Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
18673 материал табылды

Президент • 20 Ақпан, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды

Мемлекет басшысы Кардиохирургия орталығында көпсалалы кешеннің жұмысымен танысып, лабораториялар мен бөлімдерді аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 20 Ақпан, 2020

Алтай Көлгінов Nur Otan филиалында азаматтармен кездесті

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Nur Otan партиясының қалалық филиалында азаматтарды қабылдады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй бағдарламасына қатысу, медициналық және атаулы әлеуметтік көмек, жұмысқа тұру, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау және тағы басқа мәселелер көтерілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 20 Ақпан, 2020

Табысы аз отбасылар әлеуметтік көмек алады

Қазақстанның бірқатар қалаларында табысы аз отбасылардың балаларына кепілдік берілген әлеуметтік топтамалар беру басталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2020

Ауыр атлетика: Азияның үздігі – Рахат Бекболат

Күні кеше ғана Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте жасөспірімдер мен жастар арасында өткен Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы 14 (9 алтын+2 күміс+3 қола) жүлде алып, өз жанкүйерлерін қуантты.  

Қазақстан • 20 Ақпан, 2020

А. Мамин елордадағы спорт және мәдени инфрақұрылымдарды тексерді

Премьер-Министр Асқар Мамин биыл елорда күніне орай пайдалануға беру көзделген Нұр-Сұлтан қаласындағы Жеңіл атлетика спорт кешені мен Қазақ драма театрының құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Басылым басшылары • 20 Ақпан, 2020

Басылым басшылары - Сауытбек АБДРАХМАНОВ (1951)

Сауытбек Абдрахманов Оңтүстiк Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында өмiрге келген. Бұрынғы Келес ауданындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектептi бiтiрiп шыққан соң 1970-1975 жылдарда Қазақ мемлекеттiк университетiнiң журналистика факультетiнде оқыды. Университеттi бiтiрген жылы «Социалистiк Қазақстан» газетiне жұмысқа шақырылды. Осы жерде жұмыс iстеген 12 жыл iшiнде тiлшi, бөлiм меңгерушiсi, редакциялық алқаның мүшесi қызметтерiн атқарды. Одан кейiнгi кезеңде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнде нұсқаушы, сектор меңгерушiсi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Министрлер Кабинетiнiң аппараттарында аға референт, бөлiм меңгерушiсiнiң орынбасары, бiрiншi орынбасары болды.

Қазақстан • 20 Ақпан, 2020

Қазақстандық күзет жүйесі Тәжікстан мекемелерінде қолданылады

2020 жылғы 20 ақпан – Тәжікстанның астанасында Петропавл ауыр машина жасау зауыты (ПАМЖЗ) дайындаған Қазақстандық күзет жабдықтарын Тәжікстанның Әділет министрлігіне салтанатты табыс ету рәсімі өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 20 Ақпан, 2020

Елімізде ет қымбаттады

Елімізде сиыр және қой еті бір жылда 16-17 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы energyprom.kz порталының сарапшылары айтты. 

Спорт • 20 Ақпан, 2020

Жәнібек Әлімханұлының жаңа қарсыласы белгілі болды

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) келесі айқасындағы қарсыласының есімі анықталды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

100 • 20 Ақпан, 2020

«Социалистік Қазақстан» газеті: Ақ күріштің атасы

1965 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің №18 санына шыққан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевқа арналған мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.