Абай Отар«Egemen Qazaqstan»
541 материал табылды

Парламент • 01 Сәуір, 2021

Мәжілісмендер көкейкесті мәселелерді көтерді

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата­ның жалпы отырысы өтіп, онда Еуразиялық экономика­лық одақ елдері өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ратификациялық заң жобасы мақұлданды.

Саясат • 01 Сәуір, 2021

Қазақстан Президенті түркі өркениетін жаңғыртуға қатысты нақты ұсыныстар айтты

Түркітілдес мемле­кет­тер­­­дің ынтымақтас­тық ке­ңе­сі­нің бейресми сам­миті онлайн форматта өтті. Жос­­пар бойынша іргелі жиын Түр­кістан қала­сын­да өтуі тиіс еді. Алайда ко­ро­на­вирус пандемия­сы­на байланыс­ты іс-шара­ны бей­не­кон­ференция режі­мін­де ұйымдастыру ұйға­рылды.

Елбасы • 31 Наурыз, 2021

Түркі әлемінің темірқазығы

Заманында Еуразия кеңістігінде түркілердің атой салғаны тарихтан белгілі. Шығысы Сібірден, Батысы Қара теңізге дейінгі алып аумақты мекендеген халық мыңдаған жылға созылған Ұлы дала өркениетін қалыптастырды. Бүгінде осы бай құндылықтың мұрагері – Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі десек, қателеспейміз. Биыл Түркі кеңесінің кезекті саммиті өтпек. Іргелі іс-шара карантиндік жағдайға байланысты бейнеконференция режімінде ұйымдастырылады. Осы орайда, түгел түркінің басын қосып, төрге оздырған тұлғаның бірі һәм бірегейі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екенін айта кеткен абзал.

Әлем • 25 Наурыз, 2021

АҚШ-Қытай: Аляскадағы келіссөз нәтижесі қандай?

Өткен аптада Аляскада АҚШ пен Қытай өкілдері кездесіп, екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылады. Бұл кездесу Джо Байден АҚШ президенттігіне сайланғаннан кейін алғаш рет өткізіліп отыр.

Парламент • 19 Наурыз, 2021

Ұрланған автокөлікті табу жеңілдейді

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында депутаттар автокөлік ұрлығымен күрес жөніндегі хаттаманы ратификациялады. Бұдан былай отандық полицейлердің ТМД аумағындағы автокөлік ұрлығымен күрес жұмысы жеңілдейді.

Қазақстан • 18 Наурыз, 2021

Сындарлы сабақтастық

Осыдан екі жыл бұрын елімізде тарихи оқиға болды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміз үшін тағдыршешті, маңызды шешім қабылдап, билікті көрнекті мемлекет қайраткері Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор сеніммен тапсырды. Осылайша, Қазақстанда саяси сабақтастық салтанат құрып, еліміз тұрақты даму бағытынан айныған жоқ.

Қоғам • 18 Наурыз, 2021

Шалшыққа айналған стадион...

Таяуда футболдан Қазақстан чем­пио­на­тының кезекті тур ойындары өтті. Биыл жоғары лигаға жолдама алған «Тұран» командасы елордалық «Астанамен» Түр­кіс­тан қаласындағы «Түркістан-Арена» ста­дионында шеберлік байқасты. Онда тұр­ған не бар дерсіз?! Нөсерлетіп жау­ған жаң­быр салдарынан жасыл алаң шал­шық­қа айналған. Бір қызығы, футболшы­лар осындай қолайсыз жағдайда доп тебуге мәжбүр болды.

Парламент • 05 Наурыз, 2021

Ғылымды дамытуға соны серпін беріледі

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап, қабылдады.

Әлем • 02 Наурыз, 2021

Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?

Бес жылға созылған «Брексит» жыры аяқталғанымен, оның салдары бітер емес. Бұған дейін Еуропалық одақта ағылшын тілі жалпыға бірдей қолданылып, lingua franca-ға (ортақ қолданыстағы тіл) айналған-ды. Ұлыбритания құрамынан шыққаннан кейін, ендігі жерде ұйымда қай тілді ортақ қолдану қажет деген мәселе туындап отыр. Ендеше, алдағы уақытта ЕО-ның бейресми ресми тілі өзгере ме?

Қоғам • 02 Наурыз, 2021

Көшбасшылық кілті

Таяуда миллиардер Илон Маск көшбас­шы­лыққа қатысты қызық пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда MBA (Іскер­лік басқару магистрі) дәрежесін иелен­ген­дерді басшылық қызметке қоюдың қажеті жоқ. Бұл пікір америкалық қоғамды дүр сілкіндірді десек, артық айтқандық емес.