Жолдама саны оннан кем болмайды

Мәдіғали ҚАРСЫБЕКОВ: Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері. Шорт-тректен Қазақстан құрамасы бұл маусымды сәтті аяқтады. Әлем кубогы кезеңдерінде топ жарып, жүлдегерлер қатарынан көрінген спортшыларымыз Алматыда өткен Универсиада ойындары мен Саппородағы Азиадада да үздік үштікке енді. Құрама тағы бірер күнде жаңа маусымның дайындығын бастайды. Жаттығу жұмыстары Нидерландыда жалғасады. М.Қарсыбековтің айтуынша, бұл Пхенчханда 2018 жылы жалауы желбірейтін Олимпия ойындарына мейлінше көп жолдама алу үшін қажет.
Егемен Қазақстан
05.04.2017 2686

– Қазақстан құрамасы үшін бұл маусым табысты аяқталды. Шәкірттеріңіз алдарына қойылған мақсатты қаншалықты орындай алды?

– Маусымды шынымен де сәтті өтті деп айтуға толық негіз бар. Әлемдік жарыстарда жеңімпаз, жүлдегер атандық. Әлемдік кубок кезеңдерінде топ жарған жастарымыз Универсиадада да барын салды. Кемшіліктер де болды. Оларды түртіп алып, жаңа маусымда соларды жою үшін жұмыс істейміз. Одан бөлек те проблемалар басшылыққа жеткізілді. Егер бәрі ретімен шешімін тауып жатса, көрсеткіш әлі де жақсара түсетіні анық.

– Жаңа маусымға дайындықты қашан бастамақсыздар?

– Сәуір айының ортасында жаттығу жиындарына кірісеміз. Шәкірттерім баптарына ену үшін Голландияға аттанамыз. Бұл құрамамен бірнеше жылдан бері әріптес ретінде жұмыс істеп келеміз, үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Оның алдында Қытай және Оңтүстік Корея құрамаларының жүйелерін де тексеріп көрдік. Олардың да жақсы тұстарын алдық. Дегенмен функционалдық даярлық жағынан Нидерландтікі бізге тиімдірек болып тұр. Бұлай дейтінім, Шығыс Азия елдерімен өткізген біріккен жаттығулардан соң көрсеткіштеріміз сары құрлықтың талаптарына сай келгенімен, әлемдік деңгейде үздіктер қатарына ену үшін жеткіліксіз еді. Ал Голландиямен жұмыс істей бастаған 2015 жылдың алғашқы маусымында-ақ біздің жігіттердің техникалық, жылдамдыққа қатысты нәтижелері жоғарылай бастады. Сондықтан бұл серіктестік бізге өте қажет. Ал қыздарымыз Оңтүстік Кореяға аттанады. Оларға Аслан Дауымов көмектеседі. Өзім Нидерландта жүрсем де қыздарымыздың жаттығуларын бақылап отырамын.

– Әне-міне дегенше қысқы Олим­пия ойындары да келіп қалады. Төрт­жылдықтың басты додасына іріктеу қашан басталады?

– Негізі біз әрбір олимпиададан кейін аздап тынығып алған соң келесі ойындарға дайындыққа кірісеміз. Әлем кубогы кезеңдері немесе де өзге де  ірі жарыстарда жүлдегер атанып не үздік шығу маңызды. Бірақ бұлардың бәрі сол олимпиадаға дейінгі даярлық жолы. Қазір шамамен тоғыз ай уақыт қалды. Кімнің қаншама жолдама алғаны қыркүйек-қазан айларындағы Әлем кубогының кезеңдерінен соң, яғни қарашада белгілі болады. Бізге соған дейін әбден тер төгу керек. Себебі, ең алғашқы мақсат – мейлінше көп жолдама алу. Ал қалған үш айды төртжылдықтың бас аламанында жақсы өнер көрсету үшін жұмсаймыз.

– Құрамамыз қанша жолдама алуы мүмкін? Жоспарларыңыз бар шығар...

– Соңғы, Сочи Олимпиадасында сегіз жолдама алсақ, бұл жолы одан кем болмайды деп отырмыз. Шамамен оннан асады.

– Басымдық кімдерге беріледі?

– Үш ұзақ қашықтықтан бірнеше лицензия және командалық эстафета жарысынан сегіздікке кіруге тиіспіз. Қыздарымыз да төрт жолдамаға иелік ететін шығар деп ойлаймын.

– Бір сұхбатыңызда қыздар шорт-трегінде бәсекенің аздығын айтып едіңіз. Бұл мәселені шешудің жолдарын таптыңыздар ма?

– Әр облысқа қыздарды жаттықтыратын білікті жаттықтырушылар керек деп айтып келемін. Себебі, шамамен жүз баланың тоқсаны ұл болса, оны ғана қыз бала. Қыздардың саны осынша болуы керек деп ешкімнен талап ете алмайсың. Бірақ санаулы адамның арасында қайдағы бәсеке? Оның үстіне келген он қыздың бәрі шорт-трекпен түбегейлі шұғылданып кетпейді ғой. Бапкерлерге айтамын: «қыздарды тәрбиелеңдер, онда мамандар арасында да бәсеке аз, тез көтерілесіңдер» деп. Бірақ айтарлықтай өзгеріс көріп жүрген жоқпын.

– Спортшы жетістікке жету үшін оны алға қарай жетелейтін, үйрететін бапкері болуы керек. Ал мамандарды даярлау мәселесін қалай шешіп жатсыздар?

– Меніңше, қазіргі спортшылар спортты аяқтаған кезде білікті жаттықтырушы болып шығады. Айталық, Олимпиадаға қатысқан Аслан Дауымов білгенін шәкірттеріне үйретіп жүр. Азамат Сұлтанәлиев те бапкерлікке бет бұрды. Бірақ бұл аз. Ал облыстардағы бапкерлер үлкен сындарға шығуға психологиялық тұрғыда дайын емес. Шетелге апарып оқытуға да болар еді. Ол үшін де тіл білу керек. Ағылшын тілін құрамада өнер көрсеткендері ғана біледі. Әлгі мамандарға тіл үйретем деп жүргенде облыстардағы шорт-тректің ахуалы төмендеп кетеді. Батыс Қазақстан мен Қостанай облыс­тары және Астана қаласында білікті бапкерлер бар. Көрсеткіш те соған сәйкес. Өзге өңірлерде нәтижелер төмендеу. Себебі, бәрі бір адамға жүктелген. Іріктеуді, техникалық және психологиялық, функционалдық даярлықты жүргізетін адамдар бөлек-бөлек болуы керек. Балаларды қалай іріктейтінін көбісі білмейді. Оны ешкім үйретпейді. Біздің өзіміз оқыдық дегенімізбен, бұл жүйенің қалай жүзеге асырылатынын тек араға жиырма жыл өтіп түсіндік. Бұқаралық болуы қажет деген оймен жарысқа бәленбай баланы әкеледі – оның жартысы аурушаң, жартысы бұл спортқа мүлде дайын емес. Қайдағы табыс сонан соң?! «Міне, қырық бала әкелдім, соған айлық төле» дейді. Сайыс аяқталған соң сол балалардың бірде-бірін таппай қаласың. Спорт деген бәрін бірдей жинай беру емес, бұл іріктеу екендігін түсіндіре алмайсың. Келесі жолы жағдай қайталанады. Осылайша бұқаралық сипат деп жүріп шорт-трегімізді құртып жатырмыз. Кезінде мен де Оралға қайта барып, бәрін басынан бастадым. Әбден зерттедік, жоқтан бар жасадық. Бүгінде жас мамандар отыра береді ауыздарын ашып: «бізге ешкім айтпады немесе бізде анадай-мынадай жоқ» деп. Патриотизм дегенді ұмытып кеткен. Ұлт намысы үшін тек құрама мүшелері жауапты деп пайымдайды. Сондықтан ғой мектептердегі жаттықтырушылардың әлі күнге уақытша сан, қағаз үшін жұмыс істеп жүргені. Әлгі хаттамаларға қарасаң, шағын аудандардың өзінде мыңдаған бала шұғылданатын секілді көрінеді. Іс жүзінде ешкім жоқ. Соның кесірінен қаншама дарынды жасөспірім далада қалып жатыр. Біздегі спорттың бас­ты проб­лемасы осы. Әрбір бапкер, сол мек­тептердің директорлары жаны ашымаса, тағы да миллиондар төлеп легионерлерді алды­рамыз ба?! Егер іріктеу тиісті деңгейде өтсе, бес-алты жылдың өзінде сол балалар нәти­же көрсетеді.

– Мамандардың біліктілігін арттыратын жүйе жоқ қой сонда?

– Шорт-трек – өзінше бір бөлек спорт. Оған сырттан келіп кез келгені маманданып кете алмайды. Қазір елімізде мұзайдындар көптеп салынып жатыр. Қызылорда, Аягөз секілді қалалар бапкер сұрайды. Білікті жаттықтырушы тапшы. Футбол, күрес секілді спорттарда мамандар көп. Солар іріктеуді үйренсе ғой. Әйтпесе біздегі спортшылардың басым бөлігі намыс пен таза еңбекқорлықтың арқасында ғана жетістікке жетіп жүр. Олар үшін арнайы жүйе спорттың көп түрінде жасалмаған.

АҚШ не Голландиядағылар біздегі үйірмелердің тегін екендігін естігенде, спортқа қызығушылардың саны неге аз екенін түсіне алмай дал болады. АҚШ-та баласын коньки спортына беру үшін ата-анасы 5 мың доллар төлеуі керек. Оған кез келген адамның мүмкіндігі жете бермейді ғой. Голландияда да сол, талапты балалар көп, бірақ федерацияға төлейтін ақшасы жоқ. Ал бізде тегін. Соны бапкерлер де, ата-аналар да түсінбей жүр. Құрама мүшесі атану үшін ақша төлесін десінші, жастардың жартысынан көбі сол сәтте-ақ спорттан кетіп қалады.

– Бүгінгі құрамның өзі жас дегенімізбен тағы бірнеше жылда спорттан кетеді. Олардың орнын басатын резерв бар ма?

– Әлгі айтқан Астана қаласы мен БҚО және Қостанай облыстарында жасөспірімдер, балалар аз емес. Шымкентте бір дарынды балақай өсіп келеді. Қай өңірде кімнің деңгейі қалай екенін бақылап отыру керек, тек оған уақыт табу қиын. Соңғы жылдардағы жетістіктеріміз өзгелердің бойына да сенімділік ұялатқан тәрізді. Әсіресе, қазақтар көп. Соған қуанамын. Біздің жігіттер қарадомалақтардың да қысқы спортта жетістікке жете алатынын дәлелдеді. Министрліктің өзі тек соңғы бес-алты жылда қысқы спортқа ден қоя бастады. Әйтпесе бұрын басымдық жазғы спорт түрлеріне ғана берілетін. Мемлекеттік бапкерлер қазір санақ жүргізіп жатыр. Жуық арада шорт-трекпен шұғылданатындардың санын да білетін боламыз.

– Ал елімізде шорт-тректен Әлем кубогы кезеңін қалай өткізуге болады?

– Биылғы маусымның төрт кезеңі де қай қалаларда өтетіні алдын ала жазылған. Олимпиададан кейін Әлем кубогы өтпейді, тек әлем чемпионаты жалауын желбіретеді. Алматы, Астана қалаларындағы мұздың сапасы жақсы. Сондықтан осы екі қаланың бірін Әлем кубогын өткізу үшін ұсына аламыз. Бірақ оның өзі төртжылдықтың бас додасынан кейінгі маусымда ғана мүмкін болады.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен
Мәдина АСЫЛБЕК,
журналист
АСТАНА



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.07.2017

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу тәртібі

26.07.2017

«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы

26.07.2017

Астаналық марафонға 5000 адам қатысады

26.07.2017

Келер жылы «Еуровидение» Португалияда өтетін болды

26.07.2017

«THR» компаниясы Бурабайдың туристік әлеуетін арттыруға атсалысады

26.07.2017

Талдықорған қаласында саудагерлерге 26 сауда орны тегін беріледі

26.07.2017

«Астана» - «Легия» ойынына қоғамдық автобустар бөлінеді

26.07.2017

Жетісу өңірінде туризмді дамыту шаралары үздіксіз жүргізіледі

26.07.2017

Алматы облысында шаруа қожалықтары мен өңдеуші кәсіпорындар арасында тығыз байланыс орнатылады

26.07.2017

Алматы облысынан 65 студент Польшада тегін оқиды

26.07.2017

Петропавлда жазғы биатлоннан ел  чемпионаты аяқталды

26.07.2017

Қарлығаштың ұясы

26.07.2017

Кененнің домбырасы

26.07.2017

Лагерь алауы – бала қалауы

26.07.2017

Қырағы сақшылар қылмыскерлерді құрықтады

26.07.2017

Жамағат доп тебуден жарысады

26.07.2017

Экология проблемасы алаңдатады

26.07.2017

Қос отбасының қуанышы

26.07.2017

Қайырымдылық шараға қарттар дән риза

26.07.2017

Кездесу соңы – келісім

КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мұғалім беделі және репетиторлық

Қазір мектеп абыройы, мұғалім беделі туралы көп айтамыз. Бұрынғы орталықтандырылған білім беру жүйесі дәуір дамуына қарай әртарап­тан­ды­рылды. Соның бірі – ата-аналардың қалауына қарай түрлі тәсілдер бойынша ақшасын төлеп, репетитор жалдау.

Жанболат ҮСЕНОВ, Халықаралық қатынастар жөніндегі еуразиялық кеңестің директоры

Өңірлік қауіпсіздіктің ықпалды тетігі

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бірнеше страте­гия­лық қағидаттарға негізделген. Олар­дың бір бөлігі елдің ұлттық қау­іпсіздігін, қорғанысқа қабілет­тілігін және егемендігін жан-жақты қам­тамасыз етуге, өңірлік және жа­һан­­дық тұрақтылықты нығайтуға ба­ғытталған.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ток-шоу деген жақсы-ау...

Соңғы жылдары түрлі телеарналарда ток-шоулар көптеп пайда бола бас-тады. Олардың арасында көрермендер ықы­ласына бөленіп, өзіндік сыр-си­па­­тымен ерекшеленетіндері де жоқ емес. Мәселен, Бейсен Құранбек, Аман Та­сыған сияқты журналистер жүргізіп ке­ле жатқан ток-шоулар көпшілік көңі­лінен шығып жүр. Дегенмен, бірқатар ток-шоуларда көтерілген мәселелерді тал­қылау барысында «бір қайнауы ішінде» кетіп жататын жағдайлар да кездесіп қалып тұрады. Ондай жайттар кейбір журналист әріптестеріміздің теледидар арқылы қозғағалы отырған та­қырыпты жан-жақты зерттеп, мәселеге тереңірек үңілмеуінің салдарынан орын алатын сияқты. Екіншіден, қазақ тілді ток-шоуларда көбіне жастар пікір айтып жатады. Тіршілікте болып тұратын, тәжірибелі деген үлкендердің өзі кейде шешімін табуда қиналып қалатын сан-қилы жағдайлар туралы өмірге енді ғана қадам жасай бастаған адамдардың ой-пікірлер айтуы қаншалықты дұрыс деген күмән да осындайда туындайды.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Саудада да имандылық керек

– Қымбатшылық асқынып тұр. Бәрінің де бағасы удай! – Неге олай? – Өйткені, ар-ұят арзандап, иман­дылықтың еңсесі еңкіш тар­т­қан кезде материалдық қа­жет­ті­ліктердің құны шарық­тайтыны заң­дылық. Бір танысыммен болған бұл шағын диалог мені әжептәуір ойландырып тастады...

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Ұрланған құндылық және ұялы телефон

Астанада жасалған ұрлықтың 80 пайызы – қалта ұрлығы, ең көп қол­ды болатын бұйым – қалта телефон. Іш­кі іс­тер министрлігі хабарлаған ақ­пар осындай. Лақтыр­­ған таяғың құ­қық қорғау­шы­ларға тиетін қалада осылай болғанда, басқа қалаларда да «ұялы­ның» ұрлығы көп болмаса аз емес сыңайлы. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу