
Медицина • 21 Маусым, 2019
«Денсаулық» пойызы Ақмола өңіріне келді
«Денсаулық» пойызы Ақмола облысы Елтай бекетіне келіп тоқтады. 19 маусым күні он бір адамнан жасақталған дәрігерлер бригадасы ауыл тұрғындарының денсаулығын тексеріп, кеңес берді.
Президент • 21 Маусым, 2019
Саясат • 21 Маусым, 2019
Билікке сенім бәрінен де биік тұр
Бұл күн, 2019 жылдың 12 маусымы Қазақстан үшін және оны мекендеген әрбір азамат үшін әрқашан айрықша маңыздылығымен есте қалатыны анық. Тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы есте қалатын ең жарқын оқиға, елдің жаңа Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті.
Руханият • 21 Маусым, 2019
Басты бағыттар туралы оң көзқарас танытылды
Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ҚСЗИ «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 бағыты: ел дамуының жаңа деңгейі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Қоғам • 21 Маусым, 2019
Полиция: уақыт иіріміндегі өзгерістер
Еліміздің бүгінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы құқық қорғау органдарының алдына да жаңа талаптар қойып отыр. Терроризм және экстремизм қаупі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністері саланы реформалау мәселесін күн тәртібіне шығарды. Бұл мәселе ел Президентінің де басты назарында. Сол себептен де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ алқа отырысында ведомствоның жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, полицияның ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін бірқатар міндетті атап көрсеткен еді. Мемлекет басшысы, соның ішінде мал ұрлығы, ұялы телефон және автобөлшектер ұрлығының жолын кесу, есірткі бизнесіне қарсы күрес, трассалардағы жол апатын азайтуға қатысты шараларды күшейтуді тапсырды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы қабылданғаны белгілі. Бұл маңызды құжат 54 іс-шараны қамтитын тоғыз бағыттан тұрады. Оның 39-ын осы жылы іске асыру жоспарланып отыр. Осы жұмыстардың аясында полицияның қоғаммен өзара байланыс жасаудың жаңа форматы енгізіле бастады.
Президент • 21 Маусым, 2019
Президент • 21 Маусым, 2019
Кейбір оқиғалар баяу ағыспен басталып, бірте-бірте арынды өзенге айналып кете баратын бұлақтарға ұқсайды, олар уақыт өте келе тұтас мемлекеттер мен халықтар үшін аса маңызды мәнге ие болады.
Қоғам • 21 Маусым, 2019
Қоғам мен мемлекеттің мүддесіне қызмет етеді
Мемлекеттік қызметтің миссиясы – халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу. Мемлекеттік қызметші атану – адамның кәсіби білімді, жауапкершілігі мол әрі білікті маман болуын талап етеді. Және ең бастысы өзгеге үлгі бола білуі қажет. Осындай айтулы мереке мемлекеттік қызметшінің беделін нығайтуға және патриоттық сезімін арттыруға ықпал етері сөзсіз.
Саясат • 21 Маусым, 2019
Меритократия қағидаты кадрлық резерв қалыптастыруға жол ашады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буынын қалыптасыру мақсатында «Президенттік кадрлық резерв» жасақталатынын айтты.
Саясат • 21 Маусым, 2019
«Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезінде ұстанған осы ұраны бір қиырдан екінші қиырға ұрынбай, эволюциялық даму жолымен алға басуды қалайтын көпшіліктің көңілінен шығып, үлкен қолдау тапқандығы даусыз. Ол ел Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде өз ұстанымына беріктігін білдіріп, бірінші кезекте Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегияларын жүзеге асыруға ден қоятындығын мәлімдеді.