Жат ағымның көксегені – іріткі салу

Әлемдік қоғамдастық Қазақ­станды ынтымақ пен бір­лікті ту еткен ел ретінде құр­меттейді. Бұл, біріншіден, хал­қы­мыз­дың татулық, дос­тық, тыныш­тық сынды қа­сиет­ті ұғым­дардың мәнін, қаді­рін терең түсініп, оны қастер­лей білуінің жемісі.
Егемен Қазақстан
07.08.2017 1004

Біз бір үзім нан үшін босқынға айналған халықтардың өмірінен сабақ алсақ, ел тыныштығы мен тәуелсіздігімізден артық бай­л­ық жоқ екеніне көзіміз жете түсе­ді. Бү­гін­де әлем экономикалық қана емес, рухани дағдарысқа да ұшы­рау­­да. Діни дүрдараздықтар мен ұлт­­ара­­лық жанжалдар дөңгеленген дү­ние­ні жағадан алып тұр. Сон­дық­тан елі­мізде төзімділік пен өзара се­нім­ді одан әрі нығайтып, қоғамда ізгі­­лік­ті кеңінен насихаттау аса маңызды.
Елімізде қандай да бір ресми немесе міндетті діннің жоқты­ғын Қазақ­стандағы мемлекет­тік-кон­фес­сиялық қарым-қа­ты­настың бас­ты сипаттамасы ретінде анық­тауға болады. Бұл еліміздің ар-ождан және діни сенім бостандығын мо­йындай­тындығын және оның қор­ғалуын қамтамасыз ететіндігін, аза­мат­тардың өз еркімен және қан­дай да бір мәжбүрлеусіз дінге қаты­насын анықтай алатынын немесе өзін қандай да бір дінмен байланыстырмай және белгілі бір діни инс­титуттарға жүгінбей-ақ өмір сүре алатындығын білдіреді.
Мемлекет пен дін арасын­дағы қарым-қатынасты ұйым­дас­тырудың осындай тәсілі елі­­мізде мәде­ни және дүние­таным­­дық саналуан­ды­лық пен плюрализмнің орнығуы­на жағдай жасап отырған көп этнос­ты және көп конфессиялы Қазақ­стан­ның үйлесімді даму мақсатына толық­қанды сәйкес келеді.
Дін істері және азаматтық қо­ғам министрі Н.Ермекбаевтың ха­лық­қа есеп беру жиынында кел­­тір­­­ген мәліметтеріне сү­йенсек, қазір­­гі күнде елімізде 18 кон­фессия тір­­келген. Қазақ­стан­дықтардың 15 па­йызы діндар адамдар болса, 75 пайы­зы Құдайға сенеді, деген­­мен олар діни жоралғыларды тұрақ­ты орындамай­ды және діни бір­лес­тіктер қызметіне тартыл­маған. Ал өздерін атеист немесе агностик санау­шылар саны шамамен 10 пайызды құрайды.
Бүгінде қоғамды алаңдатып, мә­селе туындатып отырған жат ағым­да­р­дың әрекеті кез кел­ген аза­мат­ты ой­ландырмай қой­майды. Осы ба­ғыт­тағы кей­бір келеңсіз істер қоғам­дық мәселе­лерді өршітіп отыр. Мәсе­лен, қазіргі кезде халық ішін­­де үрей тудырып, сананы тұм­­шалауға күш салып жатқан сала­физм идеологиясының кері ықпа­лы бай­қалуда. Бұл топ өздерін ал­ғаш­қы­лардың жолын жалғаушы «салафи­лер» деп атағанымен, шын мәнінде олардың уахабилік көз­қарасты ұстанушылар екенін анық аңғаруға болады. Осындай парық­сыз көріністердің салдарынан елі­міз­дегі мешіттерде салафизммен сана­сы уланғандар­дың тарапынан кейбір келіспеу­шіліктер де орын алуда. Қазіргі таңда бұл ағым ел ішін жаппай жаулап, өзіндік теріс әсерін тигізуде. Сон­дық­тан, олардың соңынан ерген жас­тарымызбен кешенді түрде үздік­сіз жұмыс жүргізу керек. Жат ағым­дар­дың жетегінде кеткен кей­бір жас­тарымыздың дені ақи­қаттан шеттегендер. 
Осы орайда дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру­дағы уәкілетті орган – Дін істері және азаматтық қоғам ми­нистр­лігі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыс­тарын жалпы профилактика және мақсатты реабилитация бағыт­тарында жүргізуде.
Жалпы, профилактикалық шаралар қоғамда діни-экстремис­тік идео­логияға қарсы түсінік қалып­тастыруды, дінге қызы­ғу­шылық танытатын тұрғын­дардың сауатын көтеруді көз­дейді. Ал мақсатты реабилитация жұмыстары экстремистік ағымдар идеологиясының ықпа­лы­на түскен адамдарды теоло­гия­лық тұрғыдан дәстүрлі сенім­ге қай­тару мақсатында жеке жұмыс­тар жүргізуге арналып отыр. Мұн­­дай шаралардың аза­мат­тарға психоло­гия­лық және құқықтық қолдау көрсетуде маңызы зор.
Халық ішінде кейбір діни мәсе­ле­­лер­­дің қайсысы дұрыс, қайсысы бұ­рыс екендігін ажырату барысында шиеленісіп бара жатқан жайт­тар бар. Мәселен, кейбір жас­тары­мыздың «Әке-шешеңе Құран бағыштама, олар намаз оқы­маса – кәпір болғаны», деген маз­мұн­дағы пікірі дәстүрлі діні­мізді ұстану­шы жамағатты алаңдатуда. 
Ащы да болса шындығы сол, кейбір жастардың ислам шари­ғатында жоқ нәрселерді саналарына тез сіңіріп алуда. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сен­дерге бірге болу – міндет», деп дүниеден өтерінде үмметін бөлінуден барынша сақтандырған екен. Сондықтан бүгінгі таңда радикалдардың шыр­ға­лаңына түскен қаракөздеріміз руха­ни әрі психологиялық көмекке мұқ­таж болғандықтан, алдымен олардың діни сауаттылығын, зайырлы кәсіби білімін жетілдіріп, патриоттық әрі ұлттық санасын жандандыруға көңіл бөлген жөн.
Ел ішінде жат ағым болып табылатын салафизм идеясы бойын меңдеген адамның психо­ло­гия­сының өте күрделі екенін білуі­міз қажет. Олардың санасы уланған­дығы соншалықты, ақты – ақ, қара­ны қара деп өз еркімен ажырата алмайтын жағдайға жеткен, тіпті айналасындағы адамдарды мұсылман деп қабылдай тұра, ата-анасын, туыстарын адас­қан, тозақы деп таниды. Тұла бойындағы тұм­ша­ланған көз­қарас оны адами болмысынан айырып, мейірім мен жанашыр­лықтан жұрдай еткендей. 
Қазіргі таңда қоғамымызды жаман, жат іс-әрекеттерден арашалау үшін мемлекет тарапынан барынша күш жұмсалып жатқандығын көріп отырмыз. Мұның барлығы жастарымыздың жат ағымдардың тұзағына түспе­сін, жігерлері мұқал­масын, тура­лықта болсын деген ниетпен жасалып жатыр. 
Негізінде, жат ағымдағы­лар­дың аңдығаны – тату елдің бірлігіне, тір­лігіне іріткі салып, бүлік тудыру. Себебі, олар елдің бірлігі мен тір­­лі­гін тозды­рып барып, көк­сеген мақ­сат­тары­на жету үшін әрекет ету­де. Елді арандатуға, ауыз­бір­­лік пен тыныштықты бұзуға ниет­тен­ген­дердің қадамына тұсау салатын құ­зырлы органдар бар. Десек те, біздікі мақсатымыз жүк­ті жұмыла көтерген әлдеқай­да жеңіл болатынын еске салу. «Әр қазақ – менің жалғызым» деген сөздің мәніне терең бойлай отырып, азаматтары­мызды жат ағымдардың шырмауынан қорғап, оларды дәстүрлі ортаға қайтару – баршамыздың ортақ міндетіміз. 

Тұрар ӘБУОВ,
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Дін мәселелерін ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ-ның бөлім басшысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу