Жүзеге асырылған жобалармен танысты

Егемен Қазақстан
30.11.2016 138
Кеше Ақтөбеге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бір күндік жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында министрліктердің, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары болды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жол бастауымен ресми делегация «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС-не ат басын тіреді. Бұл кәсіпорын индустрияландыру картасына енген бірден-бір ірі жоба болып табылады. Өндірісте шапшаң жылдамдықтағы қозғалыс желісі үшін рельстер шығаруға мүмкіндік беретін инновациялық технология қолданылады. ТМД елдері арасында мұнда бірінші рет 120 метрлік рельс шығару игерілетін болады. Жыл басынан бері зауыт 6,1 миллиард теңгенің 32,7 мың тонна рельс өнімдерін өндірді. Олар кәсіпорынның өндірістік процесімен танысты. Серіктестік директоры Андрей Кузьмин зауыттың жартылай шикізат – сом темірдің пеште қызыл шоқтай балқытылып, дайын рельс шыққанға дейінгі про­цесін түсіндіріп өтті. Зауыт жұмы­сымен танысу кезінде оған өңірде ин­дустриялық-инновациялық мем­лекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды. 2010-2015 жылдары және биылғы жылдың басынан бері 523 миллиард теңге тұратын 83 жоба жүзеге асырылып, 7,8 мың жұмыс орны ашылғаны мәлім етілді. А.Мамин бастаған топ зауыттың зертханасында болып, рельстердің төзімділігі, сапасы және басқа өлшемдері бойынша халықаралық стандарттарға толық жауап беретініне көз жеткізді. Мамандар зертханадағы бірегей қондырғылардың рельстің сапалы шығарылуына алғышарт жасайтынын жеткізді. Әр қондырғыны жете түсіндіріп, бірегей өнім шығарудың тура осы зертханада түйінделетінін баяндады. Жалпы, зауыт жылына 430 мың тонна прокат, оның ішінде 200 мың тонна рельс және 230 мың тонна ірі сортты прокат өнімдерін шығара алады. Жобаның құны – 55 миллиард теңге. Индустрияландыру картасы бағдарламасына сәйкес жобаның инфрақұрылымдық желілерімен жарақтандырылуына облыстық әкімдік қолдау көрсеткен. Яғни, газ, су және канализация құбырларын тарту, зауыттың темір жол арқылы өтетін автожолы, 22 шақырым электр желісі осы бағдарлама аясында жүргізілген. Серіктестік директоры А.Кузьминнің айтуынша, зауыт күніне 1 мың тоннаға дейін рельс шығара алады. Рельс шығару биыл ғана басталған. Енді 1,5 жылда кәсіпорын толық қуатына шығады. Қазір «Қазақстан темір жолы» АҚ тапсырысын орындауда. Сондай-ақ, рельс өнімдерін экспортқа шығару да қарастырылуда. Биыл бірінші рет Өзбекстанға өз өнімдерін жөнелткен зауыт болашақта Белоруссия, Грузия, Армения, Молдова және Тәжікстан нарығына шығуға бағыт ұстауда. – Біз «Р-60» рельсін толық игердік, енді келесі жылы «Р-65» рельсін және құрылысқа қажетті бірқатар темір құрылғыларын игеруді қолға алдық. Біздің кәсіпорын шығарған рельс және басқа темір өнімдері сапасы жағынан әлемдік және халықаралық стандарттарға сай келеді, кей өлшемдер бойынша артып түседі, – дейді А.Кузьмин. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары аялдаған екінші кәсіпорын «Тұрғын үй құрылысы» комбинаты болды. Үстіміздегі жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында жалпы алаңы 460,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысын дамыту үшін үстіміздегі жылы тамыз айында «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС тұрғын үй құрылысы іске қосылды. Мұнда да А.Мамин темір-бетон панельдерін және тұрғын үй құрылысы үшін құрылғылар шығаратын өндірістің жұмыс процесіне назар аударып, өнім өндіру жайымен жете танысты. Ол озық технология мен да­йын өнімдерді көріп, кәсіпорынның келешегі зор екеніне сенім артты. Бұл кәсіпорынның тұрғын үй құрылыс өнімдері толықтай ішкі нарыққа шығарылады. Жобаның құны 2,6 миллиард теңгені құрайды. Комбинаттың жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы материалдарын шығаруға қуаты жетеді. Кәсіпорын жұмыс қарқынын бірте-бірте арттырып келеді. А.Мамин «Каспий плюс» ЖШС-нде болып, тау-кен және өндіру өндірісі үшін түрлі бекіткіш шығаратын кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты. Жыл басынан бері серіктестікте 20 мың дана бекіткіш өндірілген. Жалпы, биылғы он айда өңірдің өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 959,7 миллиард теңге құрады. Содан кейін Премьер-Министр­дің бірініші орынбасары А.Мамин бастаған делегация жаңа көлік-логистикалық орталығында және «Шебер» құрылыс гипермаркетінде болды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу