Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
453 материал табылды

Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Айыққандар барлық сырқаттың 86 пайызын құрады

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Руслан Әлішев журналистерге брифинг беріп, коронавирусқа байланысты облыстағы ахуалды баяндады.

Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

Қауіпті түсінбейтіндер қинайды

Солтүстік Қазақстан облысында жаман індетке қарсы күрес біршама дұрыс жолға қойылған. Соның арқасында ауырғандар саны 29-ден 11-ге дейін азайды. Өткен сенбі күні ғана 10 науқас инфекциялық стационардан емделіп шықты. Бетін аулақ қылсын, шейіт болған адам жоқ.

Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

Өсім тоқтамауы керек

Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанындағы экономикалық көрсеткіштерді қорытындылаған облыс әкімдігінің отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов экономиканың қалыпты деңгейде дамып келе жатқандығын айтты, сонымен бірге ол алдағы уақытқа жоспарланған шараларды орындай беру керектігін атап өтті. 

Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

Полиция неге күш қолданды?

Бұл оқиға жуырда Петропавл қаласындағы бір үйдің ауласында болды. Назарбаев көшесіндегі  225 үйдің тұрғындары айғай-ұйғай, шаң-шұң шығып, біреулердің төбелесіп жатқанын көріп, дереу 102 нөмірге дабыл түсірген. Оны естіген бойында сол жерге жақын маңда жүрген полиция наряды алдымен жетеді.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Мемлекет Басшысы Солтүстік Қазақстанның ахуалын білді

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.

Руханият • 17 Сәуір, 2020

Үкілі Ыбырайдың жаңа қырларын ашу парыз

Қазақ өнерінің жарық жұлдыздарының бірі – Үкілі Ыбырайдың туғанына биыл 160 жыл толып отыр. Халықтың еркесі,  ән мен жырдың серкесі болған оның әндері қазақ даласына кеңінен тараған. «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» операларында оның әндері жоғары деңгейдегі кәсіби шеберлікпен өңделіп, классикалық шығармаларға айналды. Жібектің басты ариясы да Ыбекеңнің «Гәкку» әнімен орындалады.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Дезинфекцияны автоматты түрде жасайды

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов тікелей эфир арқылы брифинг өткізіп, халыққа облыстағы бүгінгі ахуал туралы баяндап берді. Алдымен ол аты жаман індетке қатысты соңғы деректерді айта келіп: «Бұл біздің жіті жұмыс істеп жатқанымыздың нәтижесі. Мен індетпен күресіп жатқан медициналық қызметкерлердің бәріне тағы да алғысымды білдіремін», деді.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Жанашыр көршілер бір түнде төрт адамды құтқарды

Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданындағы Карловка селосында   түнгі сағат бірде басталған өртті көршісі Ринат Зайнутдинов алғашқы болып көреді. Бұл үйдің тұрғындары үш қарт екенін білетін ол құтқаруға көз жұмып кірісіп кетеді.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Солтүстік Қазақстанда 43 блок-бекет бар

Оларда тәулік бойы 400-ден астам полиция және медицина қызметкерлері кезекшілік етуде. Соның ішінде облыс орталығымен батыс шекарада шектесетін Мамлют қаласынан шығатын жолдарда екі блок-бекет орналастырылған.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Төтенше жағдай режімін бұзған 93 адамға айыппұл салынды

Соңғы хабарға қарағанда Солтүстік Қазақстанда 168 адам төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Оның 93-іне айыппұл салынды, 13-і қамауға алынды, ал қалған материалдар сотта қаралуда.