Зор толғаныстан туған игілікті шешім

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланған күні таң атпай біздің үйдің телефонына тыным болмады. Әріптестерім құттықтады, журналистер тікелей эфирге шақырды, сұхбат беруімді өтінді...
Егемен Қазақстан
13.04.2017 1390
2

Ішпей- жемей тойдым, сондай риза болғанымды айтайын. Бұл өзі менің еліміздің азаматы ретіндегі ой-санамды көптен мазалап жүрген мәселе еді. Алайда, оның ерте ме, кеш пе орындалатынына бек сенімді жүргенімді де жасырмаймын. Президент «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Бұл мәселеге неғұрлым  дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», дейді. 

Менің есіме Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Түркия еліндегі (Анталья, 1993 жыл) кешегі Кеңес Одағында тұрып келген бауырлас халықтардың латын әрпіне көшуі туралы өткен халықаралық конференция түсті. Сонда әлем ғалымдары қатарында биік мінберден баяндама жасаған мен қазақ тілінің де латын қарпіне көшуге өзге туысқан елдер секілді қауқарлы екенін, оның тілдік ерекшеліктері хақында кеңінен тоқталып айтып едім. Жиынға қатысқан сол кездегі Түркия Президенті Тұрғыт Өзал, ризашылық сезімін айтты. Елге оралған соң болашақта латын әліпбиіне көшудің барлық жобасы мен тұжырымын хатқа түсіріп, еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдадық. «Ойланатын мәселе екен, ғалымдар жан-жақты зерттеп, жауабын берсін», деді Елбасы. Бір-екі жылдай сонымен шұғылдандық. Әзербайжандар ол кезде латын әліпбиін жаппай жаттай бастаған, өзбектер жаңадан көшкен еді. Кейін оған түркімендер қосылды. Қырғыздар бізге қарайлап қалды.

Ол бір ауыр кезеңдер болатын. Бізге латын әліпбиіне дейін ең алдымен тұралап жатқан қазақ тілінің мәртебесін көтеруге тура келді. Білекті сыбанып тастап, тер төктік. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамын құрдық.

Айтпақшы, бір жайтты ұмытып кетіп барады екенмін. Бір күні Нұрсұлтан Назарбаев мені, академик Өмірзақ Айтбайұлын және облыстардан келген бірқатар қоғам басшыларын өзіне шақырып, марапат жасады. Маған арнап «Сіздің қазақ тілінің дамуы мен өркендеуіне қосқан еңбегіңіз ақталады», деп кеудеме еліміздің жоғары наградасы – «Отан» орденін қадады. Оның бәрі ұмытылмайды, есте сақталады. Әңгіме арасында Елбасының жадырап айтқан «Латын әліпбиіне ауысатын кез де келер» деген бір ауыз сөзі де жүрегімді жылытып жүрді. Біз шамамыз келгенше қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына ат салыстық, жәрдемдестік.

Ел игілігі мен болашағы үшін жасалған әрбір қадам зор толғаныстардың нәтижесінен туындайтыны ақиқат. Қазақ дүниесі адам танымастай өзгеріп, ұрпақ жаңаруда. Ширек ғасыр бұрын ежелден бабаларымыз аңсаған тәуелсіздігімізге де қол жеткіздік. Азияда түркілердің қара шаңырағы – мемлекетіміздің іргесі қаланып, көк туымыз желбіреді. Тыныштығымыз сақталып, еңсеміз көтеріліп келеді. Бұған, міне, тәубе дейміз! Бірақ, дүние дүрбелеңге толы. Әр жердегі мемлекеттік дүмпулермен қатар, бір елдің екінші мемлекетке озбырлықтарын да естіп, біліп жатырмыз. Бүгінгі таңда мемлекетіміздің айрандай ұйып, тілін, мәдениетін сақтау арқылы бір көшбасшының маңына топтасу, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, ұлттығымызды сақтап қалу ең басты да мәнді мәселе екенін естен шығармағанымыз жөн.

Ал енді еліміз кезең-кезеңмен латын әліпбиіне көшкен жағдайда, сөздер жаңа латын әріпімен жазылғанда, жұрттың бәрі оны жаңадан қабылдайды. Жаңа сөз ретінде, жазылуын орфографиялық норма ретінде қабылдап көзі де үйренеді. Бұл, әсіресе, тілдегі басы артық дыбыстардың, сөздердің дұрыс жазылуын, қазақша дыбысталуын қамтамасыз ету үшін, тілдің өз табиғаты үшін керек. Тілдік ерекшелігімізді сақтау − әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндігіміздің артуы. Өйткені латын жазуы ағылшын тілі сияқты әлемге кең тараған әліпби екеніне дау жоқ. Сол арқылы біз қазіргі интернет желісінде ақпарат алуда ғылым, білім саласында осы кеңістікке көбірек кіріп, жастарымыздың да тез оқуға, ақпарат алуға мүмкіндігі артады. Екінші жағынан, бұл – түркі әлемі мен Қазақстанның бірігуі. Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты елдердің жазуымен бір болуы – біздің еліміз үшін ұшан-теңіз пайдасы бар.

Тілді тіл етіп, бар табиғаты мен болмыс-бітімін айқындап тұратын басты заңдылықтарының бірі – дыбыстардың бір-бірімен көрші тұруы, тіркесуі. Қазақ тілінде буын, сөз ішіндегі және сөз бен сөз аралығындағы дыбыстар өзара келісіп, үйлесіп, үндесіп, басқаша айтқанда, бір-бірімен қол ұстасып, жарасым тауып, үндестік заңына бағынып тұрады. Бұл заңнан тысқары тұрған дыбыс, буын не сөз болмайды. Ал тілінде үндестік заңы емес, сөз екпіні үстем орыс тілінен енген сөздер қазақ тілінің басты заңдылығына кері әсер етіп келеді. Сондықтан қазақ тіліндегі әр сөздің табиғи бояуы дыбыстар тіркесі арқылы, яғни үндестік заңы арқылы танылады. Орыс тілі және осы тіл арқылы дауыстының не бірнеше дауыссыздың сөз ішінде, әсіресе бір буында қатар келуі қазақ тілінің табиғатына жат тіркесімдер болып табылады. Ғылыми қауым сондықтан да латын әліпбиіне көшкен түркі халықтарының жағдайына да жеке зерттеу жүргізіп отыруды тоқтатқан емес. Тағы бір ескеретін жайы – латын әліпбиіне өтсек, барлық мәселе шешіледі деп арқаны кеңге салуға да болмайды. Латын әліпбиіндегі британдық ағылшындар өз тілдерінің Америка, Еуропа құрлықтарында әр жерде әртүрлі айтылып кетпеуіне, немістер жер-жерден келген өз қандастарының тілді бұзбай дұрыс меңгеруіне, француздар өз тіліне ағылшын кірме сөздерінің көп еніп кетпеуіне алаңдаушылық білдіріп, үнемі назарда ұстап, тілін дамыту шараларын жүргізіп отыр. Сондықтан, бізде тілімізге бұрынғыдан да жауапкершілікпен қарап, Елбасы айтқандай, «қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек». Тіл сөйлеген үстіне сөйлей берсең ғана шыңдалып, айналадағы басқаларға да әсер ете түседі. Латын әліпбиі – түркі дүниесінің басын қосатын фактордың бірі. Әрі компьютеріңіз де латынға байланған. Ал қиындығы уақытша болатыны анық.

Қазір 1989 жыл емес. Қазақстан – тәуелсіз. Халықтың дені ана тілінің қадірін түсіне бастады. Өткендегі соқпақпен жүрсе ана тілінен айырылып қалатынын кейбіреулер кеш те болса ұғынды. Бірақ, әлі де елдің бәрі емес дер едім. Бірнеше ұрпағы орысша сөйлейтін қандастарымызға ауырлау, бірақ түзелуге мүмкіндік басым. Заман жақсы. Кезінде санасы жетпегені емес, «уланғаны» үшін оларды кінәлауға мүлдем болмайды. Қазіргі қазақ тілінің мысы басым. Ешқандай қауіп жоқ. Біздің алғашқы құлшынып құрған «Қазақ тілі» қоғамы еліміздің тарихында бәрін өзгертіп жіберді дей алмаймын, бірақ үлкен бетбұрыс жасады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі тілге қатысты мемлекеттік саясатын қолдаймын, бағыты өте дұрыс. 90-жылдар басында айтқан Президенттің ойы жүзеге асуда. Көңілім толады. Өйткені, халықта қазір бұрын-соңды бой көрсетпеген тілге деген жанашыр сезім пайда болды. Президенттің «Егемендегі» тарихи мақаласы осынау халықтық қозғалысқа зор қолдаушы күш болатынына сенімдімін.


Әбдуәли ҚАЙДАРИ, 

академик 

АЛМАТЫ 



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Абылай ханның қара жолы - солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол

23.09.2018

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының атауын латын қарпіне көшіру ұсынылды

23.09.2018

Фильмдер қашан түрлі-түске бояла бастады?

23.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

23.09.2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу