Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
774 материал табылды

Тарих • 23 Қаңтар, 2022

Торғай тарихын толғаған

Қазан төң­керісіне дейін (1917 ж) қазақ дала­сының этнографиясы, әкім­шілік бө­лісі және фоль­­клорлық мұрасы сияқ­ты түрлі та­қы­рыпты қам­тыған мың­­нан ас­там кітап жа­рық көрген екен.

Қазақстан • 20 Қаңтар, 2022

Алашорда офицері

Республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің  өткен жылғы 27 сәуір күнгі №78 санында Парламент Мәжілісінің депутаты, тарихшы Берік Әбдіғалиұлының «Майдандағы қазақ офицерлері» атты танымдық мақаласы жарияланды. Осы жазбада 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметінің мүшелігіне кандидат болып сайланған қазақ офицері Молданияз Бекімов жайлы шағын мәлімет айтылыпты.

Өнер • 17 Қаңтар, 2022

Бағланова Бай-Өлкеге барғанда

Биыл туғанына 100 жыл толып отырған КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, атақты әнші Роза Бағланова қазақтың атын әлемге танытқан адам. Ол соғыс жылдары майдан даласында ән салумен қатар, 1945 жылы Берлинде өткен жеңіс концертіне қатысқан тұлға. Бұл екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт.

Тарих • 17 Қаңтар, 2022

Фатима ханымның көйлегі

Өткен жылдың соңында Батыс Қазақстан облыстық Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы елорда төрінде «Бөкей Ордасы – ел мұрасы» атты көрме ұйымдастырды. Көрме экспозициясына музей-қорық қорында сақтаулы тұрған 17 мың экспонаттан іріктеп алынған 120 жәдігер әкелінді. Соның бірі – Жәңгір ханның үшінші әйелі Фатима ханымның алтын зерлі бал көйлегінің дәлме-дәл жаңғыртпасы.

Қазақстан • 14 Қаңтар, 2022

Қазақтың мәмілегерлігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» тақырыбында Парламент Мәжілі­сінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Біз – мықты халықпыз. Төл тарихымызда талай жаугершілік заманды, ашаршылықты жəне басқа да алапат қиындықты бастан өткердік. Соңғы күндердегі қайғылы оқиғалар біз үшін тағы бір сынақ болды. Оны еңсеріп, бұрынғыдан да мықты боламыз» деді.

Руханият • 12 Қаңтар, 2022

Хикметтің көкшетаулық нұсқасы

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі соңғы жылдары «Ясауи ізімен» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырып, хазірет мұраларына қатысты деректер жинақтауда. Жуықта осы мақсатпен Көкшетау қаласына ат басын бұрған топ облыстық Әдебиет және өнер музейі қорында сақтаулы тұрған «Диуани хикмет» кітабының қолжазба көшірмесімен танысты.

Руханият • 12 Қаңтар, 2022

Бақ, қайда барасың?

Бұрынғы бабаларымыздан қалған «Бір­лік болмаған жерде – тірлік болмайды» немесе «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» дейтін ескі сөз бар. Бұл атүсті айтыла сал­ған дүние емес. Сонау шыңырау жылдарды артқа тастап, ғасырлар қойнауынан шың­далып, уақыт бедерінен сұрыпталып, халқымыздың санасына терең сіңіп, бұл­жымас ақиқатқа айналған ұғым. Өйт­кені береке мен бірлік бұзылса ұлыстың іргесі сөгіліп, шаңырағы шайқалады. Бұны бұрынғы қазақ атамыз жақсы білген. Сол себепті, қоғамның қабыр­ғасы қақырамай, түтіні түзу ұшу үшін береке мен бірлік аса қажет екенін ежелден білген. Осы жолда басын бәйгеге тіккен.

Қазақстан • 07 Қаңтар, 2022

Берекені кетірген бүлік

Ел ішінде болатын берекесіздіктен сақтану жайлы қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінде нақты нұсқаулар бар. Жалпы, адам баласы барда қандай да бір толқудың болмай қалуы мүмкін емес. Оның пайда болатыны жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде айтып кеткен. Сондықтан да болуы мүмкін берекесіздіктен сақтану, оған əзір болу Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінен болып табылады. Ол үшін алдымен – білім, ақыл, хикмет (даналық), дұрыс амал, сабыр, ыждаһат керек.

Тарих • 04 Қаңтар, 2022

Жуков жақсы көрген жауынгер

Өткен жылы Орал өңірі, соның ішінде тарихы терең Қаратөбеге жолымыз түсті. Бұрыннан бар әдет – табанымыз тиген жердің тарихымен танысу. Әсіресе, жергілікті өлкетану музейлеріне бас сұғу. Бұл жолы да дәстүрді бұзбадық. Аудандық музейді көктей шолып келе жатып, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихына қатысты бөлімнің төрінде «Жуков жақсы көрген жауынгер» деп шекітіп жазған бір тілім фотоны көріп қалдық.  

Тарих • 31 Желтоқсан, 2021

Алтынсариннің қолжазбасы

Аса көрнекті ағартушы, жаңашыл педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» (Начальное обучение киргиз русскому языку) атты оқулық жазуды қолға алғанымен, онысын аяқтай алмай өзі өмірден өткені белгілі. Ағартушының 23 бет қолжазбасы қазір Алма­тыдағы Ұлттық кітапхананың қолжазбалар қорында сақ­таулы тұр.