Абай Отар«Egemen Qazaqstan»
569 материал табылды

Қазақстан • 09 Қараша, 2017

Қазақстандық тілшілер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысымен танысты

Бір топ отандық тілшілер «Қазақстандық БАҚ-тардың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысын жария етудегі әлеуетін күшейту» жобасы аясында БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтеріне барып, еңселі ұйымның жұмысымен танысып қайтты. Бес күндік семинарды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Хатшылығы мен БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақстан • 02 Қараша, 2017

Түркі Кеңесі Қазақстанның латын әліпбиіне көшу шешімін қуанышпен қабыл алды

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Қазақстанның латын әліпбиіне көшу шешімін ыстық ықыласпен және қуанышпен қабылдады. Бұл туралы Түркі Кеңесінің бас хатшысы Рамиль Хасанов құттықтау хатында мәлім етті.

Әлем • 13 Қазан, 2017

Қазақстан Қырғызстандағы президенттік сайлауды бақыламайды

Қазақстан тарапы Қырғызстандағы президенттік сайлауға бақылаушы ретінде бармайды. Мұндай шешім Астанада өткен Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында жарияланды.

Әлем • 28 Қыркүйек, 2017

Ирактағы күрдтердің референдумы жайлы не білеміз?

Таяуда Ирактағы күрд халқы тәуелсіздік жөнінде референдум өткізді. Бұл оқиғаның азаттыққа ұмтылған халықтың тағдыр шешті әрекеті тәрізді көрінетіні белгілі. Алайда, көрші елдердің референдумды мойындамауы – Күрдістандағы шиеленісті одан әрі күрделендіріп жіберді.

Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2017

Түркі халықтарына ортақ география және әдебиет кітаптары жазылады

Түркі халықтарына ортақ кітаптар жазу жалғаса беретін болады. Алдағы уақытта география және әдебиет кітабын жасап шығу жоспарда бар. Бұл туралы Астанада өткен «Ортақ түркі тарихы» оқулығының жобасын талқылау барысында Түркі кеңесі төрағасының орынбасары Өмер Коджаман мәлімдеді.

Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2017

Түркілерге ортақ тарих кітабы мақұлданды

Түркі Академиясы XV ғасырға дейінгі «Ортақ түркі тарихы» оқулығының соңғы жобасын талқылаған сарапшылар жиынының қорытындысын өткізді. 

Саясат • 26 Қыркүйек, 2017

Азаттыққа қол созған Каталония

Испания – Қазақстанның Еуропадағы басты саяси әріптестерінің бірі және елімізбен Стратегиялық әріптестік жөнінде келісім-шарт жасасқан екінші еуропалық мемлекет. Пиреней түбегіндегі корольдікпен тауар айналымы да жолға қойылған. Таяуда Испанияны үлкен сынақ күтіп тұр. Елдегі автономиялық аймақ Каталония 1 қазанда егемендік жөнінде референдум өткізетінін мәлімдеді.

Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2017

Астанада «Аграрлық салада кадр мен  ғылымды дамыту» атты семинар өтті

Жиынға ғалымдар, «Атамекен» ҰКП өкілдері, республикалық аграрлық оқу орындарының басшылары, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, бизнес қауымдастық  өкілдері қатысты, деп хабарлайды egemen.kz тілшісі.

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2017

Астана әкімінің кубогы «Жаңа ғасыр» жайдарманшыларына бұйырды

Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен дәстүрлі жайдарман фестивалі Астана қаласы әкімінің кубогы ойнатылды.

Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017

Уақытпен үндескен рухани үрдіс

Кеше Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» пар­ламенттік тыңдау өтті. Маңызды мәселе талқыланған алқалы ке­ңеске Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Премьер-Министр­дің орынбасары Ерболат Досаев, Сенат және Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен әліпби жобасын әзірлеуші А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғалымдар, сарапшылар қауымы қатысып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссиясының ұсыныстары кеңінен талқыланды.