
Президент • 05 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы «Жігермұнайсервис» ЖШС-не барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019
Мемқызметшілерді қысқартуға байланысты агенттік кеңес өткізді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Мемлекет басшысының «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру мәселелерін талқылау жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2019
Қытаймен бірлескен жобаларда қазақстандықтар жұмыс істейді - Жеңіс Қасымбек
Қытаймен бірлескен жобаларды іске асыру аясында 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылатын болады, оның 95%-ында қазақстандықтар жұмыс істейді. Қалған 5% - түрлі елдерден келген мамандар, оның ішінде Канада, Қытай т.б. елдерден келгендер. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек айтты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Президент • 05 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде отын-энергетика кешенінің Қазақстан экономикасында үлкен рөл атқаратынын айтты. Президент мұнай-газ саласын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар нақты міндеттерді қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 05 Қыркүйек, 2019
Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінде 120 елден $330 млрд шетелдік инвестиция тартылды
Бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Қазақстанның инвестициялық саясатын іске асыру барысы туралы айтты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019
Елордада «Astana Marathon-2019» кезінде бірқатар көше уақытша жабылады
8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Marathon-2019» халықаралық марафоны өтеді. Марафонның өтуіне байланысты қаланың бірқатар көшелерде қатынауға шектеу қойылады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Спорт • 05 Қыркүйек, 2019
Смайыл Дүйсебай таэквондодан олимпиадалық рейтингте жоғарылады
Бүкәлемдік таэквондо федерациясы олимпиадалық рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтинг бойынша Смайыл Дүйсебай бірнеше сатыға жоғарылады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Спорт • 05 Қыркүйек, 2019
Руслан Жапаров таэквондодан Жапониядағы гран-при турниріне қатысады
Жапонияның Тиба қаласында таэквондодан кезекті Гран-при бәсекесі өтеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Президент • 05 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2019
Алтай Көлгінов «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды қабылдады
Қала әкімі Алтай Көлгінов бір жарым апта бұрын ашылған «Жанұя» институтының қолдау орталығында азаматтарды қабылдады. Орталықта «бір терезе» қағидасы бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Тұрғындар АӘК және білім алу, жұмысқа орналасу, өз ісін ашу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және т.б. сұрақтарға жауап ала алады. Азаматтарды жеке қабылдау барысында оқушылардың ата-аналары жалпыға бірдей міндетті оқу қоры аясында сертификаттар алудың ыңғайлылығын атап өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.