Қарашаш ТОҚСАНБАЙ«Egemen Qazaqstan»
63 материал табылды

28 Шілде, 2017

Ән мен әже

Әншейінде әңгіменің тиегін онша көп ағыта бермейтін, одан да көкейіндегісін ақ қағаздың бетіне тап-тұйнақтай етіп түсіріп әкелуді құп көретін белгілі қаламгер, ғалым Мырзагелді Кемелдің туған жерді сүюдің мінсіз үлгісі туралы айтқан мына бір сөзі кім-кімге де үлкен ой саларлық еді.

22 Маусым, 2017

Жік пен жіп

Автобуста өзіңнен жасы үлкен адамға ұшып түрегеліп орын беру үшін кісіге соншалық көп ақылдың керегі жоқ-ау. Отбасында адам қан­дай тәрбие алса, көшеде, қоғамдық орындарда мұнысы тайға таңба басқан­дай көрініп тұрады емес пе? Бірақ қай ата-ана «автобуста көзіңді тас жұмып, құлаққабыңды киіп отыра бер» деп үйдегі баласының сана­сын бөтен оймен лайлайды дейсің. Соған қарағанда, адамның мәде­ниетті болмағы үйдегі алған тәрбиесіне қоса, «Тірлікте көп жаса­ғандықтан көрген бір тамашамыз» деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айт­пақшы, әр адамның өмірден дұрыс сабақ түйіндей білуіне байланысты болса керек-ті. 

13 Маусым, 2017

Халық биі өз биігінде ме?

Оқтау жұтқандай қақшиып, сах­­нада жөндеп не иіле алмайтын, бел­дері қарысып бүгілмейтін адам­дар­дың қалай ұялмай-қызармай биші болатындығына таңымыз бар. Мұн­дайда, әрине әуелі іргеміздегі көршілес елдерге көз тіге­тін әдетіміз. Мына ала топпылы өзбек ағайындарды айтамыз да. Өзбек­станға жақын орналасқан ай­мақта туып-өскендіктен, өзбек-ака­­лардың «қошық­тары» мен «ракс­тары» туралы біраз естіп-көрген хабарымыз бар енді. 

29 Мамыр, 2017

Орынсыз қылжақ, ойсыз көз

Құдай ақырын берсін, бүгінде әлеуметтік желіден тыс өмір сүру мүмкін болмай қалды ғой.

22 Мамыр, 2017

Міз бақпау мін бе?

Адам баласы болған соң қоғамның үніне орай өз пікіріңді ашық әрі дер ке­з­інде білдіріп отырмасаң, онда не­сі­не жер басып жүресің дейсің ғой бая­ғы. Сол сияқты кейде көшеде, кө­ліктерде, жалпы қоғамдық орындарда неше түрлі түйткілдермен бетпе-бет ұшырасып қалып жататынымыз рас. 

02 Мамыр, 2017

​Перзент туған топырағында түлейді

Құдіреті күшті тылсымның бей­мәлім сыры көп-ақ. Құдай-ау, адам баласы үшін туған жерге деген сүйіспеншіліктен асқан ыстық сезім бола ма, тәйірі? «Көк торғындай көк­темде, Сағым қуған ауылыңнан» қымбат дүниеде не бар, шіркін?

14 Сәуір, 2017

Оның есімі – Мейірім

Жолыңды кесіп өтуге қайманып, құрақ ұшқан жастардың ибалы қалыптарын көргенде, «қазіргі жастар үлкендерді сыйламайды, құрмет көрсетпейді, дұрыс амандаспайды» деп, кейде төбемізге қара аспанды төндіретіндей ештеңе жоқ екен-ау, өмір тек жамандықтардан, яки болмаса жақсылықтардан ғана тұра ма екен тәйірі дейсің...

27 Ақпан, 2017

Айқыш-ұйқыш атаулар

27 Қаңтар, 2017

Жас тұнды жанарға

Өмірде не нәрсені болсын жүре­гі­мен елжіреп қабылдайтын адамдар бо­­лады. Эмоциясы, жанайқайы, ми­ми­касы, ойы мен сезімі менмұндалап сыр­тына атойлап шығып тұра­тын он­дайларды көбіне өнер ошақ­та­рында жолықтыратыныңыз рас. Көз жасына тез ерік беретін кісіні әдет­те жүрегі тым нәзік адам екен деп бағалайтынымыз тағы бар.