Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
1555 материал табылды

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2023

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тыйым бола ма?

Мамандардың айтуынша, тұрмыстық зор­лық-зомбылықтың кез келген түрі әрбір сегізін­­ші отбасында бар. Әрбір үшінші отбасында тұр­мыстық зорлық-зомбылық болса, әрбір жетінші әйел – экономикалық, әрбір алтын­шы әйел – фи­зи­ка­лық, әрбір үшінші әйел – психоло­гия­­лық зор­­лық-зомбылыққа тап болады. Өкініш­ке қа­рай, қазіргі қоғамда отбасындағы кемсіту мен қор­­­қы­ту қалыпты жағдайға айнал­ды, тұр­мыс­­тық зор­лық-зомбылық қылмыстарына құлақ үйренді. Қоғам дертіне айналған бұл құбылыстың тамырына балта шабуға бола ма? Заңнамада­ғы соңғы өзгерістер бұл бағыттағы қылмыс­тар­дың алын алуға қаншалықты ықпал етті? Көп­тің көкейін­дегі бұл сұрақтарды маман­­дар­дың өзінен сұрап-білу үшін дөңгелек үстел ба­сына жинап, мәселеге қатысты ой-пікірі­н білуді жөн көрдік. Басқосуға Парламент Сенатының депутаты Жанна АСАНОВА, Прези­дент жанын­дағы Әйелдер істері және отбасы­лық-демо­графиялық саясат жөніндегі Ұлт­тық комис­­сия төрағасы­ның орынбасары Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Ерек­ше тапсырмалар жөніндегі аға инспек­торы Ақмарал СЕРІКБАЕВА, Астана қаласы әкім­дігі «Үміт дағдарыс» орталығы коммунал­дық мемлекеттік мекемесі директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары Айгүл ШАМШАТОВА, «Қазақ­стан қоғамдық даму институты» КеАҚ Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеу­лер орталығының жетекші маманы Бекзат ЕРМЕКБАЕВА, «Қазақ газеттері» ЖШС бас дирек­торы Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ қатысты.

Музей • 04 Желтоқсан, 2023

Бөкей ордасының қару-жарақ палатасы

Ішкі қазақ ордасының соңғы билеу­шісі Жәңгір Бөкейұлы да жауынгер ата-бабасынан қалған қару-жарақты киелі санап, мұра ретінде ұстап, сан түрін жинақтаған екен.

Зерде • 04 Желтоқсан, 2023

Хан жарлықтары хақында

«Egemen Qazaqstan» газетінде (2023 жылғы 24 шілде) Бекен Қай­рат­­­ұлының «Тоқтамыс ханның жарлығы» атты мақаласы жарияланды. Автор аңдат­пада Алтын орда ханы Тоқтамыстың 1392 жылы Литваның ұлы князі һәм Поль­ша королі II Владислав Ягайлоға жолдаған жарлық-хатының көшірме нұс­қа­сының Ұланбатырдағы мемлекеттік Орталық архивіне жеткізілгені тура­лы­ айта келіп, аталған жарлықтың тарихына қатысты деректер келтіреді.

Тұлға • 04 Желтоқсан, 2023

Несіпбек Дәутайұлы әлемі (эссе)

Оқып отырған әңгімең уақытың қанша тығыз болса да магнитше тартып бас алғызбайды. «Ол ашаршылық дендегелі адамды адам жеп жатыр дегенді естіген. Әуелі сенбеп еді. Құлжаны атып алғаннан кейін мән-жай білмек болып, етектегі ауылға түскен. Сонда... Шағын ауылдың адамдары­ аштан қатып қалыпты. Кенет ауылдан сәл аулақта алба-жұлба бір топтың лапылдаған отты шыр айналып жүргеніне көзі түсіп, қайнап жатқан қазан ернеуінен баланың білегін байқап қалған». Осы тұсына келгенде онсыз да түршіге бастаған денең қорқыныштан құрсауланып, тұла бойыңды ­мазасыз үрей билейді. «Аман қалғыларың келсе, тастаңдар баланы, – деді соңындағы қаба сақалды өңкиген. Қырылдаған үніне ырыл ма, соған ұқсас жексұрын бірдеңе араласқан». Кенжеғазы мен оның сәбиін арқасына таңып алған әйеліне ілесіп, артынан жақындап келіп қалған әлгі аш бөрідей адамжегіштерден жанталаса қаша жөнелгің келеді. Бірақ әбден шаршап талған аяқтарың ілгері басудың орнына кейін кетіп жатқандай жандалбаса күй кешесің. Түсіңіз шығар. Әдетте жайсыз жатып, бастырылығып ұйықтаған адам осындай түстен шошып оянады емес пе? Бір сәт осы ойыңа иланып, басыңды көтеріп, жан-жағыңа қарайсың. Жоқ! Түсің емес екен. Үуһх!.. Ояусың. Есіңді жиған соң қолыңа кітап ұстап отырғаның еске түседі. Қасыңда Кенжеғазының отбасы жоқ. Олар мына кітаптың ішінде. Кітап ішіндегі әңгімеде әлгі аштықтан әлсіреп жыртқышқа айналған адам еместермен арпалысып жүр. Ендеше, сенікі не жорық?

Басылым • 04 Желтоқсан, 2023

Газет пен журнал – екінші тынысым

1966 жылы қауыс-қараша айының ортасында Ресей аумағында үш жыл екі ай міндетімді өтеп, елге оралдым. Екі жылдай Горький-Борда, бір жыл үш айдай Иванова-Шуя гарнизонында болдым. Бір ғажабы – осы үш жылда да біз 40 шақты қазақ пен 8 өзбек «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газетінен көз жазғанымыз жоқ. Елдегі жаңалықтарды оқып, масаттанып қаламыз, бір-бірімізден сүйінші сұраймыз. Кейіндеу білдім, мұны ұйымдастырған атыраулық екі солдат, екеуі де орта мектепті орыс тілінде бітірген Мақсат Құлтумин мен Ғайнет Қуанғалиев екен. Бірде Мақсаттың шағын мақаласы «Казахстанская правда» газетіне жарияланды. Сонда оны қолма-қол құттықтап қуанғанымыз-ай! Содан 1964 жылы Горький гарнизонында 800 метр жарыстан солдат Өсер Серікқалиевтің екінші орын алғаны туралы сержант Исатай Шәмбіловтің «Социалистік Қазақстанға» шыққан мақаласын бәріміз жабылып, күндіз-түні оқығанымызды қайтерсің!

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2023

Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалығы аяқталды

4 желтоқсанда Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалығы гендерлік зорлық-зомбылықпен күрес мәселелерін талқылаумен аяқталды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астана қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық конференцияны қорытындылай келе, форумның 2023 жылғы жемісті жұмысын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Технология • 04 Желтоқсан, 2023

Киберқауіпсіздік қадамдары

Цифрлық әлемде желідегі қауіпсіздік бірінші орында тұрады. Киберқауіпсіздік дегеніміз – компьютерлік жүйелерді, деректерді, бағдарламалық жасақтарды және адамдарды киберқауіптер мен киберқылмыстардан қорғауға бағытталған технологиялар, үдерістер мен тәжірибелердің жиынтығы.

Жәдігер • 03 Желтоқсан, 2023

Түнжелінің тарихи құлпытастары

Қандай да бір аймақта орналасқан молалар, қабірлер және құлпытастар – сол өңірдің белгілі бір халыққа тән екенін дәлелдейтін ең маңызды ұлттық таңба. Сонымен қатар құлпытастар – әр кезеңнің мәдениеті мен тыныс-тіршілігін көрсететін тарихи жәдігерлер.

Зерде • 03 Желтоқсан, 2023

Бейбарыс – 800: Әділеттің алдаспаны

Биыл Мысырдағы мәмлүктердің даңқты сұлтаны әрі мұсылман әлемінің қорғаны ретінде тарихта жарқын із қалдырған Ұлы даланың асыл перзенті Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толды.

Таным • 03 Желтоқсан, 2023

Жан және «Еуропаның жағалауы»

Исламның ойлау жүйесі мен дүниетанымының Хақ (Истина) хақындағы қағидаттарының поэтикалық құрылымын (калам), пәлсапалық қисынын (логикасын), діни заңнамалық дәлелін (фиқһ-Fiqh) түсінбей – Абайды түсіну мүмкін емес. Ұсынылған мақалада Еуропа философтарының Жан мен Тән, Жанның тегі мен түрлері туралы пікірлері мен Абайдың философиялық ойларының арасындағы байланысы салыстырыла сараланады. Сонымен қатар Жан мен Тән және Жанның түрлері туралы неміс ғалымы Фридрих Эдуард Бенекенің әйгілі «Тәрбие мен оқытуға арналған жетекші нұсқау» атты философиялық-психологиялық тақырыпты қамтитын философиялық-психологиялық трактаттарымен Абайдың таныс болғаны осы мақала арқылы ғана ғылыми ортаға белгілі болып отыр. Бұл – абайтану ілімінде бұрын мүлдем қаперге алынбаған дерек көзі.