"Жол" фильмі халықаралық байқауда жүлдегер болды

​Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген Асқар Ұзабаевтың «Жол» фильмі 2017 жылдың 13-20 сәуір аралығында Ресейде өткен «Красногорский» халықаралық спорттық кинофестиваліне қатысып, «Үздік сюжет» номинациясы бойынша жеңіске жетті.
Егемен Қазақстан
21.04.2017 8953

Аталмыш фильм Қазақстандағы ең әйгілі спорт түрі – бокс туралы баяндайды. Картина ережесіз жекпе-жекке қатысатын жас жігіт туралы.

«Жол» фильмінің түсірілімі Алматы қаласында өтті. Түсірілім жұмыстарының бір бөлігі қаладағы «Барахолка» аталып кеткен базарда түсірілсе, жаттығу жұмыстары бейнеленген көріністер Қазақ ұлттық аграрлық университетінің спорт залында өтті. Фильмдегі басты рөлді «G.H.A.D» музыкалық тобының әншісі, жас актер Назар Шархан сомдаған. Ал бас кейіпкердің сүйіктісінің рөлінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі Динара Жұмағалиева ойнаған. Ал картина барысындағы ең жағымсыз кейіпкердің бейнесінде ҚР Еңбек сіңірген артисі Димаш Ахимов («Соңғы асу», «Примите Адама!»).  

Сонымен қатар фильмде жаттықтырушының рөлін - ҚР Еңбек сіңірген артисі Ерік Жолжақсынов, Темірланның әкесінің рөлін – Ержан Түсіпов («Сіз кімсіз Ка мырза?») ойнайды. 

2003-ші жылы құрылған «Красногорский» халықаралық фестиваль - Шығыс Еуропадағы және ТМД елдеріндегі ірі спорттық кинобайқау. Кинофестиваль президенті – әлемнің үш дүркін олимпиада чемпионы, әлемнің он дүркін чемпионы, он бір рет Еуропа чемпионы – Ирина Роднина.

Биылғы жылы фестиваль бағдарламасына спорт туралы 100-ге жуық кинотуындылар түскен. Фестивальге қатысу үшін таңдап алынған 70-ке жуық көркем және деректі кинофильмдер  15 елден ұсынылған.  Олардың арасында: Ресей, Австрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Молдова және т.б.

«Жол» фильмі туралы: 

Алматыдағы базарлардың бірінде жұмыс істеп оған қосымша жасырын өткізілетін ережесіз төбелес жарыстарына қатысып жүрген, көше төбелесімен шыныққан жас жігіттің өмірі көрсетіледі. Уақыт өте келе ол азамат өзі үшін  кәсіпқой бокс өміріндегі ең маңызды дүние екенін түсініп, көше төбелесі мен қойылатын бәсақыдан құралған күнделікті тіршілігін тастап боксерлік клубқа келеді. Алайда оны өткен күндердің елесі еркіне қоя беруге бейіл емес.

Түсірілім:  Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ы, «567 creative laboratory» студиясының қатысуымен.

Жанры: спорттық драма

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Қоюшы режиссер: Асқар Ұзабаев

Сценарий авторы: Асқар Ұзабаев

Қоюшы оператор: Азамат Дулатов

Қоюшы суретшілер: Оскар Искаков, Санжар Омаров

Композитор: Никита Караев

Рөлдерде: Назар Шархан, Дулат Жұмақадыр, Ержан Түсіпов, Димаш Ахимов, Ерік Жолжақсынов,   Динара Жұмағалиева, Ерболат Тоғызақов және басқалар.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2017

Футболдан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды

18.08.2017

Павлодардан Астанаға 10 тонна қарбыз жеткізіледі

18.08.2017

Ақтөбе мектептері жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын

18.08.2017

Бурабайда Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті

18.08.2017

Павлодарда 98 ауыл әкімі сайланды

18.08.2017

Парламент депутаты Мақтарал ғалымдарының жұмысын жоғары бағалады

18.08.2017

Астанада бір жарым ай ішінде 2,5 мың адам жұмыспен қамтылды

18.08.2017

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

18.08.2017

Барселонадағы теракт: анықталған жайттар

18.08.2017

Алматыда «Al Hilal» Ислам Банкінің» тұңғыш бөлімшесі ашылды

18.08.2017

Қазақстанның киелі орындар тізіміне Жайық (Теке) қаласы енді (фото)

18.08.2017

Владимир Никитенко: Черногориямен өтер ойында футболшылардан жанкештілік талап етеміз

18.08.2017

Оңтүстік Қазақстанда үздік әлеуметтік жоба анықталды

18.08.2017

Синоптиктер демалыс күндерінің ауа райына болжам жасады

18.08.2017

Сайлауалды үгіт жұмыстарын интернет арқылы жүргізу реттелмек

18.08.2017

ҚР СІМ: Барселонадағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

18.08.2017

Сыр өңіріндегі Сортөбе бекінісінен қобыз пішіндес тас табылды

18.08.2017

Қарлығаш балапанын ұшырған күн

18.08.2017

Нұрсұлтан Назарбаев Барселонада болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты

18.08.2017

Boyce Thompson институты: Алманың отаны − Алатау

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Жұмысты жалғастырар жастар қайда?

Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты. 

Нұрғали ОРАЗ,

Тәуелсіздік дегеніміз – мәңгілік күрес

Кешкілік аллеяда серуендейтін осы бір кішіпейіл, мәдениетті кісіні жиі көріп қаламын. Алғашында бас изесіп қана жүрдік. Бірте-бірте тіл қатысып, тротуардың жиегіндегі сәкіге тізе бүгіп, әңгіме-дүкен құратын болдық.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Кикілжің келіссөз арқылы шешіледі

Бүгінгі таңда әлемді алаңдатқан мә­селенің бірі Корей Халық-Де­мо­­кратиялық Республикасының яд­ролық қаруға қол жеткізу сая­саты болып отыр.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

ЭКСПО екі айналып келмес саған...

Алаштың алтын алқасындай Ас­та­на­ның ажар-көркіне аспанда­ғы ай қызығып, көктегі күн сүй­сін­гендей. Сарыарқадағы шамшы­рақтай сама­ла шаһар қазір тіпті құл­­пырып тұр. Сұлулығы көз суырғандай. Жер-жа­һан­ның жетіс­тік­тері жайнап төрінде тұр­са, бес құрлықты бетіне қаратар бе­дел жинамай қайтеді енді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу