Абай Отар«Egemen Qazaqstan»
979 материал табылды

Үкімет • 30 Маусым, 2022

Екінші сессия: маңызды шешімдер мен мазмұнды заңнамалар

Парламенттің бірлескен отырысы өтіп, депутаттар жазғы демалысқа кетті. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысы қаралды. Сондай-ақ жетінші сайланған Парламенттің екінші сессиясының жұмысын аяқтау мәселесін талқылады.

Экология • 30 Маусым, 2022

Пластик қаптаманың әлегі

Ғалымдардың пластикалық заттардың табиғи жолмен ыдырауы өте баяу жүретінін айтып дабыл қағып жүргеніне біраз уақыт өтті. Әсіресе мұндай өнімдер әлемдік мұхитқа ағызылып, соның салдарынан пластик қоқыс аралдары пайда болғанын National Geographic секілді журналдар талай мәрте жазды.

Үкімет • 29 Маусым, 2022

Табиғатқа залал келтіргендерге жауапкершілік күшейеді

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, Палатаның VII шақырылымының II сессиясының жұмысы қорытындыланды. Жалпы отырыс барысында депутаттар «Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске экологиялық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту мәселелері туралы» заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады.

Үкімет • 29 Маусым, 2022

Қаржы пирамидасын жарнамалау қылмыспен тең

Сенат Парламенттің VII шақырылымының II сессиясындағы жұмысын қорытындылады. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның осы сессиядағы қорытынды отырысы өтті. Онда депутаттар бірқатар заң жобасын қабылдады.

Әлем • 26 Маусым, 2022

Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін

Еуропалық одақ тарихи өзгерістің алдында тұр. Таяуда қарт құрлықтың көшбасшылары жиналып, бірқатар маңызды мәселені талқылады. Талқыға түскен мәселелердің қатарында өзара ынтымақтастық, ұйымның ауқымын кеңейту секілді негізгі тақырыптар бар. Сонымен қатар Украина мен Молдова Еуропалық одаққа үміткер мемлекет ретінде тіркелді. Әрине, үміткер атану бір бөлек, ал ұйымға толыққанды мүшелікке өту мүлдем басқа әңгіме. Осы орайда, қарт құрлықта Еуропалық одақтың арқасүйер іргетасы – халықаралық келісімдеріне өзгеріс қашан енгізіледі деген пікір айтыла бастады.

Үкімет • 24 Маусым, 2022

Стрестік активтерді пайдалану тетігі жетіледі

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар бірқатар заң жобасын қарады. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.

Қоғам • 23 Маусым, 2022

Біз көпұлтты мемлекетпіз бе?

Сұрақты бұлай төтесінен қоюымыз бекер емес. Бұған дейін Қазақстан көп­ұлтты мемлекет деп талай-талай мінберлерде мәлім­дедік. Бірақ Жаңа Қазақстанда мұн­дай ұста­нымның маңызы бар ма? Ұлт деген не?

Үкімет • 23 Маусым, 2022

Қоғамдық палата құру – уақыт талабы

Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Үкімет • 21 Маусым, 2022

Бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды

Кеше Парламенттің бірлескен отырысы өтті. Жиын барысында конституциялық заңдылықтың жай-күйі жайлы, сондай-ақ 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептер қаралды. Бірлескен отырысқа Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова, Үкімет мүшелері қатысты.

Қазақстан • 20 Маусым, 2022

Көкжидеге қолдау қажет

Мәжілісте «Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары» тақырыбында өткен Парламенттік тыңдау кезінде Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірдегі ахуалдың жай-күйіне тоқталды.