Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
784 материал табылды

Руханият • 12 Шілде, 2019

Тәрбие өзегі – тарихи сана

Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы Астана қаласында ұйымдас­тырылған Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайында: «Халқымыздың тарихи санасын қалыптастыратын дүние тарихы мен мәдениеті» дегенді қадап айтты. Өйткені тарихи санасы жетілмеген, яки қалыптаспаған халық өзінің ұлт ретіндегі толық болмыс-бітімін сақтай алмайды. Сол себепті мемлекет ретінде жойылып кетпеу­дің, ұлт ретінде ассимиляцияға ұшырамаудың басты кепілі – бұқараның тарихи санасын ояту.

Руханият • 10 Шілде, 2019

Жәнібектің шапаны

Мына жәдігер жалпақ жұртқа танымал дәс­түрлі әнші, биыл туғанына 70 жыл толып отырған Жәнібек Кәр­меновтің ша­паны. Бұл бұйым қазір Семей қаласы облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында тұр. «Шапанды атақ­­ты әнші 1990 жылдың жазында Моңғолияның қа­зақтар шоғырлана қоныстанған Бай-өлке аймағына гастрольдік сапармен бар­ған жолы арнайы тіктірген екен» дейді жоғарыдағы музей басшысының орынбасары Ләззат Тілеуқожақызы.

Руханият • 10 Шілде, 2019

Ақмышта туып, АҚШ-тан озған

Қазақ даласы таланттардан кенде емес. Соның бірі – ғасырда бір туатын атақты желаяқ 100, 200 метрлік қысқа қашықтықта КСРО-ның сегіз дүркін чемпионы, КСРО Халықтары спартакиадасы және Еуропа кубогының жеңімпазы, алты рет Одақ рекордын жаңартқан жүйрік Әмин Тұяқов.

Сұхбат • 05 Шілде, 2019

Мемлекет мүддесінің асыл арқауы

Нұр-Сұлтан қаласының мерекесі қарсаңында ұзақ жыл елорда тарихына қатысты зерттеулер жүргізіп, материалдар жинаған өлкетанушы-зерттеуші, шаһардың байырғы тұрғыны, статис­тика саласының ардагері Жеңіс КӘРІБАЕВ мырзаны әңгімеге тарттық.

Қоғам • 01 Шілде, 2019

Корейлер қалай көгерді?

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Корей елінің экономикасы адам көргісіз құлдырады. Тіпті әлемдегі ең кедей мем­ле­кеттердің қатарына қосылды. 1962 жыл­­ғы даму көрсеткіші бойынша Оңтүс­тік Корея Азия елдерінің ішінде соңынан са­нағанда Үндістаннан кейін екінші орын­да тұрды.

Қоғам • 01 Шілде, 2019

Тағдыр сынағын жеңген жігіт

Кеңес заманында еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін майдангер-ұшқыш Алексей Маресьевті білетін. 1942 жылдың қақаған қысында оның ұшағына оқ тиіп, жерге құлап түседі. Аман қалған ол 18 тәулік тентіреп жүріп тірі табылады. Дәрігерлер үсіген екі аяғын жіліншіктен шорт кесіп тастайды. Бірақ А.Маресьев шолақ аяғына протез байлап алып, 1943 жылдың жазында ұшаққа қайта отырып, немістермен соғысады. Нәтижесінде оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Жарықтық 2001 жылы 85 жасында дүние салды. Бұл адам жайлы кітаптар жазылды, кино түсірілді. Мәскеуден бастап, Бетпақдаладағы қой совхозына дейін есіміне көше, ауыл аты берілді.

Қоғам • 18 Маусым, 2019

Күнә – иесін қорлайды

Халықтың болашағы кейінгі жастарына байланысты. Ақыл-есі дұрыс жұрт ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән береді. Ұрпақ тәрбиесі – мемлекеттің ұстыны, ұлттың тұғыры.

Қоғам • 14 Маусым, 2019

Бүлдіру оңай, бүтіндеу қиын

Бүлік немесе ел ішінде болатын берекесіздіктен сақтану жайлы қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінде нақты нұсқаулар бар. Жалпы адам баласы барда қандай да бір бүліктің болмай қалуы мүмкін емес. Бүліктің пайда болатыны жайлы пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде айтып кеткен. Сондықтан да болуы мүмкін бүліктен сақтану, оған әзір болу пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінен болып табылады. Ол үшін алдымен – білім, ақыл, хикмет (даналық), дұрыс амал, сабыр, ыждағат керек.

Қоғам • 13 Маусым, 2019

Шаңырағымыз шайқалмасын!

Шаңырақ шайқалу – қазақ ұғымында ауыр қасірет. Мемлекет қауіп­сіздігі мен елдің береке-бірлігіне қатер төнсе «шаңырақ шайқалды» дейміз. Шаңырақтың шайқала бастауын қарапайым жұрт байқамайды, көп жағдайда алданып қалады. Тіпті кейбіреулер «халқымызға жақсылық жа­сап жүрміз» деген ниетпен шаңырақ шайқалуына қызмет етіп жүргенін біл­мей қалуы ғажап емес.