
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Елордамызда соңғы бес жыл ішінде 2 мың көше атауы қайта қаралып, кеңестік атаулар рухани бағытқа бет бұрды. Бұл құлдық санадан бостандыққа қарай боздап жасалған іргелі қадам.
Руханият • 29 Тамыз, 2019
Атом тозағында шыңдалғандар (реквием)
Көрнекті ғалым, саясаттанушы, қоғам қайраткері, көсемсөз шебері Нәубат Қалиевтың опат болғанына айға толмас аз күндерден соң жыл толады. Төрт жасынан бастап атом аждаһасының аранында тажалдың құрығына ілікпей өмір үшін күрескен жанкешті азамат, бәрібір, обырдан құтыла алмады. Аңдыған жау Есілдің бойынан да іздеп тапты...
100 • 28 Тамыз, 2019
«Еңбекшіл қазақ» газеті: Қазақты «қазақ» дейік, қатені түзетейік
1923 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің №66 санында шыққан «Қазақты «қазақ» дейік, қатені түзетейік» мақаласын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл мақаланы Манап Шамиль деген бүркеншік есіммен Сәкен Сейфуллин жазған.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Нұрсейіт тамында талай сыр бар
Құрамы өңірлік телеарна операторларынан құралған түсірілім тобымен Әйтеке би ауданының оңтүстігіне бет алдық. Жағалай созылып жатқан Мұғалжар тауының сілемдерін бойлай ағып жатқан Ырғыз өзенін жанамалай отырып жолда қиыршық тас карьерін басып өткен қара жол ашық далаға бастады. Экспедиция мақсаты ауданның камера көзіне ілікпеген тарихи-мәдени кешендерін бір сүзіп өту болатын. Сапар барысында біздің көзімізді таң-тамаша күйде қалдырған ортағасыр ескерткіші өзінің ерекше архитектуралық және ішіне жасырған жұмбақ көрінісімен назарымызды еріксіз аударды.
Тарих • 27 Тамыз, 2019
26 тамыз – кеңестік қазақ мемлекетінің туған күні. Қазақ Республикасының. Біздің кеңестік мемлекетіміздің. Біздің бүгінгі Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз мемлекетіміздің ізашары болған таптық мемлекеттік бірліктің дүниеге келген күні.
Руханият • 27 Тамыз, 2019
(Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысынан соң Жидебайда туған ойлар)
100 • 23 Тамыз, 2019
«Еңбекші қазақ» газеті: Абай және оның пәлсапасы туралы
1928 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің №208 санына шыққан «Абай және оның пәлсапасы туралы» мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.
Қоғам • 21 Тамыз, 2019
Медициналық сақтандыру бәсекелестікті күшейтеді
Еліміздің денсаулық сақтау саласында ауыз толтырып айтарлықтай бастамалар бар. Сондай оң өзгерістердің бірі – медициналық сақтандыру жүйесі. Аталған жүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Сөйтіп біз бірте-бірте медициналық сақтандыру жүйесінің игілігін көруді бастамақпыз.
Руханият • 21 Тамыз, 2019
Ара-тұра үлкендер аузынан жай айтыла салғандай көрінетін қарапайым тіркестерге бала жастан қанық боп өскенмен, олардың астары терең мән-мағынасын есейе келе ұғып, базбіріне пәлендей ден қоймаған шақтар да болғаны қашанда көкейде.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2019
Бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпағына аманат етіп қалдырған Жер-Анамызды бүгінгі таңда тиімді пайдалана алмай отырғанымыз мазалайды.