Аймақтар • 13 Мамыр, 2020
Шымкент: Сауда базарлары жұмысын қайта бастады
Қаладағы сауда базарлары сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі жұмыс режимімен жұмысын қайта бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Елорда • 13 Мамыр, 2020
Нұр-Сұлтанда суға шомылуға рұқсат етілмеген 23 орын бар
Жағажай маусымына дайындық мәселесі талқыланды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қоғам • 13 Мамыр, 2020
2,7 миллионнан астам адам «42 500 теңге» төлемін екінші рет алды
13 мамырдағы жағдай бойынша 2,7 млн-нан астам қазақстандық төтенше жағдай режимі (бұдан әрі – ТЖ) кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) 42 500 теңге мөлшерінде екінші төлем алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 13 Мамыр, 2020
Бессайыстан әлем чемпионатының өту мерзімі анықталды
Халықаралық қазіргі бессайыс федерациясы (UIPM) Токио Олимпиадасына байланысты ауыстырылған жарыстар күнтізбесін жариялады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Экономика • 13 Мамыр, 2020
Ауыл шаруашылығы министрлігі экспорт бойынша шектеулерді алып тастауды жоспарлауда
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2020
Павлодар облысында биыл 350-ден астам шақырым жол жөнделеді
Өңірде автомобиль саласында 24 жоба іске асырылып жатыр. Жөнделетін жолдардың жалпы ұзындығы 359,4 шақырымды құрайды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 13 Мамыр, 2020
Жеңіл атлетикадан биылғы маусым жарыстары тамыз бен қазан аралығында өтеді
Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы биылғы жылдың тамызы мен қазаны аралығында өтетін бір күндік жарыстардың кестесін жариялады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Қоғам • 13 Мамыр, 2020
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 310 кәсіпорнында 7,2 мың жұмыскердің алдында жалақы бойынша 765 млн теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2020
Полицейлер мақтааралдықтарға құжаттарын қалпына келтіруге көмектесіп жатыр
Түркістан облысы ПД көші-қон және әкімшілік полиция қызметкерлері су басқан кезде жоғалған Мақтаарал ауданы тұрғындарының құжаттарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2020
Нұр-Сұлтан: Есіл ауданының әкіміне ескерту жасалды
Есіл ауданындағы саябақтың қазіргі күйі мен жұмыс қарқынының төмен болуына байланысты аудан әкімі Берік Жәкенов пен мердігер ескерту алды. Барлық кемшіліктерді түзетуге уақыт берілді. Абу-Даби Плаза маңында орналасқан саябақ екі жыл бұрын ашылуы тиіс болатын. Желілік саябақ биыл ашылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.