Жүйе жаңалығы – жайлылықта

Қоғам дамуында әр салада жүргізіліп жатқан жаңғыртулар жұртшылықтың назарын аударуы заңды дегенімізбен, көбі дәл білім беру мен медицина саласындағы өзгерістердей халықтың ойын сан-саққа жүгірткізбейді. Осы орайда, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінің енуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Жобаларды басқару департаментінің директоры Тимур СҰЛТАНҒАЗИЕВКЕ жолығып, оған бірқатар сұрақ қойған болатынбыз.

10.04.2017 306

– Тимур Санжанұлы, МӘМС жүйесі енгізіледі дегелі ел құлағы елеңдеулі. Отандық медицина саласында бұрын да бір қадам жасалынған еді, соңының немен аяқталғаны баршаға мәлім. Осы жолғы жүйенің ерекшелігі неде? Жар­на жинақталатын қордың қорғалу механизмі қандай?

– Әрине, елдің құлағын елеңдеп отырғаны түсінікті. МӘМС жүйесінің ерекшелігі неде деген сауалға жауап берсек, бұл – ол жарнаны әркімнің өз мүмкіндігіне қарай төлеуінде және медициналық көмекті өзі­нің қажеттілігіне қарай алу­мен қатар, медициналық ұйымды өзі таңдай алуында. Ал қорға түскен қаржының қорғалуы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Заңының 8-бабына сәйкес қор активтерінің сақталуына мемлекет кепілдік берумен жүзеге асырылады, яғни қор активтерінің есебін, инвестициялық басқару бойынша барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүргізеді. Оның инвестициялық қызметі, қордың активтерін шоғырландыру және орналастыру, инвестициялық кіріс алу жөніндегі барлық опе­рациялардың есебі Ұлттық банк­тің құзырында және жасалған сенімгерлік басқару шартына сәйкес шоттардың және инвес­тициялық қызметтің жай-күйі туралы есепті қорға тоқсан сайы­н ұсынып отырады. Сондықтан, түскен жарналардың қорғалуы сенімді.

– Медициналық көмектің қандай түрлері МӘМС пакетіне енгізіледі? Жалпы, неше пакет қарас­тырылған? Ол қамтыл­май­тын жағдайлар бар ма? Сосын, жедел көмек қажет бол­ған жағ­дайда МӘМС жүйе­сіне тіркел­ген адам мен тіркел­меген аза­маттың арасында айырма бола ма?

–  Елімізде халыққа медици­налық қызмет көрсету үшін екі пакет жасалады, олар: ТМККК және МӘМС пакеттері. ТМККК пакетіне тегін медици­налық көмек­тің кепілдік беріл­ген көле­мі шеңберіндегі меди­ци­налық қызметтер кіреді және республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. ТМККК пакеті еліміздің барлық азаматтарына қолжетімді болады. Оған жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация, әлеуметтік мәні бар ауруларға шалдыққанда берілетін және шұғыл жағдай­лардағы медициналық көмек, профилактикалық екпелермен қатар, диспансерлік есепте тұрған пациенттерді амбулаторлық дең­гейде дәрі-дәрмекпен қамта­масыз ету, амбулаторлық-емха­налық кө­мек беру жатады.

МӘМС пакеті – Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қоры­на мемлекет, жұмыс беру­ші­лер, жұмыскерлер аударған сақ­тан­дыру жарналары есебі­нен қар­жыландырылатын медици­налық көмек жатады. Бұл пакетті МӘМС жүйесіне қатысатын тұлға­лар алады. МӘМС пакеті шеңберінде сақтандырылған азаматтар мынадай көмек түрлерін ала алады. Мұнда да диспансерлік есепте тұрғандар үшін амбулаторлық деңгей­де дәрі-дәрмекпен қамта­масыз ету, амбулаторлық-емхана­лық көмек, зертхана қызметі, диагностика және манипуляциялар, стационарлық көмек – жоспарлы тәртіпте ауруханаға емдеуге жатқызу, стационарды алмастыратын көмек – күн­дізгі стационарларда емделу қызметтері көрсетіліп, дәрі-дәр­мекпен қамтамасыз ету – амбу­латорлық-емханалық көмек көрсетілген жағдайда медбике күтімі мен паллиативтік көмек түрі – жазылмайтын, ауыр нау­қас­тардың өмір сүру сапа­сын жақсарту, ауырсынуын же­ңіл­­дету бағытындағы шаралар қа­рас­тырылған. Сонымен қатар, ден­саулықты қалпына келтіруге бағыт­талған ем және медициналық оңалту жұмысын атқару да осы пакеттің аясында жүзеге асады.

Жедел медициналық көмекті алу кезінде азаматтардың МӘМС жүйесіне тіркелуі міндетті емес, өйткені бұл қызметтің түрі ТМККК пакетіне кіреді және елдің барлық азаматтары үшін қолжетімді.

– Тұрақты түрде жарна төлеу­ші – әрине, жұмыс істей­тін адам­дар, ал балалар мен зейнеткерлерден қорға түсетін қаражат жоқ. Оларға меди­циналық көмек қалай көрсе­тіледі?

– «Міндетті әлеуметтік меди­­ци­налық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес, балалар, зейнеткелер және жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар үшін ӘМС қорына қаражатты мемлекет аударады. Олар – балалар, жұмыссыз ретінде тіркелгендер, жұмыс істемейтін жүкті әйел­дер, үш жасқа толмаған бала тәр­биелеп отырған, жұмыс істе­мейтін тұлғалар, бала (балалар) туу, жаңа туған нәрестелерді (балаларды) асырап алушылар, үш жасқа дейін бала күтімі бойынша демалыста отырғандар, 18 жасқа дейінгі мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтіндер, зейнеткерлер, сот үкімі бойынша қылмыстық-түзеу (пенитенциарлық) жүйесінде (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда) жазасын өтеп жат­қандар, тергеу изоляторында отырғандар, жұмыссыз оралмандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» ата­ғын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орден­дерімен марапатталған көп балалы аналар, мүгедектер, орта, кәсіптік және техникалық, ортадан кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ ЖОО-дан кейінгі білім беру мекемелеріндегі білім алу­шылар, орта, кәсіптік және тех­никалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ, ЖОО-дан кейінгі білім беру мекемелерін бітірген азаматтар үшін оқу аяқтал­ғаннан кейінгі үш ай бойына мемлекет қорға қаражат аударатыны заңмен қарастырлып отыр. Ал жұмыссыз ретінде тіркелмеген және өзін өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар ӘМС қорына өз атынан жарна аудара отырып, МӘМС жүйесінің қатысушысы болуға құқықтары бар.

Жұмыссыз ретінде тіркелмеген немесе тұрақты табысы жоқ тұлға­лар үшін республикалық бюджеттен қаржыладырылатын ТМККК пакетінің медициналық қызметтері қарастырылған.

– Айталық, азамат МӘМС жүйе­сінен мүлде тыс қалды делік. Сондай жағдайларда ауыр­ған адамдар қалай қарала­ды?

– Әрине, мұндай жағдай болуы мүмкін. Егер азамат жүйеден мүлдем тыс қалып жатса, мемлекет жедел жәрдем және санитарлық авиация, вакцинация қызметтерін, кейбір әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, наркология және психиатрия) кезінде медициналық көмекті өз есебінен жүргізеді және сонымен қатар шұғыл көрсетілімдер бойынша стационарлық көмекті және 2020 жылға дейін «Міндетті әлеумет­тік медициналық сақтан­ды­ру туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заңына сәйкес міндет­ті әлеуметтік медици­налық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғалар үшін амбулаторлық-емханалық көмекті қамтитын медициналық қызметтердің негізгі пакетін қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді өзіне қалдырады.

– Жүйенің енуінен емделу­шілер ұтты делік, ал меди­циналық мекемелердің, ондағы қызмет­керлердің ұта­тын тұстары қандай? Жала­қылары өсе ме?

– 2016-2019 жылдарға арнал­ған «Денсаулық» мемлекеттік бағдар­ламасына сәйкес МӘМС енгізуде бірқатар бағыттар бойынша шығыстарды қаржыландыру көзделген. Соған сәйкес қоғам­дық денсаулық сақтау қызметін дамыту, медициналық-сани­тарлық алғашқы көмек ұйым­дары деңгейін­де жалпы практика дәрігер­лерінің санын ұлғайту және амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді кеңейту, медицина қызмет­керлерінің жалақысын бағдар­ламалық ұлғайтумен бірге оңалту, паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім жөніндегі қызмет­терді кеңейту, үздіксіз меди­ци­налық білім беруге жұм­сала­тын шығыстарды ұлғай­ту медици­налық көмек көр­сетудің сапасын арттырады және заң­да қарастырылғанындай науқас­тың медициналық ұйымды өзі таңдауға мүмкіндік алатынын есепке ал­сақ, медициналық ұйым­дар арасын­дағы бәсекелестік деңгейі де жоғарылайды.

Осыған байланысты, кез-келген медициналық ұйымның қызмет сапасын және қызметкер­лердің науқасқа деген қарым-қатынасын арттыру арқылы МӘМС жүйесінен өз пайдасын алуға мүмкіндігі бар. Өйткені, қор қаражаты «сапалы емге – қомақты қаржы» принципі бойын­ша жүргізіледі. Медициналық ұйымға емделушілер көп келген сайын кәсіпорынның табысы да көбейеді.

– Осы жүйе енгенде халық­тың бір күтетіні өздеріне көр­сетілген медици­налық қыз­мет сапасы­ның артуымен бірге дәрігерлерге деген сенім­дерінің молаюы. Бұл ретте емделуші-пациенттер ден­саулық сақтау мекемесінің жұ­мы­сын, ондағы көрсетілген көмекті бағалап, соған қатыс­ты мекеменің рей­тингі анық­талып, қаражат та соған қатыс­ты бөлініп отырса қайтеді?

– Медициналық ұйымды баға­лау халықпен кері байланыс жолы арқылы өтеді. Бұл үшін өтініштерді қарау қызметі, call-орталық және қордың веб-сайты құрылатын болады. Азаматтардың пікірлері мен өтініштерінің қорытындысы бойынша қордың веб-сайтында медициналық ұйымдардың рейтин­гі қалыптастырылады. Әрбір азамат жеке кабинет арқы­лы өз атынан МӘМС-ға келіп түскен аударымдар мен жарналар, ӘМС пен ТМККК шеңберіндегі медици­налық қызметтердің тізімін, меди­ци­налық ұйымдардың рейтингі туралы ақпараттарға қол жеткізе алады.

Әңгімелескен

Анар Төлеуханқызы,

«Егемен Қазақстан»



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.04.2017

Елбасы оңтүстікте ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту керектігін айтты

27.04.2017

Инвестицияны шикізаттық емес секторға да тартатын уақыт жетті

27.04.2017

Қыран құстың сыны мен сипаты

27.04.2017

Биылғы 28 маусымда Сенат сайлауы өтеді

27.04.2017

Президент «Ел қорғаны» медалін тағайындады

27.04.2017

Алматы әуежайы директорлар кеңесінің басшысы тағайындалды

27.04.2017

Отандық азық-түлік Ресей мен Беларусь импортына төтеп бере алмай жатыр

27.04.2017

ҚР Президенті ОҚО-дағы алма өсіру технологиясымен танысты

27.04.2017

Сана сапасы серпілісте

27.04.2017

Жас ғалымдар жетістігі

27.04.2017

Инвестиция тартудың жаңа тәсілдері енгізілді

27.04.2017

Қазақстанға әлем бойынша ең ірі инвестиция салынады

27.04.2017

Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Елбасы мақаласын талқылау-лекциясын өткізді

27.04.2017

Оңтүстік Кореядан Қазақстан азаматтарын депортациялау мәселесі талқыланды

27.04.2017

Елбасы Оңтүстік Қазақстандағы «Қазақ еліне мың алғыс!» монументімен танысты

КОЛУМНИСТЕР

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Көрменің көрігін спорт қыздырады

Ағымдағы жылдың 10 маусы­мында Астанада ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месі келушілерге айқара есік ашады. Күллі әлем көз тіккен көрменің өтетін мерзімі жақындаған сайын бойды толқыныс сезімінің билейтіні түсінікті жайт. Иә, «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Әлемнің әр қиырынан ағылған меймандардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болу өз алдына, қолдағы барды көрсете білудің өзі өнер һәм зор міндет.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Этностар мүддесі барынша қорғалған ел

Қазақстан заманауи өмірге, ха­лықаралық қоғамдастыққа се­німді түрде кірігіп отыр. Біз елі­міз­дің имиджін көтере отырып, ин­вестициялық және экспорттық әлеуетімізді, экономикамызды қа­р­қынды дамытуға баса назар ау­дарып келеміз. Осы саясаттың ар­қасында Қазақстан әлем мой­ын­даған елге айналды.

Гүлзейнеп Сәдірқызы, «Егемен Қазақстан»

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан»

Ұлттарды ұйыстырудың ұтымды үлгісі

1995 жылғы 1 наурызда Мемле­кет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, Президент жанынан басты міндеті мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы әріптестік негізінде этностар мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, тиімді этносаралық іс-қимыл жүргізу, біртұтас саяси, құқықтық, мәдени орта қалыптастыру болып белгіленген жаңа консультативті-кеңесші орган құрылды.

Айбын ШАҒАЛАҚ, "Егемен Қазақстан"

​Елбасы һәм елдік жобалар

Ғасырға бергісіз осы 25 жылдың ішінде біз санамыздағы «сарысулардан» арылып, еңсемізді тіктедік, елдігіміздің іргесін бекіттік. Отарлық саясат құрдымға жібергісі келген ұлттық құндылықтарымызбен қау­ыштық. Дініміз бен діліміз қайта жаң­ғырды. Тағдыр жазуымен түрлі кезеңдерде киелі Қазақ жеріне келіп тұрақтаған ұлыстардың ынтымақ-бір­лігі нығайып, біртұтас халық ретінде қалыптасуға бет алды. Оның бүгінгі айқын көрінісі – Елбасының Мәңгілік Ел идеясының Қазақстан қоғамы тарапынан дұрыс қабылдануы және осы мұрат жолында ұйыса бастауы.

Пікірлер(0)

Пікір қосу