Қоғам • 27 Мамыр, 2019
2019 жылдың көктемінде интернеттің пайда болғанына 30 жыл толды. Қазіргі уақытта интернетке қолжетімділіктің кеңеюі – заманауи үрдістердің бірі. Бүгін біз ғаламдық желіні тек өміріміздің ажырамас бөлігі ретінде ғана емес, сондай-ақ әлемдік дамудың қажетті шарты деп қабылдаймыз. Интернеттің таралу қарқыны таңғалдырады: 50 миллиондық аудиторияны қамту үшін радиоға 30 жыл, теледидарға 13 жыл қажет болса, ал интернетке тек 4 жыл жеткілікті болды.
• 26 Мамыр, 2019
Ұлттық тіл және рухани жаңғыру
Жер бетінде қазақ деген ұлт жаратылғаннан бері оның жан азығы – өлең-жыр, аңыздар мен дастандар. Небір жаугершілік заманда да қазақ өзінің рухани болмысын жоғарылатуды ұмытқан жоқ. Сол себептен де қазақ қоғамында әйгілі ақын-жырауларға, жыршы-термешілерге, әнші-күйшілерге ерекше құрмет көрсетіліп, оларды барынша биікке көтерді. Өздерінің рухани жан-дүниелерін солардың жалынды жырларымен сусындатып, рухтарын жебеп, шыңдап отырды, былайша айтқанда, ақын-жырауларды төбелеріне шығару арқылы өздерінің ұлттық рухын жоғары көтерді.
Экология • 24 Мамыр, 2019
Халықаралық биологиялық саналуандылық күніне орай экомарафон қатысушылары Алматы облысындағы Айқайқұм мен Шарын аралығын жалғайтын 250 шақырымдық жолды жүгіріп өтті.
Руханият • 24 Мамыр, 2019
Соғыс балалары ма, майдангер балалары ма?
Оқырманның әр кез көңілінен шығып, ой-толғамына жауап беріп отыратын еліміздің бас газетінің биылғы 9 мамырдағы санында жарияланған Гүлбаршын Айтжанбайқызының «Соғыс балалары терминін енгізу қажет пе?» деген мақаласы көптен бері көкейде жүрген ойды қозғап кетті.
Руханият • 24 Мамыр, 2019
...1957 жылы жаңадан салынған кеңшар орталығынан қашықтау қоныс тепкен біздің Керегелі ауылында су қат болыпты. Қыз-келіншек 3-4 шақырым жерден иінағашпен шелектеп су тасиды. Малдың жайымен отырған шағын ауылды түбі орталыққа көшіру жоспары болғандықтан су мәселесі шешілмейді.
Кино • 24 Мамыр, 2019
Дубляж өнерінің болашағы жарқын
Қазақ дубляж өнері әлем бойынша кенже дамып келе жатқаны құпия емес. Егер Дисней студиясының классикалық мультфильмдерінің Ресейдегі дубляжы осыдан 25-30 жыл бұрын қолға алынса, бізге АҚШ студиясының сапалы әрі толыққанды қазақ тілді дубляжы енді-енді ғана еніп жатыр.
Руханият • 24 Мамыр, 2019
Толғақты ой мен толымды тағылым
Түркітану ғылымында қазақ ғалымдарының салған олжасы аз болмаған. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, М.Томанов, Ә.Құрышжанов, А.Аманжолов, А.Гаркавец сынды ғалымдардың түркітану саласы бойынша жазған ғылыми зерттеулері қалың көпшілікке белгілі. Бұл зерттеулердің ғылыми негізділігі мен қисындық мәнділігі түркітанушы ғалымдар тарапынан жоғары бағаланған-ды.
Руханият • 24 Мамыр, 2019
Әділдік үшін әлдескен, ақиқат үшін айқасқан, шындық үшін шайқасқан шандоз шайыр, шамшыл күрескер, дәулескер күйші, дәулетияр дарын, алаштың ар-намысындай алдаспан азамат Махамбеттің мәдени мұрасы – халқымыздың қанжығалы қазынасы. Ақынның аса тегеурінді поэтикалық мұрасы – бүгінгі ұрпақтың тарихи санасына сілкініс пен құлшыныс беріп, рухани жаңғырудың жарқын көрінісін айшықтайды.
• 23 Мамыр, 2019
Аймақтар • 23 Мамыр, 2019
XVI Еуразиялық медиа-форум өз жұмысын бастады
Алматыда шартараптан жеткен белді БАҚ өкілдері мен саясаткерлерді бір алаңға тоғыстырған XVI Еуразиялық медиа-форум өз жұмысын бастады. Биылғы форум «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы ма?» тақырыбын таңдады.