Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1167 материал табылды

Аймақтар • 06 Тамыз, 2021

Ат құлағында ойнайтын қыз

Олимпиадаға қатысқандар қуанта алмай ұнжырғамыз түсіп жүргенде солтүстікқазақстандық Асыл Ахметова деген қызымыз аттың үстінде түрегеп шауып, бір серпілтіп тастады. Оның Instagramдағы парақшасына бірнеше сағаттың ішінде ғана жазылушыларын 15 мыңға жеткізген.

Аймақтар • 06 Тамыз, 2021

Өңір жемшөптен тарықпайды

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасынан алған дерекке қарағанда, бүгінгі таңда агроқұрылымдар 578 мың тонна шөп үйіп алған. Бұл – жоспардың 68 пайызы.

Коронавирус • 03 Тамыз, 2021

Індет барлық ауданнан анықталып жатыр

Жуырда Денсаулық сақтау министрі А.Цой Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі аптада індет жұқтыру 3,5 есе өскенін айтты. Ал сол кезде жалпы республикадағы өсім 1,9 есе болған. Осының өзі Қызылжар өңіріндегі ахуал алаңдатарлық екенін көрсетіп тұр.

Қоғам • 03 Тамыз, 2021

Көпбалалы үйдің қам-қарекеті де көп

Петропавл қаласындағы Култышевтер отбасында жуырда 17-ін­­­­ші ­сәби өмірге келді. Мұндай ерекше жаңалық кез келген адамды елең еткізері сөзсіз.

Қоғам • 02 Тамыз, 2021

Цензор деген болған...

Цензура деген кешегі кеңес заманының ажырамас атрибуттарының бірі еді. Алайда ол Кеңес Одағының ойлап тапқан дүниесі емес, бұрыннан, патша заманынан бар сөз бостандығын шектеу құралы еді.

Аймақтар • 28 Шілде, 2021

Жарты жылда – 8 мыңға жуық жұмыс орны

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде 2021 жылдың алғашқы жартысын қорытындылаған отырыс өтті. Онда облыс әкімі Құмар Ақсақалов аймақта әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталғанын айтты.

Қазақстан • 27 Шілде, 2021

Жоғалып-табылғандардың әлегі жетерлік

«Таксиші жоғалды» дегенге жұрт елең ете қалады. Өйткені осы кәсіптің адамдарына әне бір жылдары жиі қастандық жасалып, өлі денелері жиі табылатын. Бұл жолы да сондай оқиға емес пе екен деп петропавлдық тәртіп сақшылары өре түрегелген.

Сайлау • 26 Шілде, 2021

Сайлау сәтті аяқталды

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қасқиннің айтуына қарағанда, аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтерінің әкімдері сайлауында сайлаушылардың 87,08 % қатысқан, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 23 Шілде, 2021

Абайлаңыз, рульде – мас жүргізуші!

Соңғы 10 күннің ішінде солтүстікқазақстандық полицейлер 53 мас жүргізушіні ұстағаны мәлім болды. Шілде айында өткізілген облыстық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі осындай.

Оқиға • 23 Шілде, 2021

Петропавлда пәтерлерден үш млн теңгенің затын қолды қылған ұрылар ұсталды

Интернациональная көшесіндегі үйгеқылмыскерлер есікті арнайы кілтпен ашып, күндіз түскен. Қолды болған ақшалай қаражат пен алтын бұйымдардың бағасы иесінің сөзіне қарағанда, 2 миллион теңгеден асады. Тағы бір үйге ұрылар екінші қабаттағы балкон терезесінен кірген.