Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
670 материал табылды

Руханият • 29 Наурыз, 2021

Құнды туынды

Елорда төрінде орналасқан Ұлттық академиялық кітапханада ұлт руханияты үшін бағалы туынды – ескі жазба тілінде (қадымша) осыдан жүз отыз жыл бұрын жарық көрген сұлтан Ахмет Кенесариннің «Насаб наме сұлтан Сыдық» атты кітабының қазіргі әріпке түсірілген аударма нұсқасының тұсауы кесілді. Бұл шараға, Парламент Мәжілісінің депутаттары және тарихшы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сұхбат • 25 Наурыз, 2021

Асығың алшысынан түссін!

Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталған ойын, әсіресе, балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулитын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі «қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса сақа қой» немесе «асығы алшысынан түсті», «бүге-шігесіне дейін анықтау» т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: «алтын асықтай» немесе «киіктің асығындай шымыр» деп атайтын үрдіс бар. Мұндай фразеологизмдер асықтың символдық мәніне қатысты қалыптасқаны анық. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бастап, аталған ойын заманға сай жаңарып жандана түсуде. Жуықта ғана Мәдениет және спорт министрінің №52 бұйрығымен (26.02.2021) Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі бекітілді. Осы тізімде көрсетілген ұлттық мәртебеге ие тоғыз спорттың бірі ретінде – асық ату таңдалды. Осы орайда, республикалық Асық ату федерациясының атқарушы директоры, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Жомарт Сабыржанұлына жолығып, асық ойынының қазіргі жай-жапсары, болашақ жос­пары жайлы әңгімелескен едік.  

Руханият • 24 Наурыз, 2021

Сиыр жылы немесе алпыс жылдық мүшел есебі

Жаңадан ғалам қақпасын ашқан Зеңгі баба түлігі – Сиыр жылы жайлы ел аузында сақталған «Кіретін екінші жыл сиыр екен, Түрленген неше түрлі құйын екен, Ақ, қызыл, кк және де қара сиыр, Ақ сиыр қағынған жыл қиын екен» деп келетін кне шумақ бар. Байқағандарыңыздай, жоғарыдағы жырда бес түстің атауы айтылып тұр. Негізінен алғанда, жылдарды түстерге бліп есеп жүргізу – ежелгі тамырымызда бар дүние.

Әлем • 22 Наурыз, 2021

Моңғолия президенті қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Моңғолия президенті Халмаагийн Баттулга қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.

Руханият • 22 Наурыз, 2021

Береке басы – Наурыз, қазына құты – Тайқазан

Халқымызға қайта оралған әз-Наурыз мерекесінің жалпыұлттық деңгейдегі мейрам ретіндегі ресми мәртебе алғанына да міне, 30 жылдың жүзі болды. Осыдан тура 30 жыл бұрын, 1991 жылы наурыздың 15-інде Қазақ КСР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шығып, «Наурыздың 22-сі – халықтық мереке «Наурыз мейрамы» болып жарияланды.

Қазақстан • 21 Наурыз, 2021

Ұлттық тағам өнімдерін дайындау

Қазақ ұлттық тағам өнімдерін – негізін мал шаруашылығының өнімдері: ет, сүт, десерттер, пісірілген нан өнімдері, сусындар құрайды. Деликатес тағамдарды, негізінен, жылқы етінен жасайды – қазы, шұжық, жал, жая, қарта және т.б. Нан өнімдердің ішінен ең танымалдысы - бауырсақ. Жалпы, ұлттық тағамдарды дайындау мен сату табысты бизнес түріне жатады.

Қазақстан • 21 Наурыз, 2021

Мұсылманша жыл санау

Мұсылманша жыл санау осыдан 1389 жыл бұрын (григориан есебі бойынша) басталаған. Яғни, ғаламның рахым нұры Мұхамед пайғамбардың (с.ғ.с.) Мекке қаласынан Мединеге хижрат (көшуіне) етуіне байланысты, ислам дүниесінің жаңа дәуірі, жаңа жыл санауы басталды. Бұл біздің жыл санау бойынша 622 жылдың 16 шілдесі жұма күні екен.

Руханият • 21 Наурыз, 2021

Қазақ зиялылары әз-Наурыз жайлы не айтты?

Өткен ғасыр басында қазақ оқығандары, яғни алаш қайраткерлері ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көгертуге құл халықтың» дегеніндей, бәрі дерлік қазақтың жоқшысы болды.

Руханият • 20 Наурыз, 2021

Моңғол ғарышкері: «Ғарышқа 22 наурыз күні аттандым»

Ол рас. 1981 жылы нау­рыз айының 22-сі күні моңғол азаматы Жуг­дэрдэмидийн Гуррагча мен КСРО-ның екі дүркін Батыры, ұш­қыш-ғарышкер Вла­димир Жаныбеков «Союз-39» кемесімен Бай­қо­ңыр­дан ғарышқа көте­рілген болатын. Аталған оқиғаға 40 жыл толып отыр.

Қазақстан • 20 Наурыз, 2021

Қазақша жыл қайыру есебі

Өткен тарихымызды біліп, болған оқиғалардың уақыт нақтылап, көне қолжазбаларды зерттеумен айналысатын адамдар үшін «Хижра» жыл есебін,  біз қолданатын «Григориан» жыл есебіне айналдыру тәсілін білуі өте қажет.