Қарашаш ТОҚСАНБАЙ«Egemen Qazaqstan»
63 материал табылды

Руханият • 07 Тамыз, 2019

Суретті түсінудің сыры

«Шешінген судан тайынбас» дегендей Қазақстан нарықтық қатынасқа толық көшкен соң мемлекет меншігіндегі мекеме-ұйымдардың бәрін жекеменшікке беру мақсатын алға қойған. Бұл – мем­ле­кеттің бизнеске араласуын барынша азайтуды көздейтін нарық заңының талабы. Халықаралық бейбітшілік сыйлы­ғы­ның лауреаты, Қытайдың белгілі суретшісі Ци Байши: «Жасым қырыққа келгенде барып суретті түсіне бастадым» деген екен. Әлем мойындаған қылқалам шеберінің өзі осылай дегенде, басқа қарапайым халықтың бұл өнер туралы түсінігінің таяздығын, сауатының кемдігін сынап-мінеп жату қисынсыз секілді, әрине. Әйтсе де суретші десе тау-тасты кезіп, әсем табиғатқа алыс­тан қиялдана көз тіккен жай бояушы, тиын-тебенге бола әркімнің тапсырыс­пен портретін салып, күнін әзер кешіп жүрген қарапайым пенде деп қарайтын дүбәра көзқарастан түбегейлі арылмай, өркениетті елдердің қатарына қосыла алмаймыз.   

Руханият • 25 Шілде, 2019

Әдебиеттің әлемді бағындырудағы күші

Аударма саласында қарымды еңбек етіп жүрген әріптесіміз Тұрсынбай Жандәулеттің қазірге дейін жеті кітабы, «Қазақ ұлттық идеологиясының мәселелері» атты ғылыми монографиясы жарық көрген. Қаламгер орталық телеарналарға арнап мыңнан астам фильмді, сондай-ақ отызға жуық туындыны қазақ тіліне тәржімалаған. Ол аударған кітаптардың ішінде Нобель сыйлығының лауреаты, испан жазушысы Камило Хосе Селаның романдары, Карл Поппердің екі томдық «Ашық қоғам және оның жаулары» атты күрделі философиялық шығармасы бар. «Дегдар», «Тәуелсіздік толғауы» әдеби сыйлықтарының иегері Т.Жандәулеттің осы жылы «Творение цифры: Атлантида – Казахия» атты ғылыми-фантасти­калық романы орыс тілінде жарық көрді. Шағын сұхбатымызда автор осы және отандық әдебиеттің басқа да толғақты мәселелері туралы ой қозғайды.

Руханият • 22 Шілде, 2019

Өзбек еліндегі өнер мәуесі

Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен отандық опера жұлдыздарының Әлішер Науаи атындағы мемлекеттік академиялық Үлкен театр сахнасында қойған «Мадам Баттерфляй» операсы көрерменді тебірентті.

Руханият • 17 Шілде, 2019

Қаймағы бұзылмаған қазына

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбілов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллинаның «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының камералық залында өткен «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» өнер кешінде халық әндері, сал-серілердің музыкалық мұрасы, отандық композиторлардың вокалдық әрі аспаптық шығармалары, сондай-ақ ұлттық опералық классикадан таңдаулы ариялар шырқалды.

Сұхбат • 12 Шілде, 2019

Театр – ұлттың ар-ұяты

Халық арасында «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деген қағида жиі айтылады. Ал қазақ ұлттық сахна өнерінің қазіргі жағдайы сол бағаға қаншалықты сай дей аламыз? Осы және бүгінгі қазақ драматургиясы һәм театрлық қойылымдардың өзекті мәселелері жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай ЖҰМАТ-ӘЛМАШҰЛЫМЕН болған сұхбатта баяндалады.

Аймақтар • 05 Шілде, 2019

Арыс: аңыз бен ақиқат

Қазақ даласы аңыз әңгіме мен қисса-дастандарға толы. Сонау қилы заманнан бүгінге зорықпай жеткен сондай халықтық асыл қазынамыздың бірі де бірегейі – «Мұңлық-Зарлық» дастаны еді. Кешегі бауыр еті баласын іздеп аңыраған арыстық аналардың тағдыры осы бір айшуақ аңыздағы қос перзентіне жете алмай аласұрған ананың ақ-адал махаббаты мен сағыныш сарынын баяндайтын бағзыдағы оқиғаны қайта қайрап, еске салғаны бар.

Қоғам • 04 Маусым, 2019

Халық әндеріне «ремейк» керек

«Ремейк» дегеніміз – әлемдік мәдениетте кеңінен қолданысқа ене бастаған тың термин. Кез келген шығарманы бастапқы күйінде айна-қатесіз қайталап орындау емес, оны жаңаша түрлентіп, жаңғыртып, заманауи нұсқада ұсыну деген мағынаны білдіреді.

Сұхбат • 31 Мамыр, 2019

Өркениет көшінен өз орнымызды табатынымызға сенемін

«Қазақстанның құрметті журналисі», Ақтау қаласының құрметті азаматы, белгілі қаламгер Маңдайлы Қосымбайдың есімі оқырманға кезінде «Егемен Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі ретінде мұнайлы өңірдің мұң-мұқтажы мен экономикалық-әлеуметтік, мәдени тыныс-тіршілігі жайында жазған қадау-қадау мақалалары арқылы етене таныс. Қырық жылдық журналистік жолында өзі өскен Жетісай аудандық (Түркістан облысы), кейін Маңғыстау облыстық газеттерінде, сондай-ақ «Егеменнің» ұстаханасынан шыңдалып шыққан қаламгер 2002-2015 жылдары облыстық «Маңғыстау» газетінің, «Шерқала» журналының бас редакторы, «Маңғыстау-Медиа» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды. Өңірдің рухани дамуына атсалысып, саналы ғұмырын журналистикаға арнаған ардагер әріптесіміз – бүгінгі таңда Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі... «Егеменнің» ғасырлық тойы қарсаңында сонау өткен жылдар ізінен өзгеше өрнек іздеп көру мақсатымен Маңдайлы ҚОСЫМБАЙДЫ әңгімеге тартқан едік.

Кино • 24 Мамыр, 2019

Телегей-теңіз телехикая

Телеэкраннан баяғыда күн құрғатпай тек түріктің, корейдің, Бразилия мен Аме­­риканың сериалдары көрсетіліп жататын. Мәселен, Бразилияның «Изаура күң», Мексиканың «Байлар да жылайды», «Қарапайым Мария», Американың «Санта-Барбара» сериалдары мыңдаған көрер­меннің жүрегін қалай жаулап алғаны ұмытыла қойған жоқ. Ал отбасылық құн­дылықтар мен тарихқа негізделген түрік теле­хикаяларының отандық телеарналар бойынша рейтингі әлі күнге жоғары тұр­ғаны тағы рас.

Қысқы спорт • 02 Сәуір, 2019

«Құжат жоғалса, тарихымыз да жойылады»

Тарихта тіпті ұшан-теңіз байлық пен жердің кері қайтарылғаны туралы деректер кездескенмен, жойылған құжаттардың орны толтырылды деген әңгімені ешқашан құлағымыз шалмапты. Ендеше, архивсіз ел жады мен тарихын жоғалтқан жұртпен бірдей екен. Осы ретте тарихи құжаттардың маңыздылығы, оның қазіргі біздің қоғамымызда алатын орны мен рөлі туралы білу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивінің директоры Мейрам БЕКТЕМБАЕВТЫ әңгімеге тартқан едік.