Жекеменшік балабақша тәрбиешілерін мемлекеттік бюджеттен оқыту қарастырылуда

Егемен Қазақстан
06.12.2016 91
Қазақстанда 2017-2019 жылдарда 154,5 мың орынға 1 630 мектепке дейінгі мекемені ашу жоспарлануда, оның ішінде 154,5 мың орынға шақталған 970 жекеменшік ұйым ашылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысы кезінде ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндады. Е.Сағадиевтің айтуынша, қазіргі кезде 9 407 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, олардың ішінде жекеменшіктің үлесіне 2 413 немесе төрттен бір бөлігі тиесілі. 2016 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 811 бірлікке арттырылды, оның ішінде МЖӘ тетіктерін қолдану есебінен 1,3 мың орынға шақталған 7 балабақша ашылды. Жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер саны 10 есеге артып, 100 млрд. теңгеден астам жеке инвестиция мектепке дейінгі тәрбие мен білім жүйесін дамытуға жұмсалды. Қазіргі кезде концессиялық жобаларды басқару үшін 14 МЖӘ аймақтық орталықтары құрылды. ҚР БҒМ ақпаратына сәйкес, мемлекеттік тапсырысты балалардың нақты болуымен байланыстырмау бойынша мектепке дейінгі мекемелерге мемлекеттік тапсырыс беру Ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұл аталған мекемелерге ғимаратты ұстау, персонал еңбекақысы бойынша шығындарды төлеуге мүмкіндік береді. Заңнамалық негізде жеңілдіктер ұсыну мәселесі реттелді. - Атап айтқанда, корпоративтік салық алынбайды, жер салығының мөлшерлемесі 10 есеге төмендетілді, мүлікке салынатын салық салықтық базаға 0,1% мөлшерлемесінде есептеледі. Жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілерін мемлекеттік бюджет есебінен оқыту мәселесі пысықталуда. Жалпы, «Концессиялар туралы» және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңдары аясында жергілікті атқарушы органдар білім беру саласында жалпы сомасы 65,3 млрд. теңгеге балабақшалар, мектептер мен колледждер құрылысына қатысты МЖӘ 99 жобасы бойынша жұмыстар жүргізуде, деп атап өтті Е.Сағадиев. Арнұр АСҚАР, "Егемен Қазақстан".
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.09.2018

СДУ әлемге танылған бүркітші Айшолпанға 100% білім грантын ұсынды

26.09.2018

Мырзашөлде «Ақ керуен-2018» салтанатты іс-шарасы өтті

26.09.2018

Мемлекеттік қызметшінің жалақысы жаңаша төленеді

26.09.2018

Ақтөбелік аграршылар 500 мың тоннадан астам бидай жинауды жоспарлап отыр

26.09.2018

Бақыт Сұлтанов 7 жасар баланы құтқарған астаналықты марапаттады

26.09.2018

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.Айтпаева тұрғындарды қабылдады

26.09.2018

Michael Kors Versace сән үйін сатып алады

26.09.2018

Ақтөбе облысында тұрақтандыру қорын құруға 309 млн теңге бөлінді

26.09.2018

Мұхамеджан Тынышбаев пен Тұрар Рысқұловтың ескерткіші ашылды

26.09.2018

Атырау облысының әкімі халықтан түскен шағымдарға уақтылы жауап беруді тапсырды

26.09.2018

Бүгін WSB-ның финалы өтеді

26.09.2018

Аса ауыр салмақтағы дзюдошыларымыз жеңілді

26.09.2018

Astana Media Week: Қазақстан телеарналары шетелдік экрандарда

26.09.2018

Қазақстанның тумасы суперчемпион атағы үшін айқасады

26.09.2018

Бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты Үндістанда өтетін болды

26.09.2018

«Астана Опера» сахнасында «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалі ашылады

26.09.2018

Қостанайда төртінші Цифрлы ХҚО ашылды

26.09.2018

Семей ядролық сынақ полигонының жағдайы ғылыми басқосуда талқыланды

26.09.2018

Конуэй қалашығы су астында қалып отыр

26.09.2018

Қазақстанда неміс технологияларын қолдануды жоспарлап отыр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

Jańa mamandyq jaıy

«Erinbe. Eńbek et, mal tap» degen sózdi Abaıdan keıin ata-analarymyz jıi aıtatyn. Alaıda áleýmettanýshylar eńbek etý men tabysty bolýdyń mazmuny men shynaıylyǵy ózgerdi degendi alǵa tartady. Al eńbektiń formýlasy jumys isteý, kásip ashyp, tabys tabý ekeni belgili. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу