Жол-көлік оқиғасы: тараптар құқы жайлы не білеміз?

Құқықтық сауаттылық қоғамды алға жетелейді. Кейде күйбең тіршілікте кез­десетін күнделікті тосын әрі қолайсыз жағдайларда өз құқымызды біл­ме­гендіктен, күрмеуі көп күрделі мәселелерге тап болып жатамыз. Өзгеге қа­­рапайым болып көрінетін осындай жайттар өз басымызда орын алған жа­ғ- ­­дайда не істерімізді білмей абдырап қалатынымыз рас. Үлкен мегаполис тұр­ғындары үшін бұл – жиі кездесетін жағдай. Мә­селен, көлігіңізді соғып алдыңыз. Не істейсіз? Алдымен кімге хабарласасыз? Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге қатысты заң талаптары қандай? Осы рет­те қандай шарттар мен заңдылықтарды білгеніңіз жөн. Осы мәселеге қа­тысты кәсіби заңгер Орымбек ТОЙКИН мырзаның құқықтық кеңесіне жү­гінген едік.

19.05.2017 2177

 – Жол-көлік оқиғасына тап бол­ған азамат алдымен не істеуі керек?
 – Егер екі тарап келісіп, шығын со­ма­сы айлық көрсеткіштің 50 есесінен ас­пайтын болса, онда тараптар өзара оқиға орнына байланысты жоба (схемалар) сызып қолдарын қойып, ең жақын жер­дегі полиция мекемесіне апарып бе­реді. Бұл жобаның (схеманың) сызы­лу тәртібі Қазақстан Республикасы Іш­кі істер министрлігінің қалыптасқан нұс­қасы бойынша нормативтік-құ­қық­тық актіге сай өкілетті органның кел­і­сілуімен жүзеге асады. заңның 22-1-ба­бы бойынша бұл жағдай тараптардың жол апаты болып, егер зардап шеккендер мен денсаулығына зақым келгендер болмаса жүзеге асатын әрекеті). Ал жол апатында шығын сомасы артық болса және адамдар жарақат алса немесе тараптар келіспеген жағдайда дереу жол полициясына хабар беріп, олардан келуін тосып, осы жол апаты туралы хаттаманың толтырылуын қадағалап, жол апаты туралы сызылған схеманың ені тараппен де бекітілгенін бақылап, оған қол қойылған соң ғана жол полициясы қызметкерінің рұқсатымен оқиға ор­нынан кете алады. Жол оқиғасының ор­ны туралы хаттаманың көшірмелері рес­ми тіркелгеннен кейін бұл құжаттың бар­лық көшірмелері тараптар (олардың өкіл­деріне) талабы бойынша оларға бе­ріледі. Бұл да тиісті заңның 9-бабында көрсетілген.
– Жол сақшылары және сақ­тан­дырушы компанияның өкілдері оқи­ға орнына қанша уақытта келуге тиіс?
– Жол сақшылары жол оқиғасы ту­ралы хабар алынғаннан бастап ІІМ-нің 2013 жылғы 24 мамырдағы №350 бұйрығына негізделген ереже бойынша 30 минут ішінде оқиға орнына келуге тиісті. Ал сақтандырушы компаниялар өкілдерінің жол апаты оқиғасы орнына келуі заңмен қарастырылмаған. Өйткені, жол апаты оқиғасы бойынша бар мәліметтер тіркелген соң, жол апаты тараптарын қауіпсіздендірген компания жол оқиғасы хаттамасы мен схемасы тараптар және жол полициясы жағынан бекітілгеннен кейін, ол жол апатынан болған шығынды өндіруге жеткілікті негіз бола алады. Мұның сыртында, апат туралы қауіпсіздендіру компаниясының қауіпсіздендіру по­лис­ін­де көрсетілген өкіліне хабар берілген бол­са, ол дер уақытта келуге міндетті. 
– Көлікті сақтандырушы компания қанша мерзімнің ішінде көлік шығынын өтеуге міндетті. Тағы да қандай заңдық талаптар бар? 
– Ал оқиға орын алысымен хабар берілмесе де тараптар көлік сақ­тан­дырушы компанияға (көліктерін сақ­тан­дырған болса) жол апаты болған оқи­ғаға байланысты керекті қағаздарды алған соң оны көлік қауіпсіздендірілген полис, тараптардың жеке куәліктері, жол апаты жерінің сызылған схемасымен қоса, 3 күннен асырмай тап­сы­ру­ға тиісті. Сақтандырушы компания құ­жаттар тапсырылғаннан бас­тап сақ­тан­­дыру төлемін 7-15 күн ара­лы­ғында өтеп беруге тиіс. 
– Қарапайым халықтың негізгі көлігі қалада да, ауылда да автобус. Ав­тобус жүргізушілері жолаушыны кез келген жол бойында тоқтап, жүр­гіншіні түсіріп немесе баратын ба­ғытына алып кетіп жатады. Бұл заңға томпақ келмей ме?
– Бұл жағдайларда автобус жүр­гі­зушілері толығымен жауапты, себебі, ав­тобусқа мінгеннен бастап толық тоқ­та­ғанға дейін, яғни қауіпсіздік ере­же­ле­рін толығымен сақтау жүргізушіге жүк­телген. Және де ол жолаушыларға арналған аялдамаларда ғана тоқтауға міндетті. 
– Көлік жүргізуші мен велосипедші не­месе мопед жүргізуші арасында жол-көлiк оқиғасы салдарынан кө­лік жүргізушінің көлiгі нем­есе жү­гі бү­лiнген жағдайларда залалды ве­ло­­сипедшіден немесе мопед жүр­гі­зу­ші­сінен өтеттiруге құқығы бар ма? Мұн­дай жағдайда сотқа жүгіну дұ­рыс па, әлде келісім арқылы шешуге бола ма?
– Әрине, егер залал адам денсау­лы­ғына зардабын тигізетін болса жә­не велосипед, мопед жүргізушісінің кі­нә­сінен жол апатынан көлікке ма­те­риал­дық шығын келсе, мейлі велосипед, мей­лі мопед жүргізушісі болса да, бұл шы­ғындардың мөлшері алдын ала са­рап­шы қорытындысымен анықталып, та­раптардың өзара келісімімен немесе сот арқылы өндіріледі.
– Жүргінші жол апатына ұшыра­ған жағ­дайда алғашқы медициналық кө­мек­пен қатар, операция, яғни ота жа­сау, құтқару жұмыстары және т.б. қа­жеттi медициналық көмектi тегiн алу­ға құқы бар ма?
– «Халық ден­саулығы және денсаулық сақтау жүйе­сі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 34-бабында те­гін медициналық көмектің кепілдік бе­ріл­ген көлемі қарастырылған. Ай­та­лық, осы баптың 2-бөлімінде те­гін медициналық көмектер түрі көр­се­тіл­ген. Оған қоса, Денсаулық сақтау ми­нистрінің 2015 жылғы №269 бұй­ры­ғын­да да хирургиялық көмектерге дейін қа­ра­стырылып көрсетілген.
– Жол ережесін бұзып, көлік апа­ты­ның туындауына тікелей әсер ет­кен жаяу жүргінші салдарынан бір­неше көлік апатқа ұрынса, жа­яу жүр­гінші зақым келген кө­ліктердің шы­ғынын төлеуге тиіс пе? Мұн­дай жағдайда қандай шара қол­да­нылады? 
– «Жол әрекеті туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабын­да жаяу жүргіншінің құқы мен мін­деттері туралы жазылған. Егер жа­яу жүр­гіншінің салдарынан жол апаты орын алса, қылмыстық, әкімшілік, аза­маттық жауапкершіліктермен жаза­ланып қана қоймай, оның кінәсінен бол­ғандығы дәлелденсе, материалдық шы­ғынды да төлеуге тиіс. Бұған қоса, Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 606, 615-баптарында осы тек­тес әрекеттерге сәйкес әкімшілік жау­апқа тартылатынымен қатар, 5 ай­лық көрсеткіш мөлшерінде ақшалай да айып­пұл салынады.

Әңгімелескен
Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.05.2017

Қанат Ислам: Бапкерім 12 раунд жекпе-жекке тапсырма берді 

27.05.2017

СҚО-да «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары анықталды

27.05.2017

Солтүстік Қазақстанда 60,5 мың бала жазғы лагерьде демалады

27.05.2017

Қостанайға жаңа вагондар келді

27.05.2017

БҚО-да экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі отырысы өтті

27.05.2017

Павлодарда шіркейлерге қарсы жұмыс қолға алынды

27.05.2017

Еліміздің барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болады

27.05.2017

Қанат Ислам қарсыласын ұпай санымен жеңді

27.05.2017

Жанқош Тұраров мексикалық боксшыны нокаутқа түсірді

26.05.2017

Астанада «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты форум өтті

26.05.2017

Премьер ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

26.05.2017

Мадрид конференциясы Астана процесі нәтижелерін жоғары бағалады - СІМ

26.05.2017

«Ұлы дала» II форумы аясында шетелдік ғалымдар құнды ойларымен бөлісті

26.05.2017

Солтүстік Қазақстанда әкім әкесіне заңсыз субсидия алып берген

26.05.2017

Алтай Көлгінов: Біз биыл «Алаш» музейін ашамыз

26.05.2017

Түркі тілінің халықаралық мәртебесі туралы мәселе қозғалды

26.05.2017

Ұлытауды ұлықтау жұмыстары басталды – Ерлан Қошанов

26.05.2017

Жандос Асанов: Түркі тілдерін зерттеу – ТүркПА-ның назарындағы мәселе

26.05.2017

Жансейіт Түймебаев: Елдік мүддедегі есебіміз түгенделе түсуде

26.05.2017

Манзур Хусейн Сумро: «Біз өз құндылықтарымыздан ажырамауымыз керек»

КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Ер мен Жер

Қазақтың әзелден ардақ тұтып қастерлейтін қасиетті ата құн­ды­лық­тарының арасында Ер мен Жердің ала­тын орны ерекше. Ер қашанда туып-өскен жеріне тартып туады. Осы бір жайды «Тау баласы тауға қа­рап өседі» деп жырлаған тұма жырлы Тұманбай Молдағалиевтай ақын аға­мыз да кезінде жақсы аңдатқан еді. Се­бебі, ер жерге кіндігімен байланады, ту­ған жерінің барша қадір-қасиетін тұ­ла бойына сіңіріп, көкірегіне құй­ып, соған бүкіл жан-жүрегімен із­гі­лік қайнарына бас қойғандай сусын­дап өседі. Осылайша туған жер ал­дын­да­ғы перзенттік парыз жүгі сал­мақ­та­на бермек, туған жерге деген пер­зент­тік ыстық ілтипат пен махаббат тұр­паттанып толағайлана түспек.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Басты құндылық – рухани тазалық

«Өмір сүру үшін өзгере білу керек», деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Заман талабына сай лайықты өмір сүру үшін қазіргі уақыттағы жаңғырудың да негізгі мақсаты – осы.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ киносы неге дәстүрді ұлықтай алмайды?

Бір жылдары Қазақстанның мә­дениет күндері аясында Үндістанға сапарлап бардық. Көнеден көнермей жеткен мәдениеті, өнердің қай түрінен де әлемдік өркениетке қосар қомақты үлесі бар, бай тарихты, жер жүзіндегі жәдігерлер бесігінің бірі Үндістанға табан тірегенде таңданарлық қай­шылыққа тап болғанбыз. Сенің санаңда қалып­тасқан бай мәдениет, өр­кениет, ежелгі дәстүріне сызат түс­пеген ғажайып әлемге кереғар тір­шілік – қағаз жәшіктерден үй жасап, көшеде туып, көшеде тұрып жатқан халық менмұндалап алдымыз­дан шыққан. Тілім өкше ересек, кір қожалақ бала, қол жайған қайыр­шыдан аяқ алып жүре алмайсыз.

Әйіп ЫСҚАҚОВ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Біліктілік – ауыл дамуының алғышарты

Мал шаруашылығы ата кәсібі­міз ғана емес, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете­тін маңызды салалардың бірі сана­ла­ды. Мал басының басым бөлігі, яғни 80 пайыздан астамы қосал­қы шаруашылықтарда шоғыр­ланған­дықтан, Елбасы тапсыр­масымен оларды кооперативтерге бірікті­ріп, оңтайландыру шаралары­ның қолға алына бастауы өте құптарлық.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ұрпақ тағдырымен ойнаған оңбайды

Ұлттың ұлылығы ұрпағынан көрі­неді. Бұл – әлімсақтан белгілі нәрсе. Ал сол ұрпақ тағдырына былық араласса, ар былғанады. Содан да шығар, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Ба­ланы ұлша тәрбиелесең – ұл бол­мақ­шы. Құлша тәрбиелесең – құл бол­мақ­шы», деп өсиет қалдырып кеткені. Біз осы өсиетті орындай алдық па, әлде бәрін заманға теліп, теріс басқан аяғымызды, дүниенің құлы болуға ұм­тылған ниетімізді түзеуге мұршамыз жет­пей жүр ме? Бұл санамыздағы ақау­дан, ұлтты ұлт ететін мәдени-ге­не­тикалық кодымыздың әлсіздігінен, тіп­ті мүлде кеміп кеткенінен болып отыр ма?

Пікірлер(0)

Пікір қосу