Қарашаш ТОҚСАНБАЙ«Egemen Qazaqstan»
63 материал табылды

Әдебиет • 06 Маусым, 2018

«Біреу тойып секіреді...»

Қасиетті Құран Кәрімде: «Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап қылмаңдар. Шын­­дығында, Алла Тағала ысырап қы­лушыларды сүймейді», – делінген [Ағраф сүресі 31 аят]. Құлқынның құды­ғына құмығып, ысырап етушілерді Жа­ра­тушы иеміздің өзі жаратпайтынын, «Құт­қаратын үш нәрсенің бірі – бар кезде де, жоқ кезде де, байлықта да, кедей­лікте де үнем­деушілік» (Бәйһақи) екенін ислам ғұла­малары жазбаларынан жиі кездес­тір­генімізбен, қазіргі дүниенің кепиетіне қарап тұрсаң, кейде соны қапысыз орын­дауға адам баласына Ұлы Абайдың: «Бес асыл іс» өлеңіндегі:  «Өсек, өтірік, мақтаншақ,   Еріншек, бекер мал шашпақ –  Бес дұшпаның, білсеңіз...» деген қара­пайым ғана қағидасын көкейге қон­дыруы жетіспей тұратындай көрінеді.

22 Мамыр, 2018

Рух көтерудің жолы

Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриот­тық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік сезімін  қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп,  жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.

25 Сәуір, 2018

Ауыл мен  қауым

Ауыл десе теңіздей аласұрып, жү­рек шіркін алып-ұшып тұрады-ау. 

05 Наурыз, 2018

Мейірім мезгілі

Тап осы Наурызда қырқа-белі қыраулы, қарлы қыстың ызғарлы лебі лезде тоңмойын қалыбынан танып, топырақ тоңы жіпсіп, майда самал маңдайды өбеді. Көктем – көркем-ау! 

26 Ақпан, 2018

Ақсақалды абдыратқан асаба

Баланың қуанышына шаттанған ата-ананың туған перзентінен малы түгіл шыбын жанын да аяп қалмасы анық. «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» демекші, той туралы әңгіме жүдә көп. Тіпті қазір тым даңғазалыққа ұрынбас үшін жер-жерде мұнымен тікелей айналысатын белсенділер пайда бола бастады. Жақын­да той өткізу үлгілерінің сондай жаңадан жазылған сценарийлерінің бірімен танысудың сәті түсті. Әлгі жанашыр бұл идеяның қалай туғанын айтып берді. 

13 Ақпан, 2018

Көрінбейтін көршілер

Қалада тұратындардың бәрі емес, бірақ дені қоңсыларының аты-жөнін білмейді, тіпті танымайды. Өйткені бозала таңнан қас қарайғанға дейін жұрттың бәрі жұмыста. 

01 Ақпан, 2018

Фонограммаға тоқтау бола ма?

  Соңғы уақытта жұрттың фоно­грам­маға қарсы наразылығы отқа май та­мыз­ғандай өршіп тұр. Сахнада орындайтын әндерін компьютердің көмегімен айтушылар мен аузы жыбырлап тұрғанмен дауысы фонограммамен қабыспай, үйлеспей, тіп­ті айдалаға қиыс кетіп жатқанына қым­сынбайтын, ұят санамайтын бәт­шағарлар халықтың ыза-кегін әбден қайнатып бітірді. Ән айтса, жанын жеп айтатын далалық дәстүрлі тұма бұлақтардың сыңғыры бірте-бірте көз ұшынан жылыстап бара жатқан керуеннің көшіндей санада сұлбалары көмескілене елес береді.

23 Қаңтар, 2018

Сынның да сұрауы бар

Кейде өмірдің мәнін тым ерте жас­тан түсініп қою да адамға қиындық туғызады. Сондықтан кім-кімнің де өз жасына лайық ой толғап, өмір сүргені қандай ғанибет еді. Конфуций «Кеңес пен толғам» ғақлиясында «Ұстаз айтыпты:

27 Желтоқсан, 2017

Қазақ эстрадасы, қайда барасың?!

Қазір эстраданы осындай шуылдақ, бейәдеп сарындар бұзуда.