Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20004 материал табылды

Тағайындау • 28 Тамыз, 2019

Екібастұз қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Ержан Иманзайыпов Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды. Кеншілер шаһарының жаңа басшысын қала активіне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов таныстырды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 28 Тамыз, 2019

188 үміткер «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Шетелде мамандар даярлау бойынша Республикалық  Комиссия отырысының шешімі бойынша  188 үміткерге  «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. 

Тағайындау • 28 Тамыз, 2019

СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы болып Рустам Исатаев тағайындалды

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 28 Тамыз, 2019

Димаш ауыр дертке шалдыққан татар қызымен кездесті

Димаш Құдайберген Қазан қаласындағы хосписке арнайы барып, өзінің кішкентай жанкүйерінің арманын орындады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Қоғам • 28 Тамыз, 2019

Оқырман хаты: Елеулі еңбекпен елеусіз жүрміз

Редакциямызға хабарласқан бір оқырман өзіндей көптің көкейінде жүрген түйткілді жайтты сөз етті. Сол сөзді қаз-қалпында өздеріңізге ұсынғанды жөн көрдік.

28 Тамыз, 2019

Қазақстан 720 млн доллар қарыз алды

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың қол­­­дауымен, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Trans-Asia Gas Pipeline Co. Ltd» компанияларының бірлескен кә­сіпор­ны – «Бейнеу – Шымкент газ құбыры» ЖШС (БШГҚ) халықаралық банктермен жалпы сома­сы 720 млн АҚШ доллары бола­­тын синдикатталған қарыз тар­­ту туралы кредиттік келісімге қол қойды.

Тарих • 28 Тамыз, 2019

Жөлекте болған екен хан базары

Шиелі ауданының орталығынан солтүстік батысқа қарай 34 шақырым қашықтықта Жөлек атты ауыл бар. Бұл ауылды сөз еткенде алдымен осы өлкеде кезінде үлкен бекініс болғанын атап өту қажет. Тоғыз жолдың торабында орналасқан бекіністе Ұлы Жібек жолының бойындағы үлкен базардың бірі орналасқан екен.

Қоғам • 28 Тамыз, 2019

Әлемге бейбітшілік нұрын шашқан

Қазақ халқы үшін 29 тамыз екі тарихи оқиғамен тығыз байланысты. Оның бірі халқымызға орасан зор қасірет әкелген ядролық сынақтардың Семей өңірінде басталуына байланысты болса (осыдан тура 70 жыл бұрын, яғни 1949 жылғы 29 тамызда Семей сынақ алаңында қуаты 22 килотонна болатын атом бомбасы жарылды), екінші оқиға – Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың туған халқының алдында азаматтық парызын орындап, мәскеулік биліктің саясатына кереғар шешім – Семей полигонын біржолата жабу туралы Жарлығына қатысты (аталған Жарлыққа 1991 жылдың 29 тамызында қол қойылған). Кейін, 2009 жылдың желтоқсанында Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қарар қабылдап, 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде бекітті.

Қоғам • 28 Тамыз, 2019

Халық­аралық «Бірлік» жастар лагері жұмысын бастады

Қазақстан халқы Ассамблеясы Жастар жылы аясында ұйымдастырған этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының қатысуымен өтетін халық­аралық «Бірлік» жастар лагері жұмысын бастады.

Қоғам • 28 Тамыз, 2019

Депутаттар жұртшылықпен жүздесті

Парламент Сенатының депутаты Владимир Волков Алматы облысы Қарасай ауданында болды. Тұрғындармен жүздесу барысында өнеркәсіпті, спортты дамытуға, коммуналдық сала мен тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелер көтерілді. Сенатор Ұмтыл ауылдық округінің әкімімен, коммуналдық қызмет басшылары және өкіл­дерімен кездесу өткізіп, елді мекен­дерді сумен қамтамасыз ету, электр қуатын толассыз беру, жолды жөндеу және жарықтандыру мәселелеріне байланысты Көлді ауылы тұрғындарының ұжымдық өтініштерін қарады.