Жүзінен шуақ шашқан жан еді

Белгілі баспагер, Қазақстан Рес­­пуб­­ликасы баспа және поли­гра­фия ісінің қайраткері, Қазақстан Респуб­лика­сы­ның мәдениет қайрат­кері, «Елорда» бас­пасының дирек­торы Тұр­лы­ғазы Сабыр­байұлы Дуанбек үсті­міздегі жылдың 20 мамырында 70 жас­қа толар еді. Ол бүгін өкінішке қарай, арамызда жоқ. Бірақ оның жарқын жүзі, жайдары келбеті замандастарының, әріп­тес­терінің, дос-жаран, туыс­тарының есінде. 
Егемен Қазақстан
19.05.2017 2069

– Тұрлығазымен сыйласқан адам оның ерекше ақкөңіл адалдығын, кімге болса да мейірім­ділігін, аса кіші­­пейіл­дігін, жылы­лығын, ашық­тығын еш бүкпесіз байқайтын. Оның жаратылысы, табиғаты солай – адам­ға жақсылық жасауға, кісі көңілін қалдырмауға бе­йім болатын, – деп еске алады мар­құмды Парламент Мә­жі­лісінің депутаты Қуаныш Сұл­танов. – Елдің бәрі оған дос, бауыр. Адам­ның сыртынан жағымсыз сөз, өсек айт­­­пай­тын бекзат тектілігі оны өз ор­та­сында ерекше сүйкімді етті. Жас­та­йынан өз бойын барлық теріс қылық, жа­ман әдеттен таза ұстады. Темекі тарт­­пады, ішімдік ішпеді. Тұрған бойы кә­дім­гі салауатты өмірдің көрі­нісіндей еді.
Ол өте сирек кездесетін баспа маманы еді. Ол кеңес заманында Мәскеудегі Бүкіл­одақтық поли­графия инс­титутын бітір­ген инженер-бас­пагер, баспа ісінің технологы бол­ды. Маман­дығына сай бүкіл саналы өмірін республикамыздың баспа ісін ұйым­­дастыру мен оны өркен­дету мақ­саты­на арнады. Поли­графия цех­тарында қатар­дағы қызметкерден мем­лекеттік баспа комитетінің лауа­зым­ды қызметтеріне дейін өсті. Елі­міз тәуел­сіздік алғаннан кейін қайта құрыл­ған баспа және бұ­қара­лық ақпарат құрал­дары ми­нистр­лігінің жұмысын ұйым­дас­тыруда кеңесші, басқарма бас­тығы лауа­зымдарында абы­рой­лы қызметтер атқа­рып, мемле­кетімізде кітап басу мен оның таралымын, жаңа сапаға көтеру жолын­да қажырлы еңбек етті.
Еліміз жаңа ас­та­на­сын Арқа төріне көшіргенде де Тұр­­лығазы алдыңғы көшпен ке­ліп, осын­да мемлекеттік «Елор­да» бас­­па­сын ұйымдастырып, оның бас­шы­сы болып жаңа қазақ қо­ға­мын қалыптастыруға құл­шына арал­асты. Осы «Елорда» баспасы Тұр­лы­ғазы­ның төл туындысындай, Аста­наға шоғырлана бастаған қазақ зиялылары­ның, бұдан бұрынғы тарих­тың тағылымды кезең­­дерінің айна­сындай – қазақ әде­биеті классиктерінің еңбек­те­рін жинақтап, көп­теген игі іс­­терге бастамашы болып, ұлт­тық руха­ни қазынамыздың құн­ды шы­ғар­маларын жарыққа шығарды. 
Осындай азаматты кезіндегі «Гос­комиздат» саласында бірге қызмет істе­ген әріптесі, Мем­лекеттік кітап пала­та­сының ди­ректоры, жазушы Әлі­бек Ас­қаров та айрықша ықыласпен еске алады. «Тұрлығазы Бұқа­ра­лық ақ­па­рат министрінің көмекшісі бол­ған жылдары мен Президент және Ми­нистр­лер кабинетінің жауапты қыз­мет­кері болдым. Ақылшы аға ретін­де өз саласында мол тәжірибе жинақ­таған білікті маман ретінде маған көп көмек көрсетті. Тұрекең ылғи да жылы жымиып жүре­тін. Жүзі­нен шуақ шашқан, жан-жағы­на мейі­рін төккен ғажап жан еді. Сөйтіп, жүріп сөз арасында әзіл-оспағын да қо­сып қоятын. Соның бәрі ол кісі­нің қатар жүрген қарапайым аға­мыз ғана емес, ішкі мәдениеті кемел жан екенін сездіріп тұратын. Бәрі­міз де Тұрекеңді аға­йынға адал, дос­тық­қа берік, әріп­тестікке білікті азамат ретін­де мойындаушы едік. Сол үшін де ағамызды айрықша құр­мет тұтатын­быз, алдынан кесе көл­денең өткен күні­міз жоқ, сый­лайтынбыз. Ол кісінің биік пара­сатын, дархан мінезін үлгі ете­тінбіз, жүріс-тұрысынан тағылым алатынбыз», – дейді Ә.Асқаров. 
Баспагердің бағасын, баспа сала­сын­дағы еңбегін баспагер біледі. «Қара­ғанды полиграфиясы» ЖШС директоры Елемес Иманғалиев Тұрлы­ғазы Сабырбайұлының еліміздің поли­графия саласында ең танымал, ең білімді де білікті мамандардың бірі емес, бірегейі болғанын айтады. «Тұрекеңнің парасат­ты­лығы, мейірбандылығы, адамды өзіне тартып тұратын ерекше бір қасиеттері онымен ара­ласқан азаматтардың бәріне мәлім. Ол әрқашан полиграфистерді төңіре­гіне жақындатып, олардың арқа тірер қамқоршысы болып, кез келген күр­делі мәселелерін шешіп беруге қол ұшын созып отыратын жаны жайсаң азамат еді», – деп еске алады. 
Бәріміз де ауылдан түлеп ұш­тық. Ауыл­ды, ауылдағы аға­­йын­ды сағына­мыз. Тұре­кеңнің д­е ауыл десе жаны бөлек еді. Ауылдас ағайынға деген қам­қорлығы да ерекше бола­тын. Мар­құмның осындай жақ­сы­лығын, жанашырлығын көрген­дер­дің бірі, Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Молот Сол­танаев оның жақын ара­ла­сып жүрген жандарға ғана емес, өз­ге­­лерге де өз ісімен, жү­ріс-тұры­сы­мен өнегелі өмір­дің үлгісін көр­сетіп кет­кен аз­амат­тығын айтады. «Жана­шы­рым, қамқоршым, жастай айы­­ры­лып қалған бауырымның ор­нын бас­қан аяулы бауырым әрі досым, ауы­­лы­мыздың қадір тұтар ардақ­ты­лары­­ның бірі – Тұрлығазы Сабыр­бай­ұлы еді. Ол қабырғасы қатпай жа­тып колхоз жұмысына араласты. Әке­сі Сабыр­бай – еңбекқор кісі еді. Кол­хоз­дың жалғыз диір­менін жүр­гізіп отыратын. Кол­­хоз­­шылардың еңбек­күнге тап­қан бидайын тартып беріп, көп­ші­ліктің алғысына бөленген жан. Сабырбай мен шешесі Айша 1956-1957 жылдары өмірден озды. 
Тұрлығазы Алмалы бас­тауыш жә­не Басқұншы ауы­лын­дағы сегіз­жыл­­­дық мек­тептерін бітірген соң, Жар­­кент қаласындағы Ы.Алтынсарин атын­­дағы мектепті пансионатта жатып бітірді. 
Баспада, кейіннен министр­лікте істеп жүргенде маған әрдайым қолы­нан келгенінше көмек көрсетіп жүрді. Әсіресе, Кеген орта мектебінде істе­ген кезімде оның көмегі, дос әрі туыс ретінде маған ғана емес, көпші­лік­ке жасаған жақсылығы көп еді ғой. 2004 жылы жазға салым 1000 данамен «Ауылым баурайында Бестөбенің» де­ген өлеңдер жинағымды шығарып бер­ді. Қашан болсын, айналасындағы жан­дардың жақсы істерін айтып, дәріп­­теп жүретін. Алтайға барғанын, тау сұлу­лығын суреттеуге сөз таппа­ға­ны, ол жердегі жаны жайсаң адамдар ту­ра­­лы, көркем табиғаты жайлы жыр етіп ай­татын. 
Тұрлығазы 60-қа толғанда ауыл­да­ғы туған-туыс, дос-жаран, ағайын­дарын мерей­тойына шақырды. Туған күні мамыр айының 20-сы. Мек­тептегі оқу жылының аяғы бол­ған­дықтан, бара алмадым, зайы­бым Бағила барды. Мен мал тұяғы тимеген жерден бір түп жу­сан үзіп алып, конвертке са­лып, құт­тықтауымды жазып жібер­дім. Тұр­лығазы жазға салым ауылға кел­ген­де сол сәлем­демеме қатты риза болға­нын, жусанды тойға келген қонақ­­тар да алып иіскегенін, талай­лар­дың ойына туған жері түскенін жыр қылып айтты. 
Биыл жазда Астанаға барға­нымда өзі құшырлана иіскейтін жусан мен туған үйінің жанынан бір уыс топырақ ала барып бейітіне қойдым. Туған елі мен жерінің рухын сезініп, аруағы қуансын деген ой», – дейді.
Тұрекеңді немересі Аружан Дәу­рен­қызы көп жоқтайды, сағынады. «Атам менің өмірім­де үлкен орын алады. Кіш­кентай кезімнен арқасына көтеріп, мойнына мінгізіп жүретін. Ойнап-күлуді, далада серуен­деуді ұнататынбыз. Киноға бір­ге баратын­быз. Аталық ақыл-ке­ңесін айтып, ерке­­лететін, хал-жайымды сұрап оты­ратын. Қазір оның жоқтығын күнде ойлаймын, жылап, сағынып жүремін. Кейде түсіме кіреді. Сонда қатты қуа­на­мын. Ол мені ерекше жақсы көруші еді. Атамды сағындым», дейді бала жүрегі елжіреп.
Тұрлығазы! Өзіңді осынау естелік­тер арқылы еске түсіріп, дұғасын арна­ған әріп­те­сің, досың, құрдасың.

Қайырды НАЗЫРБАЕВ 
Астана

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.07.2017

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу тәртібі

26.07.2017

«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы

26.07.2017

Астаналық марафонға 5000 адам қатысады

26.07.2017

Келер жылы «Еуровидение» Португалияда өтетін болды

26.07.2017

«THR» компаниясы Бурабайдың туристік әлеуетін арттыруға атсалысады

26.07.2017

Талдықорған қаласында саудагерлерге 26 сауда орны тегін беріледі

26.07.2017

«Астана» - «Легия» ойынына қоғамдық автобустар бөлінеді

26.07.2017

Жетісу өңірінде туризмді дамыту шаралары үздіксіз жүргізіледі

26.07.2017

Алматы облысында шаруа қожалықтары мен өңдеуші кәсіпорындар арасында тығыз байланыс орнатылады

26.07.2017

Алматы облысынан 65 студент Польшада тегін оқиды

26.07.2017

Петропавлда жазғы биатлоннан ел  чемпионаты аяқталды

26.07.2017

Қарлығаштың ұясы

26.07.2017

Кененнің домбырасы

26.07.2017

Лагерь алауы – бала қалауы

26.07.2017

Қырағы сақшылар қылмыскерлерді құрықтады

26.07.2017

Жамағат доп тебуден жарысады

26.07.2017

Экология проблемасы алаңдатады

26.07.2017

Қос отбасының қуанышы

26.07.2017

Қайырымдылық шараға қарттар дән риза

26.07.2017

Кездесу соңы – келісім

КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мұғалім беделі және репетиторлық

Қазір мектеп абыройы, мұғалім беделі туралы көп айтамыз. Бұрынғы орталықтандырылған білім беру жүйесі дәуір дамуына қарай әртарап­тан­ды­рылды. Соның бірі – ата-аналардың қалауына қарай түрлі тәсілдер бойынша ақшасын төлеп, репетитор жалдау.

Жанболат ҮСЕНОВ, Халықаралық қатынастар жөніндегі еуразиялық кеңестің директоры

Өңірлік қауіпсіздіктің ықпалды тетігі

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бірнеше страте­гия­лық қағидаттарға негізделген. Олар­дың бір бөлігі елдің ұлттық қау­іпсіздігін, қорғанысқа қабілет­тілігін және егемендігін жан-жақты қам­тамасыз етуге, өңірлік және жа­һан­­дық тұрақтылықты нығайтуға ба­ғытталған.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ток-шоу деген жақсы-ау...

Соңғы жылдары түрлі телеарналарда ток-шоулар көптеп пайда бола бас-тады. Олардың арасында көрермендер ықы­ласына бөленіп, өзіндік сыр-си­па­­тымен ерекшеленетіндері де жоқ емес. Мәселен, Бейсен Құранбек, Аман Та­сыған сияқты журналистер жүргізіп ке­ле жатқан ток-шоулар көпшілік көңі­лінен шығып жүр. Дегенмен, бірқатар ток-шоуларда көтерілген мәселелерді тал­қылау барысында «бір қайнауы ішінде» кетіп жататын жағдайлар да кездесіп қалып тұрады. Ондай жайттар кейбір журналист әріптестеріміздің теледидар арқылы қозғағалы отырған та­қырыпты жан-жақты зерттеп, мәселеге тереңірек үңілмеуінің салдарынан орын алатын сияқты. Екіншіден, қазақ тілді ток-шоуларда көбіне жастар пікір айтып жатады. Тіршілікте болып тұратын, тәжірибелі деген үлкендердің өзі кейде шешімін табуда қиналып қалатын сан-қилы жағдайлар туралы өмірге енді ғана қадам жасай бастаған адамдардың ой-пікірлер айтуы қаншалықты дұрыс деген күмән да осындайда туындайды.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Саудада да имандылық керек

– Қымбатшылық асқынып тұр. Бәрінің де бағасы удай! – Неге олай? – Өйткені, ар-ұят арзандап, иман­дылықтың еңсесі еңкіш тар­т­қан кезде материалдық қа­жет­ті­ліктердің құны шарық­тайтыны заң­дылық. Бір танысыммен болған бұл шағын диалог мені әжептәуір ойландырып тастады...

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Ұрланған құндылық және ұялы телефон

Астанада жасалған ұрлықтың 80 пайызы – қалта ұрлығы, ең көп қол­ды болатын бұйым – қалта телефон. Іш­кі іс­тер министрлігі хабарлаған ақ­пар осындай. Лақтыр­­ған таяғың құ­қық қорғау­шы­ларға тиетін қалада осылай болғанда, басқа қалаларда да «ұялы­ның» ұрлығы көп болмаса аз емес сыңайлы. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу