Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2986 материал табылды

100 • 30 Шілде, 2019

Әйелдер бостандығы (фельетон)

1920 жылы «Ұшқын» газетінің №9 санына шыққан «Әйелдер бостандығы» мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.

Руханият • 29 Шілде, 2019

Ғұмар Қараштың ұрпақтары

Қазақ елінің азаттығы жолында жанкешті қызмет етіп, ұлты­ның болашағы үшін бүкіл ғұмырын сарп еткен ұлт зиялы­ларының бірі – Ғұмар Қараш. XX ғасыр басында Ғ.Қараш қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік өмірдің барлық саласына дерлік белсене араласты. Оны сол тұста жарияланып тұрған «Қазақстан», «Ұран», «Қазақ дұрыстығы», «Дұрыстық жолы», «Мұғалім» атты мерзімді басылымдар деректерінен анық көре аламыз. 1911-1913 жылдары бұл кісі Орда, Орал қаласында Е.Бұйрынмен бірігіп, «Қазақстан» газетін шығарды. 1911 жылы оның алғашқы екі саны Орда ауылында жарық көрді.

Руханият • 29 Шілде, 2019

Асқақ дауысты әнші еді

Қазақ ән өнерінің қайталанбас тұлғасы, талай талантты әншілердің тәрбиешісі, ұлағатты ұстазы болған Бекен Бәкенұлы Жылысбаевтың өмірден озғанына алдағы желтоқсанның 25 жұлдызында бес жыл болады. Қазақстанның халық әртісі, асқақ дауысты әнші, қазақ академиялық вокалдық педагогикасының тұңғыш профессоры, аталмыш саланың теңдесі жоқ білімді де білгір ұстазы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бекен ағаның өнегелі өмір, тағылымды еңбек жолы өнерді, өнерліні бағалай білетін елдің есінде мәңгі сақталатындығы белгілі.

Аймақтар • 29 Шілде, 2019

Қарқаралы қыран ұлын ұлықтады

Тауына қасиет тұнған, даласына сұлулық қонған Қарқа­ра­лы өңірі – талай хас батырды өмірге әкелген киелі мекен. Бұл жақтағы халық та отаршылдыққа мойымаған, өр тұлғалы, ер мінезді, сертке берік, шешен келеді. Солардың қанынан жаратылып, Жарлы өзенінің бойында Қарқаралы тауларының Шаңкөз шыңына қарап құмартып өскен, қазақ­тың қайсар қыранына айналып өмірі қиылған Нұркен Әбдіров аты алты Алашқа аңыз болған, тәні қан майданның қызыл қырғынында қалған айбоз ұл еді.

100 • 25 Шілде, 2019

Тілбұзаризм

1925 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің №277 санына шыққан «Тілбұзаризм» мақаласын назарларыңызға ұсынамыз. Әңгіме Сол замандағы шет тілдерінің сөздерін қазақшаға қалай тәржімалау хақында жазылған. Басылымға «Тікенек» атты бүркеншік есіммен жарияланған.

Руханият • 24 Шілде, 2019

Қапез кім болған?

2 тамызда Алматы облысы Кеген ауданы Тоғызбұлақ ауылында ағартушы, ақын-композитор Қапез Байғабылұлының рухына бағыштап ұрпақтары ас бермек. Алаш ардақтыларының бірін туған елі осылайша ұлықтамақ. Сол шара қарсаңында біз өз оқырмандарымызға Қапез туралы мағлұмат беруді жөн көрдік.

Қоғам • 19 Шілде, 2019

Сот орындаушыларының жауапкершілігі көбейеді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-ші қадамында жеке сот орындаушылар институтын дамытып, мемлекет­тік сот орындаушыларын біртіндеп қысқартуды тапсырды.

Қоғам • 19 Шілде, 2019

Азаматтардың сенімін арттырудың тиімді жолы

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең қымбат қазынасы деп таныған демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықты.

Руханият • 19 Шілде, 2019

Жарты ғасыр қаламы қолдан түспеген

Туған әдебиетіміз бен мәдениетімізге жарты ғасырдай уақыт тер төккен белгілі журналист, жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым Сапар Байжановтың шығармашылық жолы – қолына қалам ұстаған жастарға үлгі боларлықтай жемісті, тәлімді жол. Оны зерттеу, әсіресе журналистік, редакторлық қырларына, ізденістеріне, табыстарына толыққанды талдау жасап, лайықты бағасын беру – келешектің ісі. Біз оның шығармашылық мұрасына жалпылама барлау жасамақпыз.

Руханият • 19 Шілде, 2019

Майдан тудырған сөз

Тақырып біреу болғанмен тарқату әр қилы, оқиға біреу болса да сезіну мен сезіндіру өзгеше. Сондықтан да ол – әдебиет. Сондықтан да ол өміршең.