жапония мен Түрікменстан өкілдері кездесті

18.02.2019

Баку қаласында Каспий теңізі мәселелері жөнінде отырыс өтеді

18.02.2019

Алматыда 120 көшеге энергия үнемдейтін жарықдиодты жарықтандыру орнатылады

18.02.2019

Астана-Қарағанды тас жолы қатты бұрқасын салдарынан жабылды

18.02.2019

Алматы облысында 365 күнде 365 кәсіпкерден өтініш қабылданды

18.02.2019

Атақты дизайнер қиын жағдайға тап болған әйелдерге 50 киім үлгісін сыйлайды

18.02.2019

2018 жылы қызылшамен ауырғандар саны өскен

18.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді

18.02.2019

Ақтаулық ата-аналар Оксфордтық курсты оқыды

18.02.2019

Қостанай ювеналдық сотында «Отбасы бөлмесі» ашылды

18.02.2019

Донецк қаласында бірнеше жарылыс болды

18.02.2019

Үндістан үкіметі Эверестің биіктігін қайта өлшемек

18.02.2019

Қазақстанда қанша қасқыр бар?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу