Абай Отар«Egemen Qazaqstan»
545 материал табылды

Парламент • 30 Желтоқсан, 2020

Құқықтық қоғам құру жолындағы маңызды қадам

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Палата отырысы өтті. Жиын барысында сенаторлар «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарап, оны қабылдады.

Сайлау • 30 Желтоқсан, 2020

Әлеуметтік салаға басымдық беріледі

Nur Otan партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері өңірлерде тұрғындармен кездесуін жалғастырып жатыр. Кеше партия өкілдері Алматы облысына барды.

Әлем • 30 Желтоқсан, 2020

XXI ғасырды қайта қарайтын сәт

Шартарапты коронавирус пандемиясымен шаршатқан 2020 жыл да аяқталып келеді. Биылғы індет халықаралық қоғамдастықтағы, жер-жаһандағы бірқатар мәселенің басын ашып беріп кетті. Мәселен, кейбір елдердің басшылары жеке басының мүддесін күйттеп, жаһандық мәселелерге қырын қарағаны есімізде. Көп ұзамай қайғы мен қасіретке толы жыл да аяқталмақ. Осы орайда алдағы жылдан не күтеміз? Өткеннен қандай сабақ алуымыз қажет? Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы осы сұрақтарға жауап беретін мақалалар топтамасын ұсынады. НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы лауазымын атқарған Хавьер Солана өз мақала­сын­да XXI ғасырдағы негізгі түйткілдерге тоқталады. Автор мыңжылдықтар түйіскен тұста әлемде келешекке деген ерекше құлшыныс туғанын, алайда іс жүзінде бәрі басқаша болғанына қынжылыс білдіреді. Осындай қателіктерді тізе отырып, Хавьер Солана өткеннен сабақ алудың маңызына екпін береді. Сыртқы саясат жөніндегі Еуропалық кеңестің директоры Марк Леонард өзінің мақаласында 2021 жылдан үміт күтетінін және негізгі бес мәселені атап көрсетеді. Оның айтуынша, АҚШ президенттігіне Джо Байденнің сайлануы, коронавирусқа қарсы вакцинаның әзірленуі, климаттың жылынуына қатысты жаһандық үнқосу, билікке сенімнің оралуы мен ғаламдық жүйені қайта қарау сиыр жылының жақсылығы болмақ. Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Әлем • 30 Желтоқсан, 2020

Келер жылдан күтетін 5 үміт

Сайлау • 29 Желтоқсан, 2020

Жүз отыз мың жұмыс орны ашылады

Nur Otannyń сайлауалды штабы Шығыс Қазақстан облысына барды. Сапар барысында еңбек ұжымдары және өңір тұрғындарымен 20 шақты кездесу өтті.

Сайлау • 29 Желтоқсан, 2020

Партия мүшелері 100 мыңнан асты

ADAL саяси партиясы үгіт-насихат тобының халықпен өңірлік кездесулерінің қорытындысы шығарылды. 11-28 желтоқсан аралығында еліміздің қалалары мен ауылдарында 3583 кездесу өтсе, оған 71256 адам қатысқан.

Оқиға • 29 Желтоқсан, 2020

Жерорта теңізінен табылған байлық

Түрік геологтары қазба бай­лықтарды барлау жұмыстары кезінде Жерорта теңізінде жалпы құны 6,6 млрд доллар болатын 100 тонна алтын кен орнын тапты.

Қаржы • 29 Желтоқсан, 2020

Қорғаныс бюджеті бекітілді

Америка сена­тор­­лары мен кон­грес­смен­дері қор­ғаныс бюд­жетінің жобасын бекітті. Соған сәйкес, 2021 жылы Ақ үй әскери қажеттілікке 740 миллиард доллар жұмсамақ.

Саясат • 29 Желтоқсан, 2020

Меркельдің орнын кім басады?

Германияның «Христиан демократиялық одағы» партиясы (CDU) 2021 жылғы қаңтарда конгресс өткізіп, партияның жаңа көшбасшысын сайлайды. Сондай-ақ жаңа басшы келер жылы өтетін канцлерді сайлауға түседі. Қысқасы, немістер қаңтар айында канцлер Ангела Меркельдің ізбасарын анықтайды.

Қоғам • 29 Желтоқсан, 2020

Жақсы бастама жалғасуымен бағалы

Биыл елімізде «Волонтер жылы» болып жарияланғаны белгілі. Осындай кезеңде пандемияның қатар келуі еліміздегі еріктілердің сын сағаты болды десек артық айтқандық емес. Бүкіл әлем бетперде киіп, үйге тығылып отырғанда еліміздің түкпір-түкпірінде волонтерлер тұрмысы төмен, мүмкіндігі жоқ отбасыларға азық-түлік жеткізіп беруге, ауыр сынақты жеңілдетуге жәрдемдесті.