Әсел САРҚЫТ
Әсел САРҚЫТ«Egemen Qazaqstan»
2123 материал табылды

Елорда • 09 Шілде, 2021

Елордада екі жолаушылар кемесін пайдалануға тыйым салынды

Елорданың көліктік бақылау инспекциясы Нұр-Сұлтан қаласы аумағында Есіл өзенімен жолаушылар мен туристерді тасымалдайтын 45 жолаушы сыйатын Астана 0731 РС және 70 жолаушыға арналған Есіл 0762  кемелерін пайдалануды тоқтатты. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 09 Шілде, 2021

НЗМ түлектері мектеп тарихындағы ең жоғары көрсеткішті көрсетті

Назарбаев Зияткерлік мектеп түлектері Халықаралық Бакалавриат емтихандарын сәтті тапсырып, мектеп тарихындағы ең жоғары көрсеткішті көрсетті. Бұл туралы мектептің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 09 Шілде, 2021

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері анықталды

113 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Шешім ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім • 09 Шілде, 2021

Шымкентте екі университет лицензиясынан айырылды

Шымкент қаласындағы «Орда» университеті мен «Мирас» университеті бас лицензиясынан айырылды. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Өнер • 09 Шілде, 2021

Елбасы кітапханасында корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды

9 шілдеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында корей суретшісі Ли Инамның «Signal of Light» цифрлық өнер туындыларының көрмесі ашылды. Вернисаж LED-экрандармен жабдықталған көпфункционалды залдың футуристік кеңістігінде өтті. Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 09 Шілде, 2021

Волкан Бозкыр Түркі академиясына арнайы келді

Бүгін Халықаралық Түркі академиясына БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы Волкан Бозкыр арнайы келді. Бұл туралы Академияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Руханият • 09 Шілде, 2021

«Теріскей толғаулары» антологиялық кітабы жарық көрді

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы күйшісі» атты кездесу өтті, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет • 09 Шілде, 2021

Сенаторлар қорғаныс кәсіпорындарын аралады

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Қайрат Қожамжаров Ақмола облысындағы әскери бөлімдерде болды, деп жазады Egemen.kz.

Өнер • 09 Шілде, 2021

«Астана Балет» Көкшетау жұртшылығын тамсандырды

7-8 шілдеде «Астана Балет» театрының Көкшетаудағы гастролі табысты өтті. «Көкшетау» Мәдениет сарайында астаналық ұжым «Ұлы Дала мұрасы» ұлттық дивертисменті мен «A Fuego Lento» неоклассикалық балетін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 09 Шілде, 2021

Шымкенттегі сарбаздар үйіне қайтты

Жауынгерлік тумен қоштасудың салтанатты рәсімі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында өтті. Бұл күні әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген 130-ға жуық әскери қызметші 365 күн өмір сүрген әскери бөліммен қоштасты, деп жазады Egemen.kz.