Тарих • 24 Қазан, 2023
Қазақ халқының егемендік үшін күресінің тарихи жолы қажырлы еңбек пен қайсарлыққа толы. Осы жолдың негізгі кезеңдері туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Егемендікке бастайтын қасиетті жолды халқымыз ұзақ жылдар бойы жүріп өтті. Ел ағалары мен зиялылар ұлттың санасын сақтау үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Адамның рухын оятатын көркем туындылар өмірге келді. Ұлтымыздың азаттыққа деген ұмтылысы Желтоқсан оқиғасында айқын көрінді», деді.
Республика күні • 24 Қазан, 2023
Республика күні қарсаңында қоғам қайраткері, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында тәуелсіздікпен келген үш құндылық туралы айтты.
Республика күні • 24 Қазан, 2023
Республика күні – бірлік, рухани келісім және бейбітшілік мерекесі
Құрметті отандастар! Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! 25 қазан – еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі. 1990 жылы нақ осы күні Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Президент • 24 Қазан, 2023
Еңбегі елеулі азаматтар мемлекеттік марапатқа ие болды
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Қазақстан • 24 Қазан, 2023
Жерасты су көздерін игеру маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында еліміз үшін ең өзекті мәселелердің бірі – су ресурсына айрықша тоқталды. Халық саны мен экономика өскен сайын оның тапшылығы да ұлғая түсетініне баса мән берді. «Қазақстандағы су тапшылығы 2040 жылдарға қарай 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз» деп атап көрсетті Президент. Сондай-ақ ішкі су ресурстарын ысырапсыз пайдалану, оны үнемдейтін озық технологияны енгізу мәселелерін алға қойды. Осы орайда су көздері тапшы Жезқазған өңірінде де түйткілді мәселеге барынша мән беріліп, алаңдатарлық ахуалдың алдын алу қажеттігі күн тәртібіне қайта шықты.
Пікір • 23 Қазан, 2023
Әділетті Қазақстан тұжырымдамасының алғышарттары – әділетті қоғам құру, ел азаматтарына теңдей құқық беру, зайырлылық қағидаттарына сүйене отырып, халықтың тең дәрежеде өмір сүру формасы деген сөз. Жер байлығын халыққа теңдей үлестіру, азаматтық қоғам құрып, бақытты, әділетті ұрпақ өсіру, міне, жұрт қалайтын қоғам қағидаты осындай.
Еңбек • 23 Қазан, 2023
Ел егемендігі ұлт дәстүрі мен құндылықтарына жіті, жүйелі, қастерлеп қарауға мүмкіндік берді. Шынында да халқымыз қаншама қиындық көрсе де ғасырлар сынынан өткен салт-сана, әдет-ғұрып бізді жарқын күндерге жетеледі.
Айбын • 23 Қазан, 2023
Халқымыз «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп бекер айтпаған. Жылы сөз адамды жігерлендіреді, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайын жаңғыртады. Кейде біз жанымызда жүрген жақсы адамдардың іскерлік қасиетін бағалай алмай жатамыз. Біріміз оның істеп жатқан жұмысына іштей сүйсінсек, енді біреулер оны мойындағысы келмейді.
Әдебиет • 23 Қазан, 2023
«Көркемсөз – жанның сәулесі» деген екен ұлы суреткер. Бұл оның терең танымы, берік ұстанымы болатын. Ұзақ ғұмырында жазушының қаламынан туындап, қалың оқырманының сүйіспеншілігіне бөленген шығармалары ХХ ғасырдан ХХІ ғасырға өтіп, сән-салтанаты мол салқар көшін болашаққа қарай апара жатыр.
Тұлға • 23 Қазан, 2023
Әдеби дәстүрсіз әдебиет дамымайды. Қазіргі көркемсөз өнері қаншалықты еркіндік алды дегенмен, өткеннің бай тәжірибесін бойына сіңірмей өспейді. Бүгінгі проза жөнінде де осыны айтуға болады. Ж.Аймауытұлын, М.Әуезовті, Б.Майлинді, Ғ.Мүсіреповті игермей, өрелі проза өрге баспас еді. Алыптар тобынан соң бұл қатарда соғыс жылдарынан кейін әдебиетке келген өзге қаламдастармен бірге Тахауи Ахтанов бар. Бүгінде 100 жылдығы аталып отырған ол көркемдік әлемін қалыптастырған қарымды прозаик, шебер драматург, өткір ойлы сыншы болды. Алыптар дәстүріне сай әдебиеттің барлық жанрында аянбай еңбек етіп, шығармашылықтағы адалдықты ту қылып ұстанды.