
Білім • 19 Тамыз, 2021
Дуалды оқыту жүйесі қалай дамып жатыр?
Қазақстан үшін дуалды оқыту – кәсіби білім берудің практикалық және теориялық компоненттері біріктірілген маман даярлаудың жаңа түрі. Дуалды оқытудың басты мақсаты – өндірісте жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан түлекті даярлау. Басқаша айтқанда, алғашқы күннен бастап жұмысқа кірісіп, оны жоғары кәсіби деңгейде орындай алатын маман даярлау.
Қоғам • 18 Тамыз, 2021
Қиналғандарға қолұшын беру – парызымыз
1949 жылдың 29 тамызын қазақ халқының басындағы ең қайғылы күннің бірі деп айтуға болады. Осы күннен 1989 жылдың 19 қазанына дейінгі 40 жыл аралығында сол кездегі бодандықтың салдарынан қазақ елінің, жерінің, халқының, жан-жануар, табиғатының Семей ядролық полигонының зардабын тартып келгені ақиқат. Бұл туралы Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Бахия Атшабаров, Меңдіғали Сужиков, Кешірім Бозтаев, Медеу Сәрсеке және басқа да көптеген белгілі тұлғалар айтып, жазған. Мәселен, Медеу Сәрсекенің «Семейдің қасіреті» деген үш тілде жарық көрген кітабында толық ұғынықты жазылды.
Коронавирус • 16 Тамыз, 2021
Дертті вакцина ғана тоқтата алады
Кеңес Одағы кезінен бері қаншама вакциналау процесін көрдім, басы-қасында да болдым. Бірақ алыпқашпа әңгімелер, видеолар, аудиолар мен жалған хабарламалар тараған кез есімде жоқ. Қазіргі жағдай басқаша. Тап қазір адамзаттың бас амандығы вакцинаға тәуелді болып тұр.
Қоғам • 13 Тамыз, 2021
Футбол • 13 Тамыз, 2021
Қазақ футболының болашағы қандай?
Кез келген мемлекеттің беделі, абыройы – оның спорттағы, әсіресе футболдағы жетістігімен тығыз байланысты екендігін қазіргі ақпараттар легінен-ақ анық аңғаруға болады. Сондықтан дүние жүзінің көптеген мемлекеті, әсіресе футболды жан-жақты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Ал біздің еліміздегі футболдың тыныс-тіршілігі қандай?
Өнер • 10 Тамыз, 2021
Мінезі аңқылдаған, дауысы саңқылдаған әнші
Тотыдайын таранған, Сұңқардайын сыланған, Сұлу Жібек бар ма екен? – деп, термені бастағанда Кеңес аға шабыттанып, ерекше бір күйге түседі. Дауысы шаңқ еткен қыранның үніндей саңқылдап шығады. Әр сөзін шегелеп айтады. Оны танымай қаласың. Әдеттегі биязы мінезінің қайда кеткенін білмей аң-таң боласың.
Экономика • 10 Тамыз, 2021
Тау-кен және металлургия саласында түбегейлі жаңа технологиялар
Қазақстан ғалымдары еліміздегі қиын өндірілетін, сапасы төмен және есептен шығарылған шикізат қорларын тиімділігі жоғары экономикалық айналымға тартуды қамтамасыз ететін әлемдік деңгейдегі технологиялар кешенін жасады.
Әлем • 10 Тамыз, 2021
Бірлескен жұмыс нәтижеге жетелейді
Түрікменстанда өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының III Консультативтік кездесуі өңірлік ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілген кезімен тұспа-тұс келді. Қазақстан тәуелсіздік жылдары өз стратегиясында Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты тереңдету бағытын ұстанып келеді.
Сайлау • 05 Тамыз, 2021
Ауыл әкімдерін сайлау – маңызды қадам
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Алматы облысының Қарасай ауданындағы Елтай ауылдық округінің жаңадан сайланған әкімімен кездесті, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.
Руханият • 03 Тамыз, 2021
Кимешек – қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі. Көшпелі тұрмыс-салттың нәтижесінде пайда болған. Кимешекті республикамыздың кей өңірлерінде шылауыш деп те атаған. Сонымен қатар бұрама жаулық, иекше, т.б. атаулары да кездеседі. Кимешекті көбінесе ақ матадан, кейде ақ жібектен адамның басына лайықтап пішіп, тігеді.