Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2302 материал табылды

Денсаулық • 12 Ақпан, 2023

Триотротилломания деген қандай кесел?

Қанша жерден зерттелсе де, адам ағзасы толық танылып бітпеген тұңғиық бір әлем дерсіз. Мәселен, таяу күндері Алматыдағы Балалар шұғыл меди­ци­налық көмек көрсету орталығы «асқазанның трихо­безоары» диагнозы қойылған таңғаларлық жағ­дайды анықтап, алғаш рет асқазанына қос жұдырықтай шаш жиналған 11 жастағы қыз балаға шұғыл операция жасалды.

Қылмыс • 10 Ақпан, 2023

Алшаң басқан it-алаяқтар

Соңғы уақытта алаяқтықтың түрі көбейіп, ақпараттық технологиялардың арқасында жетіліп жатқаны жасырын емес. Тіпті инвестициялық алаяқтық пайда болып, пандемия да онлайн қылмысты өршітті. Ол аз десеңіз айналамыздағы елдердің ахуалы арам пайдаға әуес пиғылды көбейтті. Сондықтан да виртуалды тонау мәселесін қайта-қайта қаузап, халықты құлағдар етіп отыруға тура келеді.

Медицина • 09 Ақпан, 2023

Бес жылда алапес ауруы тіркелген жоқ

Күнделікті тіршілікте көпшілік біле бермейтін, білгеннің өзінде айналып өтуге тырысатын елді мекен бар. Мұнда бұрыннан халық көзінен оқшауланған лепрозорий мекемесі орналасқан. Ежелден келе жатқан кеселдің кесірінен емдеу мекемесінің мәңгілік тұрғындары жұрттан жырақта өмір сүруге мәжбүр. Сондықтан да оған шалдыққандардың адам шошырлық әлпеті мен әлеуметтік жағдайға тиісті мекемелерге ғана мәлім.

Пікір • 08 Ақпан, 2023

«Жұмыспен жарылқаушылар»

«Базар барсаң – бақыр бар, барсаң бақыр түгіл тақыр жоқтың» кері. Қазір интернет арқылы жалған жұмыс, өтірік вакансия ұсынатын компаниялардың, өз пайдасына жегіп қоятын желілік бизнестің қара тізімін оңай тауып алуға болады. Жұмыспен жарылқаушылардың қара тізімін жасауға септесіп отырғандар да сол – секта сияқты «сетевиктердің» айласынан әрең сытылып шыққандар. Өкінішке қарай, көп адам осыны өз басынан өткермей түсіне бермейтіндіктен, үш күні қор болған жігіттің мысалын баяндап көрелік.

Аймақтар • 06 Ақпан, 2023

«Ақылды» су құбыры тартылады

Алматы сияқты алып шаһарды сумен қамтамасыз ету айтуға ғана оңай. Бұған қоса кеңес кезеңінен мұраға қалған, кейінгі жылдары тартылған су құбырларының ескіргені бар, қайта жөндейтін, жаңғыртатын тұстары бар. Бұл аз десеңіз, құлашын жайып бара жатқан қаланың жаңа шағын аудандарына да алдымен су керек. Әсіресе кейінгі уақытта шіріген құбырлар әлсін-әлсін жарылып, ыстық су атылып, тұрғындармен қоса тиісті мекемелерді әбігерге салып отыр.

Медицина • 02 Ақпан, 2023

Сирек кездесетін ауруларды анықтау мен емдеудің тәсілдері талқыланды

Алматыда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының пульмонология бөлімінің 60 жылдығына орай,  «Муковисцидозбен ауыратын науқастарды диагностикалау, емдеу мен оңалтудың заманауи аспектілері» тақырыбында шеберлік сағаты өтті деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 01 Ақпан, 2023

Азық-түлік одақтары отандық өндірушілер бағдарламасын қолдай ма?

Жуырда ел Үкіметі жергілікті нарықтағы заманауи әрі сапалы отандық өнімдерді жан-жақты қолдау үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге атқарылатын «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық бағдарламасының іске қосылатынын мәлімдеді. Бұл қолдаудың отандық азық-түлік өндірушілеріміз үшін маңызы зор. Отандық тауарлардың өтімділігін көздейтін «Қазақстанда жасалған» бірыңғай ақпараттық платформасын енгізу өз азық-түліктеріміздің кең сауда сөрелеріне жайғасып, көзге түсетін аумақты иеленуіне жағдай тудырып, өндірушілер мен сауда орындары арасындағы өзара әрекетіне бағытталған. Өкінішке қарай, жағдай әлі де керісінше.

Қоғам • 01 Ақпан, 2023

Маскүнемдік ұлтты аздырады

Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымы алкого­лизмді ауру деп таныған. Денесін арақ улағандарға бұл диагноз қойылғанға дейін ол абыройдан, жұмыстан, денсаулықтан, отбасы мен ағайын-туыстан айырылатынын жазып отырудың өзі артық.

Медицина • 30 Қаңтар, 2023

Күйзелгенге көмектесетін 3580 call-орталығы

Адамдар қиын жағдай­ларға тап болып торық­қанда түрлі қателікке ұрынып, тіпті өз өзіне қол салуға дейін бараты­нын, бірақ тікелей пси­хиа­триялық көмек көрсе­тетін медициналық мекемелерге қаралуға жұрт­тың қауесетінен қаймы­ғатынын айтып жатады. Ендігі жерде күйзеліске түскендерге қолұшын со­за­тын call-орталықтары бір айдан бері Алматы, Тараз және Семей қала­ларында жұмысын бас­тады.

Сұхбат • 26 Қаңтар, 2023

Жұмағали Исмаилов: Осы бюджет, осы жүйемен де талай мәселені шешуге болады

Өткен жылы Есеп комитеті 2019-2021 жыл аралығында жалпы денсаулық сақтау саласына бөлінген бюджет қаражатына аудит жүргізгенде, орасан ақшаның орынсыз жұмсалғанын анықтады. Таяуда Парламент Мәжілісінің Үкімет сағатында да денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражаттың тиімсіз жұмсалатыны сөз болды. Өзектілігін жоғалтпай отырған осынау мәселеге орай, «International Academy of Medicine&Sciences» ЖШС бас директоры, профессор, дәрігер-хирург Жұмағали Исмаиловпен сұхбаттастық. Өйткені бұл команда бірнеше жыл бұрын қарызға белшесінен батқан Алматы облыстық ауруханасын шетелдік инвесторлармен бірге басқаруға алған еді.