Жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша 2 мыңнан астам ұсыныс түсті

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Егемен Қазақстан
31.03.2017 4678
2

Отырыста Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның орындалу барысы қаралды. Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға жемқорлық әрекеттердің алдын алу ісі негіз болғанын атап өтті, деп жазады Ақорданың ресми сайты.

Жұмыстың басты бағыттары: мемлекеттік қызмет саласында, квазимемлекеттік және жекеменшік секторда, сот және құқық қорғау органдарында жемқорлыққа қарсы әрекет ету, қоғамдық бақылау институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастырып, халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шпекбаевтың баяндамасы тыңдалды.

Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 95% орындалды, ол осы жылы толығымен аяқталады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» жаңа заңдар қабылданды. Бұл құжаттар мемлекеттік институттар қызметінің жариялылығын және олардың қоғам бақылауында болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық қатерлеріне жүйелі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мәдениет пен ағарту ісі сияқты құқықтық тәсілдер жиынтығы тәжірибеге кеңінен енгізілді.

2016 жылы өкілетті орган 156 мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қатеріне талдау жасады, жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға әсер еткен жағдаяттарды жою жөнiнде 2 мыңнан аса ұсыныс жасалды.  

«Мемлекеттік органнан мемлекеттік органға», «Әкімдіктен әкімдікке» жобалары аясында министрліктерде және жергілікті атқарушы органдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен қызметшілермен кездесулер өтті. БАҚ-та 80-нен астам айдар ашылды.

Жемқорлық үшін белгіленетін жазаға қатысты бұлтартпау қағидаты сақталып отыр. 2016 жылы  республикалық деңгейдегі – 18, облыстық деңгейдегі – 59, қалалық және аудандық деңгейдегі 134 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  Анықталған 13,6 млрд теңге көлеміндегі залалдың 5,3 млрд теңге қаржылық өтемі немесе 39%-ы өтелді.

Мемлекеттік хатшы отырыс қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөнінде кезекті жоспар әзірлеуді тапсырды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Атырауда депутаттар Н. Назарбаев даңғылының қолдап дауыс берді

21.03.2019

ШҚО-ның 10 000 тұрғыны Елбасына қолдау білдірді

21.03.2019

Елбасы – Қазақстан өркениетінің кемеңгер көшбасшысы

20.03.2019

Мәжілісте спорт дәрігерлерінің жетіспеушілігі мәселесі талқыланды

20.03.2019

Тұмар-2019: Астанада үздік телевизия мамандары марапатталды

20.03.2019

Қарағандыда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл пайда болды

20.03.2019

Орал қаласының бас даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

20.03.2019

Элизабет Тұрсынбаева үшінші орында

20.03.2019

Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес өтті

20.03.2019

Қазақстан Президенті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

20.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

20.03.2019

Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

20.03.2019

Қазақстан Президенті Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

20.03.2019

Премьер-Министр А. Мамин көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жөнінде кеңес өткізді

20.03.2019

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

20.03.2019

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгереді

20.03.2019

Михал Билек: Біздің жігіттер жанкүйерлерге тосын сый жасайды деген үміттемін

20.03.2019

Қарағандыда ғарышта болған долана тұқымы отырғызылады

20.03.2019

Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев аты беріледі

20.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу