Мәдениет • 01 Қараша, 2023
Театр өнерінің ішінде бізге атауы ертеден-ақ таныс болғанымен елімізде бұған дейін қолға алынбаған сала бар, ол – көше театры. Аты айтып тұрғандай мұнда қойылымдар далада, ауқымды кеңістіктерде, мереке-жиындарда көрсетіледі. Тарихы тереңде жатқан көше театрларының бастауы сонау б.д.д. Грекиядағы Дионис құдайдың құрметіне арналған салтанатты мереке, сондай-ақ Шығыс елдерінің ұлттық дәстүрлерінен туындаған ең алғашқы қойылымдары еді. Сол сияқты Қайта өрлеу дәуіріндегі карнавалдық мерекеден дамып, өзінің ерекше формасымен танылған италиялық комедия дель арте театры көше театрына жатады. Өткен ғасырлардағы қазақ топырағында орын алған көші-қон кезіндегі салттарда да, сал-серілердің өнерінде де көше театрларының элементтері мол. Жалпы, қалыптасу тарихының алғашқы күндерінен-ақ әрбір ұлттың кәсіби театрының дүниеге келуіне ықпал еткен театрдың бұл түрі қазіргі уақытта өнердің бір саласы ретінде кеңінен дамыған. Бүгінде көптеген елде көше театрлары фестивалін өткізудің қолға алынуы да сондықтан. Яғни променад, флешмоб, хэппенинг, site-specific, энвайронмент, боди-арт сияқты түрлі жанрлар мен бағыттарды бойына жиған бұл өнерде көшелерде, зауыт-фабрикаларда, базарлар мен белгілі бір кеңістіктерде өнер көрсету арқылы халықтың өнерге деген қызығушылығын тудырып, сол халықпен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік мол.
Сараптама • 01 Қараша, 2023
Отандық ғылым: деңгей мен әлеует
«Талдау қызметі сапалы жүргізілсе, мемлекеттік басқарудың тиімділігі арта түсері сөзсіз. Мемлекетке кешенді түрде жүргізілген зерттеулер мен ұсынымдар өте қажет. Бұл маңызды әлеуметтік мәселелерді шешіп, елдің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін айрықша маңызды». Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың Түркістандағы отырысында айтқан бұл сөзі мемлекеттік шешімдерді қабылдаудағы талдамалық зерттеулердің маңыздылығы мен өзектілігін нақтылай түсті. Бұл әсіресе ғылыми салаға қатысты болмақ.
Спорт • 31 Қазан, 2023
Қазақ күресінің дүниежүзілік тұсаукесері
2023 жыл – қазақ күресі үшін тарихи жыл болмақ. Күресіміз алғаш рет Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының бағдарламасына енді. Бұл маңызды оқиға Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы – Эр-Риядта болды.
Әскер • 31 Қазан, 2023
Ананың сүтімен, атаның қанымен берілетін тума таланттар елімізде жетерлік. Солардың бір бөлігі өмірлерін әскери саламен байланыстырады. Бүгінгі кейіпкеріміз сержант Жұмабек Рахымовты біз Ұлттық ұлан академиясынан кездестірдік. Ол музей бастығы болып еңбек етеді.
Зерде • 31 Қазан, 2023
Мұхтар Әуезовтің Мырзашөлдегі бір күні
Ұлы қаламгер Мұхтар Әуезовтің 1959 жылы оңтүстік өңірінде айға жуық болғаны мәлім. «Өскен өркен» романына дайындық кезінде барлық кездесу-сұхбат кезеңдерінде қойын дәптеріне күнделік жазбалар түсіріп отырған. Әдебиетші Талатбек Әкімов осы қатталып, кітапқа айналуға тиіс жазбаларды әзірлеп, «Қазақ әдебиеті» газетіне (1986 жыл, 14 ақпан) жариялады. Жазбаның «4 октябрь (1959 жыл) күні» деген жерінде М.Әуезов қолымен былай деп қысқаша жазылған: «Тұтқабай Тұрысов, Айсұлудың отауы, жасауы: терме алаша, түйген шашақ, салбыраған шашақтары бар. Қыжым көрпе, масаты үстінде барқыт қоржын. Қолдорба, боқжамалар. Рақы жастық, жозы көрпе, айнақап, қолдорба, әбдіре, сандық, жағылан – былғарыдан ойып, көк сағасыз салып жасайды. Мұнда сандық, жүкаяқ, жержастық көп. Аткөрпе қос мамықтың үстіне салады. Бір қазақ бір қазаққа мамықты матрас орнына пайдаланатын пух деп түсіндіреді».
Пікір • 31 Қазан, 2023
Бір-бірінің қуанышын еселеп, басына түскен қиындығын тең бөліскен Қазақстан мен Түркия – тамырластығы терең, бауырластығы берік елдер. Тәуелсіздігіміздің елең-алаң шағында мемлекетіміздің азаттығын алғашқылардың бірі болып таныған бауырлас елмен байланысымыз да жан-жақты. Қос елдің арасын бекемдете түскен экономикалық, әскери, мәдени байланыстар жыл өткен сайын тереңдеп келеді. Осы елдің ғасырлық мерейтойы қарсаңында Түркия Республикасы Коммуникациялар басқармасының басшысы Фахреттин Алтунның мақаласын арнайы ұсынып отырмыз.
Таным • 30 Қазан, 2023
ҚазПИ түлектері – Бай өлкенің алғашқы ұстаздары
Тарихы Алаштың Ташкентке орныққан кезеңінен (1918 жылдан) басталып, 1928 жылы Алматы қаласына көшіп, еліміздегі талай университет пен институтқа іргетас болған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті тарыдай шашылған әлемдегі қазақтың ағаруына да, жетілуіне де елеулі әсер етті. Осы оқу орнының Моңғолиядағы қазақтар үшін алар орны да ерекше. Моңғолия қазақтарының сауатын ашу, қандас қазақ бауырлары тұратын Баян-Өлгей қазақ аймағында алғаш мектеп ашу ісіне Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (ҚазПИ) сонау ХХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап бауырмалдық тұрғыдан атсалысып, аймақ орнаған алғашқы жылдары ондаған педагог мамандарын жіберіп, жергілікті қазақтан жүздеген мұғалімді даярлап бергені – тарихи шындық. Бұл Моңғолиядағы қазақтардың рухани өміріне бетбұрыс әкелді. Сондықтан Моңғол елі қазағы бұрынғы ҚазПИ, қазіргі Абай университеті десе, әрдайым мақтаныш сезімі кернеп, біліммен сусындатқан алғашқы ұстаздарын ұмытпайды.
Тұлға • 30 Қазан, 2023
Дәрілбақиға аттанбайтын адам бар ма? Бәріміздің ертелі-кеш баратын жеріміз. Адамның өмірі абайсызда құлатып алған құманның суы сияқты. Көзді ашып-жұмғандай. Алды-артыңа қаратпай өте шығады. Дей тұра, өлімге қимайтын жандар болады. Сондай кісілер ұзақ өмір сүрсе екен деп Құдайдан тілеп-ақ жүресің. Шынында да, айналасындағы адамдарға пайдасы молынан тиіп жүретін тұлғаның ұзағырақ өмір сүргені – елге олжа. Қазақтың маңдайына біткен сындарлы сатирик Көпен Әмірбек дәл сондай жан еді.
Тұлға • 29 Қазан, 2023
Кешегі кеңестік кезеңде қаншама тұлғаларымыз аудан, облыс, республика, одақ көлемінде маңызды әрі жауапты қызметтер атқара жүріп, ел игілігі үшін аянбай еңбек етті. Олардың атқарған еңбегін жұрты ұмытпақ емес. Сондай тұлғаларымыздың бірі – Арал аудандық партия комитетінің үшінші, екінші, бірінші хатшысы, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған Тәкей Есетұлы Есетов.
Руханият • 29 Қазан, 2023